Мемлекеттік құрылымы мен құрамы

Сабақ тақырыбы

Үндістан: мемлекеттік құрылымы мен құрамы, табиғат жағдайлары мен ресурстары.

Сабақ типі
Аралас сабақ
Сабақ түрі
Дәстүрлі сабақ
Пән аралық байланыс
Тарих, биология

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға Үндістан мемлекетінің құрылымы мен құрамын таныстыру; экономикалық-географиялық жағдайына тоқталып, шекараларына сипаттама беру; мемлекеттің қалыптасу тарихы мен геосаяси жағдайын, табиғатын және табиғи ресурстарын жүйелі түрде баяндау.

Дамытушылық

Бұрын алған білімдерін жетілдіру; ойлау дағдыларын дамыту; өз бетінше жұмыс істеу және іздену қабілеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік

Отанды сүюге баулу; қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілік қалыптастыру; экологиялық мәдениет пен тәрбие беру.

Сабақ әдістері

  • 1 Түсіндірмелі-көрнекілік әдіс
  • 2 Репродуктивтік әдіс
  • 3 Іздену әдісі
  • 4 Баяндау
  • 5 Ой қозғау стратегиясы (ассосация)
  • 6 Практикалық әдіс

Көрнекіліктер мен ресурстар

  • Дүниежүзілік саяси карта
  • Дүниежүзілік физикалық карта
  • Атлас
  • Кескін карта
  • Слайдтар
  • Кестелер
  • Интерактивті тақтадағы ассосация

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сабаққа дайындық, оқушылардың назарын шоғырландыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

§ 27. Ішкі айырмашылықтары және экономикалық аудандары.

III. Үй тапсырмасын қорытындылау

Іздену жұмысы және хабарлама қорғау.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Ой қозғау стратегиясы және ассосация әдістері арқылы жаңа материалды меңгерту.

Негізгі бөлім

§ 28. Үндістан: мемлекеттік құрылымы мен құрамы, табиғат жағдайлары мен ресурстары.

V. Жаңа сабақты бекіту

Салыстыру кестесімен жұмыс.

VI. Қорытындылау

Сабақ мазмұнын жинақтау және негізгі ұғымдарды бекіту.

VII. Үйге тапсырма

  • § 28 оқу
  • Картаға түсіру
  • Хабарлама жазу

VIII. Оқушылардың білімін бағалау

Оқушылардың сабақ барысындағы белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.