Дәулеткерейдің күйін ата

Ақтөбе қаласы • №53 орта мектебі

Музыка пәнінің мұғалімі: Сафина Лиза Куантаевна

Сабақ тақырыбы: Күй атасы – Құрманғазы

Бұл сабақ ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлының шығармалары арқылы оқушылардың рухани әлемін байытып, өнерге қызығушылығын арттыруға бағытталады. Сонымен қатар музыканы саналы қабылдауға, мәнерлі дыбыстау арқылы музыкалық дамудың ерекшеліктерін ажырата білуге үйретеді.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Көрнекілігі

  • Құрманғазының портреті
  • Мақал-мәтелдер
  • Психологиялық тренинг
  • Слайдтар

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Құрманғазы күйлері арқылы оқушыларды рухани байыту, шығармашылық ойлауын дамыту және музыканы саналы түрде қабылдауға үйрету.

Білімділік

«Күй атасы – Құрманғазы» тақырыбы бойынша толық әрі жүйелі мәлімет беру.

Дамытушылық

Тыңдау арқылы әуендік сезімталдықты арттыру; есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Өнерді құрметтеуге, өзін дұрыс ұстауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу

II. Психологиялық дайындық

Үлкендерге — сіз,

Кішілерге — біз.

Әдеппен бас иіп,

Сәлем бердік біз!

Үй тапсырмасын тексеру

  1. Аспаптық музыка дегеніміз не?
  2. Күй дегеніміз не?
  3. Күй нешеге бөлінеді?
  4. Қандай күйшілерді білеміз?
  5. Дәулеткерейдің бір күйін ата.

III. Жаңа сабақ

1) Психологиялық тренинг (сұрақ-жауап)

  • Музыка сабағында қандай жанрлармен танысамыз?
    Ән, күй, би, жыр.
  • Бұл жанрлар нені білдіреді?
    Өнерді.
  • Өнер туралы мақал-мәтелдер:

    Өнерлі бала — сүйкімді.

    Өнерліге — өріс кең.

  • Әнді, күйді, жырды, биді орындайтын адамдарды қалай атаймыз?
    Әнші, күйші, биші, жыршы.

2) Тыңдалым: «Аман бол, шешем, аман бол»

Құрманғазының анасына арнаған бұл шығармасы — арнау күйлердің жарқын үлгісі. Аңыз бойынша, Құрманғазы жолға шығар алдында домбырасын алып, қоштасу ретінде күй тартады. Күйдің алғашқы әуені-ақ «Аман бол, шешем, аман бол» деген сезімді жеткізгендіктен, жанындағы адамдар күйдің атауын сұрамай-ақ түсінеді.

Бүгінгі жаңа сабағымыздың өзегі — «Күй атасы – Құрманғазы».

Құрманғазы Сағырбайұлы туралы қысқаша мәлімет

Туған жері мен жылы
Батыс Қазақстан, 1818 жыл
Алғашқы ұстазы
Ұзақ күйші
Белгілі күйлері
  • Ақсақ құлан
  • Адай
  • Қайран шешем
  • Сарыарқа

Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болып, Ұзақ күйшіден тәлім алады. Есейген шағында домбырашылық, күйшілік шеберлігімен танылып, XIX ғасырдағы ең көрнекті композиторлардың біріне айналды. Ол өз дәуіріндегі қоғамдық-әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық-зомбылыққа қарсы үн қатқан тұлға ретінде де есте қалды. Құрманғазы 71 жасында дүниеден өтті.

Құрманғазының шәкірті

Құрманғазының шәкірті — Дина Нұрпейісқызы. Аңыз бойынша, Құрманғазы Динаға «Қайран шешем» күйін үйретіп отырған сәтте сырттан ат дүбірі естіледі. Тұтқынға алуға келгендер жақындағанда, ол домбырасын Динаның қолына ұстатып: «Мұрамды саған тапсырамын, халқыма жеткіз» дейді.

Жұмбақ

Ұзын мойын,

Екі ішек,

Қатар-қатар текпішек.

Басып көрсең бір-бірлеп,

Үн шығады күмбірлеп.

Жауабы: Домбыра

Домбыраның тәрбиелік-танымдық мәні

  • Домбыра еңбекқорлыққа үйретеді.
  • Домбыра шежірені білуге талап қояды.
  • Домбыра адамның ішкі жан дүниесін емдеп, көңілін көтереді, денсаулықты нығайтады.
  • Домбыра имандылыққа жетелейді.
  • Домбыра әдебиеттің дамуына ықпал етеді.
  • Домбыра ізденіске, жарысу мен талас мәдениетіне баулиды.

Ән үйрену: «Домбырасыз сән қайда»

Дауыс жаттығуы

До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до.

Сергіту сәті

«Буги-буги» ритмикалық ән-би

Әні

И. Нүсіпбаев

Сөзі

Х. Талғаров

Орындау

Алдымен тыңдау, кейін баян сүйемелімен айту

Автор туралы қысқаша

И. Нүсіпбаев — әуесқой композитор, қазақ балаларына эстетикалық тәрбие беруге көп еңбек сіңірген тұлға. Оның шәкірттерінің көбі кейін музыка саласын мамандыққа айналдырып, белгілі әнші, дирижер, композитор атанды. Композитор 150-ден астам балалар әнін жазған. Олардың тақырыптары — мектеп өмірі, еңбек, достық.

Балалар арасында кең тараған әндері: «Жомарт өлке», «Саяхат жыры», «Айналайын ақ мамам», «Май жыры», «Достық» және т.б.

Талқылау сұрақтары

  • Әннің дыбыс мәнерінен қандай көңіл күй сезіледі?
  • Ән не туралы?
  • Домбыра туралы қандай өлеңдерді білеміз?

Оқушылар домбыра туралы өлеңдерді мәнерлеп оқиды, жұмбақтар шешіледі, карточкамен тапсырмалар орындалады.

IV. Бекіту

Бүгін біз Құрманғазы Сағырбайұлымен таныстық. Енді Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдап, күй әсері арқылы сурет саламыз. Тыңдау барысында көз алдымызға жайлау, тау, қазақ ауылының көріністері елестеуі мүмкін.

Қорытынды сұрақ-жауап

  1. Бүгін сабақта қандай күйшінің өмірі мен шығармашылығын өттік?
  2. Құрманғазының қандай күйлерін білесіңдер?
  3. Қандай әнмен таныстық?
  4. Әннің авторларын атаңдар.
  5. Әнді домбырамен орындап көру.

Шығармашылық жұмыс

Оқушылар күй тыңдап отырып салған суреттерін таныстырып, қандай бейнелер елестегенін түсіндіреді.

V. Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.

VI. Үй тапсырмасы

  • Құрманғазы туралы толық мәлімет жазып келу.
  • «Домбырасыз сән қайда» әнін жаттап келу.