Пейіште болмайтын

Танжанова Майгүл, Абылғазинова

Тақырыбы: «Натурал сандар халық даналығында»

Мақсаты

  • Сандар ұғымына байланысты халық даналығын дәріптеу, сандардың қасиеті жайлы мәліметтерді көпшілік қажетіне жарату.
  • Қазақ халқының қасиетті сандарды ерекше тәрбие көзі ретінде қарастырғанын дәлелдеу.

Міндеттері

  • Натурал сандарға түсінік беру.
  • Әрбір киелі санның натурал сандар қатарындағы орнын көрсету.
  • Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру.

Натурал сандар дегеніміз не?

Нәрселерді санауда пайдаланылатын сандар натурал сандар деп аталады. Натурал сандар қатары 1 санынан басталады.

Қазақ халқының тұрмысында ерекше мәнге ие болып, жиі қолданылатын сандар аз емес. 3, 7, 9, 40 сандары салт-дәстүрден, ырым-тыйымдардан, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерден анық көрінеді. Киелі сандар жайлы деректерді оқып-үйрену арқылы сан мен оның мәнін тереңірек ұғынып, оны тәрбиелік-танымдық мақсатта қолдануға болады.

Киелі сандар және халық даналығы

1 саны туралы

Жалғыздық, бірлік, тұтастық ұғымымен сабақтас.

1

Алла жалғыз. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ.

2 саны туралы

Екілік, жұптық, салыстыру мен тепе-теңдікке ишара.

2

Күні-түні дем алмайтын екеу

  1. 1 Ай
  2. 2 Күн

Патшалық құрған екі мұсылман

  1. 1 Сүлеймен
  2. 2 Ескендір Зұлқарнайын

Патшалық құрған екі кәпір

  1. 1 Нәмруд (Налерут)
  2. 2 Шиддат

Пейіште көрінбейтін екеу

  1. 1 Күндіз
  2. 2 Түн

Пейіште болмайтын екеу

  1. 1 Ауру-сырқау
  2. 2 Ұйқы

Екі нәрсемен дос бол

  1. 1 Әйеліңмен
  2. 2 Бастығыңмен

3 санының байламдары

«Үш» ұғымы қазақ дүниетанымында жүйелеу мен түйіндеудің өлшемі ретінде жиі көрінеді.

3

Үш көз

  • Су анасы — бұлақ
  • Жол анасы — тұяқ
  • Сөз анасы — құлақ

Үш тоқтам

  • Ақыл — арқан
  • Ой — өріс
  • Адам — қазық

Үш қасиет

  • Өліде — аруақ
  • Малда — кие
  • Аста — кие (кепиет)

Үш талғам

  • Мейірім — сауап
  • Жақсылықтан — шарапат
  • Жамандықтан — кесепат

Үш жүз

  • Ұлы жүз
  • Орта жүз
  • Кіші жүз

Үш тәтті

  • Жан тәтті
  • Жар тәтті
  • Мал тәтті

Үш қуат

  • Ақыл
  • Жүрек
  • Тіл

Үш жұрт

  • Өз жұртың
  • Қайын жұртың
  • Нағашы жұртың

Үш із

  • Бала
  • Байлық
  • Бақыт — білім

Үш ғайып

  • Қонақ
  • Нәсіп
  • Ажал

Үш алыс

  • Жер мен көк
  • Жас пен кәрі
  • Жақсы мен жаманның арасы

Үш арсыз

  • Күлкі
  • Ұйқы
  • Тамақ

Үш байлық

  • Денсаулық
  • Ақ жаулық
  • Он саулық

Үш қазына

  • Жүрген із
  • Көне сөз
  • Ескі сөз

Үш мақсат

  • Саудагердің мақсаты — ұту
  • Жолдың мұраты — жету
  • Даудың мұраты — біту

Үш үміт

  • Жазылам деп науқас үмітті
  • Байимын деп кедей үмітті
  • Кетем деп қыз үмітті

Үш қадірлі

  • Ырыс
  • Бақ
  • Дәулет

Үш қадірсіз

  • Жастық
  • Денсаулық
  • Жақсы жар

Үш кемшілік

  • Атың шабан болса — жалғанның азабы.
  • Алғаның жаман болса — дүниенің тозағы.
  • Балаң жаман болса — көрінгеннің мазағы.

4 санының қадір-қасиеттері

Төрттік ұғымы кеңістік, уақыт және жүйе түсініктерімен астасады.

4

Төрт мүлік

  • Бас — сандық
  • Тіл — кілт
  • Қол — мүлік
  • Аяқ — табақ

Төрт халифа

  • Әбу Бәкір
  • Омар
  • Оспан
  • Әли

Төрт қылыш

  • Хәм-хам
  • Сәм-сам
  • Зұлпхар
  • Зұлқажа

Төрт періште

  • Жәбірейіл
  • Әзірейіл
  • Мәкейіл
  • Исрафил

Төрт кітап

  • Тәурат
  • Зәбур
  • Інжіл
  • Құран

Төрт пір

  • Жарлының пірі — Қалтақ ата
  • Ұрының пірі — Жалтақ ата
  • Шебердің пірі — Тепшен ата
  • Кәрінің пірі — Кекшіл ата

Төрт тұлға

  • От
  • Су
  • Жел
  • Жер

Төрт құбыла

  • Шығыс
  • Батыс
  • Оңтүстік
  • Солтүстік

Төрт маусым

  • Көктем
  • Жаз
  • Күз
  • Қыс

Төрт тоқсан

  • Қыс тоқсан
  • Жаз тоқсан
  • Шілде тоқсан
  • Күз тоқсан

Төрт бұрыш

Шын-Машын, Мысыр, Рим, Еуропа елдері.

Төрт түлік

  • Түйе пірі — Ойсылқара
  • Жылқы пірі — Қамбар ата
  • Сиыр пірі — Зеңгі баба
  • Қой мен ешкі пірі — Шопан ата, Шекшек ата