Тәрбиеші сөзі
Шағын орталықпен қоштасу ертеңгілігі
Бұл кеш — балалардың бір жыл бойы жинаған білімін, өнерін және ортақ достық мәдениетін ата-аналарға көрсетуге арналған жылы жүздесу.
І. Әнұран
Әнұран орындалады. Балалар орындарынан тұрып, бірге айтады.
ІІ. Тәрбиеші сөзі
Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар және балалар! Бүгінгі шағын орталықпен қоштасу ертеңгілігін ашық деп жариялаймын. Ең қасиетті жеміс — білім. Ендеше, жыл бойы алған білімімізді және шағын концерттік нөмірлерімізді тамашалауға шақырамыз.
Бір шаңырақ астында,
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Ортақ болып ісіміз,
Еңбек десе тынбаймыз.
Үлкен сыйлап кішіміз,
Аға ақылын тыңдаймыз.
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік — асыл мұрамыз!
Енді балалар өздері жаттаған тақпақтарын орындайды.
Тақпақтар
Хормен
Шағын орталық есігін,
Төртке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді орталық.
Айкерім
Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып, билеткен.
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен, суретпен —
Тәрбиеші мұғалім.
Айым
Доспен тату ойнауды,
Мерекені тойлауды.
Бойымызға сіңірген,
Көптің қамын ойлауды —
Тәрбиеші мұғалім.
Мұхамед
Шашымды да тарадым,
Айнаға да қарадым.
Ерте тұрдым ұйқымнан,
Мен мектепке барамын.
Ақбота
Таудай биік талабым,
Суретті де саламын.
Әзір менің дәптерім,
Қарындаш пен қаламым.
Ойрат
Көңілдіміз, күлеміз.
Ертегіні білеміз.
Шағын орталық — біздің үйіміз,
Тату-тәтті жүреміз.
Нарина
Баулып апа, ағамыз,
Құстай қанат қағамыз.
Жақсы болып өсуге,
Біз тырысып бағамыз.
Айдина
Мектебім менің байтағым,
Күліп-ойнап қайтамын.
Ән саламын, би билеп,
Тақпақты да айтамын.
Алина
Бұл — құшағы тым ыстық,
Мектебіміз бастапқы!
Мұнда жақын туыстық,
Мұнда тұңғыш дос таптық.
Серікжан
Бұл — екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз — осы үйдің гүліміз,
Біз — осы үйдің сәніміз.
Дильназ
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
Сертай
Ұл-қыз болып сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Біледі қазақ баласы:
«Сәлем — сөздің анасы».
Нурали
Анаң — күнің, жүрегің,
Әкең — өмір тірегің.
Сен — бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Шыңғысхан
Әжең — асыл ардағың,
Атаң — дана қорғаның.
Сен — бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Жанель
Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт-берекең — атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Жансая
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс,
Алғашқы ұстазымыз!
Қорытынды ой
Тақпақтар балалардың тәртіп, достық, отбасы құндылықтары және мектепке дайындық сияқты маңызды ұғымдарды қаншалықты меңгергенін айқын көрсетеді.
ІІІ. Ән
Айкерімнің орындауында «Ертегілер» әнін қабыл алыңыздар.
ІV. «Ертегілер еліне» саяхат
«Бауырсақ» ертегісі
Авторы: Айым
- Ата
- Серікжан
- Апа
- Жансая
- Бауырсақ
- Шыңғыс
- Қоян
- Алина
- Қасқыр
- Ойрат
- Аю
- Азамат
- Түлкі
- Дильназ
«Шалқан» ертегісі
- Шалқан
- Серікжан
- Ата
- Азамат
- Апа
- Ақбота
- Қыз
- Нарина
- Ит
- Сертай
- Мысық
- Айдина
- Тышқан
- Айкерім
V. Би және ән
«Агөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде,
Би билеймін дөңгелеп…»
Осыған орай, балалардың үйренген биін тамашалаңыздар: «Қара жорға».
«Ән — көңілдің ажары». Енді әнге кезек берейік: Айымның орындауында «Алтыным».
VІ. Қоштасу биі — вальс
Шағын орталықпен қоштасу вальсін тамашалаңыздар. Би жұптары:
Шыңғысхан — Айым
Азамат — Дильназ
Алишер — Жанель
Мұхамед — Алина
Ойрат — Ақбота
Нурали — Айкерім
Серікжан — Жансая
Сертай — Айдина
Алмас — Нарина
VІІ. Қорытынды бөлім
Ертеңгілік «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқталады.
Құттықтау сөздер және марапаттау
- Құттықтау сөздер: ата-аналар, директор, оқу ісі меңгерушісі, мұғалімдер.
- Балаларды дипломдармен және алғыс хаттармен марапаттау.
Қорытынды сөз
Осымен бүгінгі шағын орталықпен қоштасу ертеңгілігіміз аяқталды. Барлықтарыңызға көп-көп рақмет!