Білгір биологтар Сабақтың мақсаты

Сыныптан тыс іс-шара • 6–10 сыныптар

«Білгір биологтар» сайыс-сабағы

Бұл сайыс оқушылардың биология пәніне қызығушылығын арттырып, логикалық ойлауын дамытуға және табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Білімділік мақсаты

  • Ой-өрісін және белсенділік қабілетін арттыру.
  • Танымдық қызығушылықты күшейту.
  • Логикалық сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру.

Дамытушылық мақсаты

  • Оқушылардың тілдік қорын дамыту.
  • Жарыс арқылы аңғарымпаздық қабілеттерін арттыру.
  • Ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік мақсаты

  • Тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке баулу.
  • Ұйымшылдық пен шапшаңдықты қалыптастыру.
  • Табиғатты аялауға, оған жанашырлық танытуға тәрбиелеу.

Сабақтың форматы

Түрі
Сайыс-сабақ
Көрнекілігі
Нақыл сөздер, суреттер, плакаттар

Ұйымдастыру кезеңі

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Білгір биологтар» атты сайыс-сабағымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысымыз екі топтан тұрады және бес кезең бойынша өтеді.

Қатысушы топтар

І топ

Жануарлар патшалығы

ІІ топ

Өсімдіктер патшалығы

Сайыс кезеңдері

  1. І кезең

    Бәйге

  2. ІІ кезең

    101 жұмбақ, 1001 мақал

  3. ІІІ кезең

    Ойлап тап

  4. IV кезең

    Сөз құрастыр

  5. V кезең

    Судың да сұрауы бар

І кезең: «Бәйге»

Формат: әр топқа сұрақ қойылады, жауап командамен беріледі.

1

Алғаш жасушаны көрген ғалым

Жауабы: Роберт Гук

2

Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі

Жауабы: Окуляр

3

Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі

Жауабы: Ядро

4

Ұрықтан дамитын тамыр

Жауабы: Негізгі тамыр

5

Микроскоптың жарық түсіретін бөлігі

Жауабы: Айна

6

Жасуша ішіндегі сұйықтықты реттеп отыратын бөлігі

Жауабы: Вакуоль

7

Өсімдіктің ұзарып өсуін қамтамасыз ететін ұлпа

Жауабы: Түзуші ұлпа

8

Негізгі тамыры өте жақсы жетілген тамыр жүйесі

Жауабы: Кіндік тамыр жүйесі

9

Өркенде бүршік пен жапырақ өсетін жуандау бөлігі

Жауабы: Буын

10

Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым

Жауабы: Микология

11

Ұша алмайтын құс

Жауабы: Пингвин