Реформаның алғышарттары

Сабақ жоспары

1867–1868 жылдардағы реформалардың әзірлену себептері мен Қазақстан қоғамына тигізген ықпалын түсіндіруге бағытталған құрылымды сабақ.

Диалог АКТ Сұрақ-жауап Ыстық орындық Ой толғау

Сабақтың мақсаты

Реформаны әзірлеудің түпкі мәнін ашу және 1867–1868 жж. реформалардың Қазақстан жеріне тигізген ықпалын түсіндіру.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар өздігінен жұмыс істеп, тарихи оқиғалар мен деректерді салыстырып, талдай алады.
  • Өз көзқарасын дәлелдеп, пікірталасқа қатысады.

Сабақтың міндеттері

  1. 1 Жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру: тірек сызба құру, жүйелі ойлауды дамыту, өз бетінше қорытынды жасау, құбылыстарды салыстырып айырмашылықтарын анықтау.
  2. 2 Қызығушылықты арттыру арқылы өздігінен жұмыс істеуге және шығармашылықпен айналысуға жағдай жасау, бағыт-бағдар беру.
  3. 3 Өз халқының тарихына құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Қажетті құралдар мен көрнекіліктер

АКТ Оқулық Қосымша мәліметтер Слайд Түрлі түсті қималар Бағалау парақшасы Маркер Ақ қағаздар Бағалау критерийлері

Сабақтың құрылымы

Психологиялық дайындық

3 минут

«Қар көшкіні»

Ұйымдастыру кезеңі: оқушылар сан таңдау арқылы топтарға бөлінеді.

Топ атаулары

  • Ауыл
  • Болыс
  • Уезд
  • Облыс

«Қар көшкіні» ойыны: әр оқушы өз есімінің алғашқы әрпіне сәйкес келетін бір сын есімді қосып айтады.

Білу

4 минут

«Ыстық орындық» «Бас қатырғыш»

«Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру.

Интерактивті тақтадағы сұрақтарға жауап беру («Бас қатырғыш»).

Топтық бағалау

Жауап беру сапасына қарай бағалау шкаласы қолданылады (5–2).

Жаңа сабаққа дайындық

1 минут

«Ой толғау»

Оқушылар «реформа» ұғымына сипаттама беріп, жаңа тақырыптың мазмұнын болжайды.

Түсіну және қолдану

7 минут

Топтық жұмыс

Облыс

Реформаның алғышарттары

Дайындық кезеңі.

Уезд

Реформаның мағынасы мен мәні

Негізгі ұғымдар мен мақсат-мүдде.

Болыс

Сот жүйесінің қайта құрылуы

Басқару мен құқықтық өзгерістер.

Ауыл

«Ереже» және реформаның орны

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызы.

Автор туралы

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №16 орта мектептің тарих пәні мұғалімі — Джангазиева Айнұр Тұрсынхановна.