Көбейтудің терімділік қасиеті
Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің терімділік қасиеті
Бұл сабақта оқушылар көбейтудің терімділік қасиетімен танысып, оны есеп шығаруда тиімді қолдануды үйренеді.
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Оқушыларды көбейтудің терімділік қасиетімен таныстыру, қасиетті есеп шығаруда қолдануға үйрету, математикаға қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық
Математикалық ойлау стилін қалыптастыру, логикалық ойлауды, белсенділікті арттыру; өзін-өзі бақылау және бағалау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Шапшаңдыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу; меңгерген математикалық білімді өмірде қолдануға бағыттау.
Күтілетін нәтиже
- Көбейтудің терімділік қасиетін түсінеді және тұжырымдай алады.
- Өрнектерді әртүрлі тәсілмен есептеп, нәтижесінің өзгермейтінін дәлелдейді.
- Қасиетті мәтінді есептерді шығаруда қолданады.
Әдістер, түрі, көрнекілігі
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, өзіндік жұмыс.
Сабақтың түрі
Жаңа білім беру сабағы.
Көрнекілігі
Электронды оқулық, суреттер мен сызбалар, слайдтар, А4 парағындағы тапсырмалар.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
- Назарды сабаққа аудару, психологиялық дайындық.
Психологиялық дайындық
Сәрсенбінің әр кезі, Сәттілікке толсын. Біздің алар бағамыз, Кілең «бестік» болсын!
Топқа бөлу
Оқушылар смайлик таңдап, артындағы цифрлар бойынша екі топқа бөлінеді:
- 1-топ: 1, 3, 5, 7 — тақ сандар.
- 2-топ: 2, 4, 6 — жұп сандар.
2) Үй тапсырмасын тексеру
54-бет, №5: фигуралардың қабырғаларын өлшеп, периметрі мен ауданын табу.
Тіктөртбұрыш ABCD
- AD, BC
- 6 см
- AB, CD
- 3 см
- Периметр
- P = (6 + 3) · 2 = 18 см
- Аудан
- S = 6 · 3 = 18 см²
Тіктөртбұрыш KLMN
- KL, LM
- 3 см
- MN, NK
- 3 см
- Периметр
- P = (3 + 3) · 2 = 12 см
- Аудан
- S = 3 · 3 = 9 см²
3) Білімді жан-жақты тексеру: математикалық диктант
Мұғалім сұрақ қояды: дұрыс болса — «иә», қате болса — «жоқ». Әр дұрыс жауапта тақтадағы жасырылған сөздің бір бөлігі ашылады.
1) 70 пен 1 сандарының көбейтіндісі 70-ке тең.
иә2) 30 бен 10 сандарының бөліндісі 1-ге тең.
жоқ3) 50 мен 0-дің көбейтіндісі 0-ге тең.
иә4) 100 бен 100-дің бөліндісі 0 болады.
жоқ5) 21 мен 1-дің бөліндісі 22 болады.
жоқ6) 320 мен 8 сандарының бөліндісі 40 болады.
иә7) 6 санын 100 есе арттырса 500 болады.
жоқ8) Азайғыш 470-ке, азайтқыш 70-ке тең болса, айырма 400 болады.
иә9) Тіктөртбұрыштың ені 4 см, ұзындығы 6 см. Ауданы 24 см².
иә10) 490 санында 4 жүздік, 9 ондық, 1 бірлік бар.
жоқАшылған сөз:
Т Е Р І М Д І Л І К
Осыдан кейін сабақтың тақырыбы анықталады: Көбейтудің терімділік қасиеті.
4) Сабақтың мақсатымен таныстыру
Бүгін біз көбейтудің терімділік қасиетімен танысып, оны есеп шығаруда қолдануды үйренеміз және білімге қызығушылығымызды арттырамыз.
5) Жаңа білімді игеру
Түсіндіру электронды оқулық арқылы жүргізіледі. Оқушылар талқылау нәтижесінде ережені өздері тұжырымдайды.
Есіңе сақта!
Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастырғанда, көбейтіндінің мәні өзгермейді. Бұл — көбейтудің терімділік қасиеті.
6) Түсінгенді тексеру: оқулықпен жұмыс
№2 тапсырма (сурет бойынша)
Әрқайсысы 6 кг-нан: 4 жәшік қызыл қызанақ және 4 жәшік қызғылт сары қызанақ. Барлығы қанша кг?
1-тәсіл
(6 · 4) · 2 = 24 · 2 = 48
2-тәсіл
6 · (4 · 2) = 6 · 8 = 48
Қорытынды: (a · b) · c = a · (b · c).
№3 тапсырма (жаттығу)
Үлгі бойынша терімділік қасиетін қолданып есептеу.
№4 тапсырма (мәтінді есептер)
а) Құтылар саны
3 сөренің әрқайсысында 8 қорап бар. Әр қорапта 6 құтыдан. Барлығы қанша құты?
1-тәсіл
(3 · 8) · 6 = 24 · 6 = 144
2-тәсіл
3 · (8 · 6) = 3 · 48 = 144
Жауабы: барлығы 144 құты.
ә) Терезелер саны
Үйде 3 подъезд бар. Әр подъезде 10 пәтерден, әр пәтерде 4 терезеден. Барлығы қанша терезе?
1-тәсіл
(3 · 10) · 4 = 30 · 4 = 120
2-тәсіл
3 · (10 · 4) = 3 · 40 = 120
Жауабы: үйде барлығы 120 терезе.
Берілген сандардан тура теңдіктер құрастыр
А4 парағымен екі топқа тапсырма таратылады: 1-топ — көбейту, 2-топ — бөлу.
Сергіту сәті: «Төрт суретке бір сөз айт»
Екі топқа А4 парағына дайындалған суреттер таратылады. Оқушылар ойласып, бір сөзбен жауап береді.
Логикалық ойлауға арналған тапсырма: №6
Жаңғақ бес жерге үйілді: 12, 21, 9, 30, 18. Үш ағайындыға жаңғақты бір-біріне алып-салмай қалай тең бөліп беруге болады?
Жауабы: I адамға — 12 және 18; II адамға — 21 және 9; III адамға — 30.
7) Сабақты қорытындылау
Есіңе сақта!
Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастырғанда, көбейтіндінің мәні өзгермейді. Бұл — көбейтудің терімділік қасиеті.
«ABCD» әдісі бойынша электронды оқулықтан тест тапсырмалары орындалады.
8) Үйге тапсырма
Оқулық
59-бет, №5 тапсырманы өз бетімен орындау.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен жауаптарының дәлдігіне қарай бағаланады, смайликтер арқылы мадақталады.
Автор туралы мәлімет
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Көкбұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Төлегенова Эльвира Мәтжанқызы.