Сүйем мен табиғаттың ұлылығын, Сүйем мен табиғаттың қаталдығын

Мұқағали Мақатаев

Шыңның мен танымаймын аласасын,
Төбе де аласамен таласасың.
Тянь - Шаньның шашақтаулы найзасындай
Қайсың Хан тәңірімен жанасасың?
Шыңның мен ұнатамын биіктігін,
Шырқай кеп шыңырау көктен сүйіпті Күн.
Түндігін түртіп тұрған көк аспанның,
Қанеки, Хан тәңірінен иықты кім?!
Егерде құдірет болса, бөлшегіндей
(Алдында құдіреттің көр шегінбей.)
Шаншылып әнеу тұрған Хан тәңірі -
Шапшыған Тянь - Шаньның емшегіндей.
Күн де оның баурайында дөңгелеген,
Буалдыр, бозғыл шәйі перделеген.
Бойында Хантәңірінің бұғып жатқан,
Алапат аяныш бар жерге деген.
Тік тұр ол. Қырын қарап сай - салаға,
Күн көркі, Көк - мекені, Ай - шағала.
Қалғымай қанша жылды өткерді екен
Тәкаппар Тянь - Шаньдағы қайсар аға?
Таудың мен ұнатпаймын тапалдығын,
Тапалдан талайлар - ақ татар жұғын.
Сүйем мен табиғаттың ұлылығын,
Сүйем мен табиғаттың қаталдығын!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

XV-XVII ғ. өлшем бірліктері
Өлшем мәнді тұрақты сөз тіркестері
Төлеген Айбергеновтың өлеңдеріндегі жаңашылдық
М. ӘУЕЗОВ ПЬЕСАЛАРЫНДАҒЫ ӨМІР ШЫНДЫҒЫ
Қазақ тіліндегі халықтық өлшемдердің ерекшеліктерін анықтап, мән-мағынасын айқындап, танымдық тұрғыдан зерттей отырып, олардың ұлттық сипатын ашып, этностың ұлттық санасына, наным-сеніміне, тілдік табиғатына тереңірек үңіліп, жан-жақты зерттеу
Сапарғали Бегалин
Бастауыш сыныпта дүниетану пәнінде өлкетану материалдарын оқыту. Мектеп өлкетануының тарихы
Қазақтың тарихи метрологиясы
Қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы
Ақын арнауларындағы тұлғалар галлереясы
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері
Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі ретінде
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
Валюталық нарықтың және валюталық операциялардың ерекшеліктері мен дамуы
Тауарлық – материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру жолдары