Математикалық жұмбақтар

Ұйымдастырылған ашық сабақ-ойын: «Жас өрен» топтық жарысы (2-сынып)

Мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі — Ысқақ Шамсия

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектеп

Қолданылатын құралдар мен әдіс

  • Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар және т.б.
  • Әдіс-тәсіл: СТО технологиясының стратегиялары

Мақсаты

  • 1 Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастырып, математика пәніне қызығушылығын арттыру.
  • 2 Ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту, шығармашылық қабілетін шыңдау.
  • 3 Ұйымшылдыққа, татулыққа, шапшаңдыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды қарсы алып, топтарды орналастыру.

Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер! Бүгін онкүндіктің 8-күні аясында 2-сынып оқушылары арасында өткізілетін «Жас өрен» атты топтық жарысымызды бастаймыз.

Ойынға 2 топ қатысады:

  • I топ — Алғырлар
  • II топ — Тапқырлар

Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.

II. Негізгі бөлім — мағынаны тану

Жарыс кезеңдері

  1. I Таныстыру (аты, ұраны, мүшелері)
  2. II «Білгенге маржан» — киелі сандар
  3. III Математикалық жұмбақтар
  4. IV Санамақтар
  5. V «Ойлан, тап!» (шығармашылық тапсырмалар)
  6. VI «Кім жылдам?» (ескерткішке гүл шоғын қою тапсырмасы)
  7. VII «Кел, ойнайық!» (геометриялық фигуралардан машина құрастыру)

Әділқазылар алқасы

Ашық-жарқын жүзді әділқазыларымызды төрімізге шақырып, жарысымызға әділ баға беруді өтінеміз.

  • Бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі — Қалиева Жадыра
  • 4-сынып мұғалімі — Қалнияз Б.

I кезең — таныстыру

I топ — Алғырлар

Ұраны:
Оқу — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы.

II топ — Тапқырлар

Ұраны:
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.

II кезең — «Білгенге маржан» (киелі сандар)

Бәйге түйіп жарыспай, жүйріктік бағы жанар ма? Білім мен өнер жарысып, тәлім-тәрбие табар мән. Бұл — ойдың бәйгесі: кім жүйрік ойға, сол алда. Ендеше, осы уақытқа дейін алған білімімізді ортаға салайық.

Тапсырма: әр топқа топтастыру беріледі. Оқушылар киелі сандар туралы білгенін жеке-жеке айтып шығады.

  • 7 саны
  • 3 саны

III кезең — математикалық жұмбақтар

Көп білетін оқушы, бері келіңдер. Жұмбақтың тез жауабын дұрыс шешіп беріңдер.

Жұмбақ 1

12-ге жетіп, кері кетіп,
Әр жылдағы қалыпты.
Бұл не?

Жауабы: бір жылдағы күн саны — 365 немесе 366.

Жұмбақ 2

Жоқ өзінде бас та, қол да, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
Әр қайсының құны бар.

Көрермендерге жұмбақ

Басы жоқ, екі беті,
Жүз тісі бар.
Қақ бөлер бөренені —
Өз күші бар.

Үш көзді батыр,
Жолды аңдып жатыр.

IV кезең — санамақтар

Көрермендерге көңілді санамақ:

2 — екі Баласына ж2ріп, Ұрысып жатыр к2лік. 2леніп, с2лік Алып қапсың 2лік. 2нішілей 2ңді Көрсетпе деп ж2рді.

Сұрақ: көңілді санамақта қандай құс туралы айтылған?

V кезең — «Ойлан, тап!»

Шығармашылық тапсырмалар орындалады.

VI кезең — «Кім жылдам?» (гүл шоғын қою)

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында биыл Ұлы Жеңіске 65 жыл толатыны — тарихымыздағы маңызды күн екені атап өтілген. Біз де Жеңістің 65 жылдық мерейтойына өз үлесімізді қосайық: соғыста қаза тапқан аталарымызды құрметтеп, ескерткішке гүл қояйық.

Шарты

Гүлдегі өрнектердің нәтижесі 65-ке тең болатындай есептеп, дұрыс болған гүлді ескерткішке қояды.

VII кезең — «Кел, ойнайық!» (геометриялық құрастыру)

Тапсырма: геометриялық фигуралардан заттың пішінін (машина) құрастыру.

I топ

Фигуралардан машина құрастырады.

II топ

Фигуралардан машина құрастырады.

Қосымша тапсырма — көрермендерге

Математикалық жаңылтпаштар

  • Ұшып кетті 3 құс.
    Ұшып келді ұшқыш.
  • Жоғалды 5 шыбыш,
    Жоғалды еш сыбыс.
    Жоқ әлі еш сыбыс —
    Жоғалды 5 шыбыш.

Өтірік өлең

8-де қасқа атанып,
Қарызға алып шаш ектім.
90-да тауды қопарып,
Күшімді көкке паш еттім.

М. Әлімбаев

III. Ойтолғаныс

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.

Құрметті қонақтар! Бүгін 2-сынып оқушылары арасында өткен «Жас өрен» топтық жарысымыз өз мәресіне жетті. Бүгінгі білім — ертеңгі байлығымыз. Оқушыларымыздың білімі артып, дами берсін!

Қатысқандарыңызға көп-көп рақмет!

Әділқазы қорытындысы

Жарыс нәтижелері жарияланып, қатысушылар марапатталады.