Ашық сөзі ауыспалы мағынасында қолданылып тұрған сөйлем
Көпнұсқалы тест тапсырмалары Фонетика
Фонетика
Тіл дыбыстары
Қазақ тіліндегі дыбыстар саны
37 (а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ү, ұ, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ы, і, э.)
Қазақ тіліндегі әріп саны
42 (а, ә, б, в, г, ғ, д, е, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ү, ұ, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я)
Дауысты дыбыстар
12 (а, ә, е, э, о, ө, ү, ұ, ы, і, и, у)
Тіліміздегі дауыссыз дыбыстар
26 (б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ)
Дауысты дыбыстар
Тілдің қатысына қарай жуан дауысты дыбыстар
а, о, ұ, у, ы
Тілдің қатысына қарай жіңішке дауысты дыбыстар
ә, е, э, ө, ү, і, у
Жақтың (иектің) қатысына қарай дауысты дыбыстар
Ашық – а, ә, е, о, ө
Қысаң – и, у, ұ, ү, ы, і
Еріннің қатысына қарай дауыстылар (еріндік)
о, ө, у, ұ, ү
Езудің қатысына қарай дауыстылар (езулік)
а, ә, е, и, э, ы, і
Дауыссыз дыбыстар
Үнді дауыссыз дыбыстар
й, л, м, н, ң, у, р.
Ұяң дауыссыз дыбыстар
б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
Қатаң дауыссыздар
к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ш, щ, ц
Әріп
көреміз және жазамыз
дыбыс таңбасы
Алфавит әліпби
әріптердің белгілі тәртіппен тізілуі
әріптердің белгілі бір ретпен тізілген жинағы.
Буын
дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі.
сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.
Ашық буын
Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буын.
Ашық буын (мысал)
Аға, бала, ағеке, шеше, қара, ана, әке.
Тұйық буын
Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буын.
Тұйық буын(мысал)
өрт, ант, ақ, ән, ар.
Бітеу буын
Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған буын.
Бітеу буын (мысал)
Бақ, бұлт, зор, көл, таң, мен.
Жуан буынды сөз
Қару, қаршыға, қарт.
Жіңішке буынды сөз
Есік, өмір, үлкен, көлік.
Тасымал
Сөздің жолға сыймаған бөлігін екінші жолға бөліп жазу.
Тасымалданбайтын сөздер
Бір буынды сөздер (ат, кел, қарт).
Жеке бір әріпті келесі жолға немесе жолдың соңына қалдыруға болмайды (ата, әже, аю, сия, қия).
Қысқартылған кісі есімі фамилиясынан ажыратылып жазылмайды (М. Әуезов).
Қысқартылып алынған өлшем атаулары өздері де, алдындағы санынан
бөлініп те алынбайды (км, г, см, 25кг, 10км).
Бас әріптері және бас әріп пен сөздің басқы буыны арқылы қысқарған
сөздер (ТМД, ҚазМҰУ, АлМҰУ).
Екпін
Сөз құрамындағы буындардың біреуі басқаларына қарағанда айқынырақ ажыратылып, көтеріңкі айтылуы.
Интонация Дауыс ырғағы
Сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені.
Сөздердің мағыналық топтарын, оқшау сөздерді айырым үнмен, сөйлемдерді тиісті әуенмен, олардың құрамындағы сөздердің бірін көтеріңкі, бірін бәсең дауыспен айту.
Дауыс екпінінің біресе жоғарылап, біресе бәсеңдеп айтылуы, дауыс ырғағы.
Үндестік заңы
Буын үндестігі дегеніміз
Сөз бен қосымша құрамындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуі.
Буын үндестігі (мысал)
Ауылдағыларға, үйдегілерге, балалық.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:
көмектес септігінің жалғауы. (адаммен, қонақпен, сенімен)
– нікі, (- дікі, - тікі), - тай, - тал, - дар, - еке (баланікі, әкетай, діндар, ағаеке, өсімтал).
3) бей -, би -, - кер, - гер, - қор, - паз, - қой, - кеш, - хана, - кес (бейшара, бинарлық, жұмыскер, балгер, жемқор, әсемпаз, сәнқой, арбакеш, емхана, зиянкес).
– ов, - ова, - ев, - ева, - ин, - ина - ларға аяқталған сөздер(Әуезов, Алтыбаев,
Жұмағазина, Сейфуллин).
соңғы буынында ә, я дыбыстары бар сөздерде және х дыбысына аяқталатын сөздерге қосымша жуан түрде жалғанады (кінәлау,
күмәндану, поляктар, полярлық, тарихқа, цехта)
соңғы буында ю дыбысы бар сөздерге рк, рг, кт, ск, нк, лк, нг, нк сияқты дыбыстар тіркесіне және жіңішкелік белгіге (ь) аяқталған
сөздерге қосымша жіңішке түрде жалғанады. (полюске, парашютті, хирургке, Томскіден, пунттен, ансамбльден, рульді, бинокльден)
Дыбыс үндестігі
Сөз бен қосымша жігінде немесе сөз бен сөздің аралығындағы дауыссыз дыбыстардың бірін - бірі өзіне ұқсата әсер етуі.
Ілгерінді ықпал
Көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуі.
Ілгерінді ықпал (мысал)
Балалар, күздік, отпен, ғарышқа(айтылуда да, жазылуда да), Қонысбек, Тынысбек, алып бер - жазылуда, ал айтылуда - Қоныспек, Тыныспек, алып пер
Кейінді ықпал
Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуі.
Кейінді ықпал (мысал)
Күрегі, добы (айтылуда да жазылуда да), құрылысшы, жұмысшы - жазылуда. Ал айтылуда: құрылышшы, жұмышшы
Тоғыспалы ықпал
Сөз бен қосымша жігінде, біріккен сөздер құрамында қатар тұрған дыбыстардың бір – біріне әсер етуінен екі дыбыстың да өзгеріске ұшырап, басқа дыбысқа ауысуы.
Тоғыспалы ықпал (мысал)
Досжан, Жанқожа - жазылуда, айтылуда - Дощан, Жаңғожа.
Орфография
сөздердің дұрыс жазылу ережелерінің жиынтығы.
Сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже.
Орфоэпия
Сөздердің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы.
Ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл
нормасының жиынтығы.
Лексикология
Лексика (сөздік қор мен сөздік құрам)
белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы
белгілі бір тілдегі сөз байлығы
Диалект сөздер
Белгілі бір жердегі (аймақ, облыс, аудан) тұоғындардың сөйлеу тілінде ғана кездесетін сөздер.
Диалект сөздер (мысал)
Оттық, сіріңке, сым, дәукен, нән.
Кәсіби сөздер
Жұрттың бәріне бірдей түсінікті бола бермейтін, белгілі бір кәсіппен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын сөздер.
Кәсіби сөздер (мысал)
Шербек (үлкен ара), атауыз (шеге суырғыш), жүйек (көкөніс, жемістер отырғызылған арықшалар), ақаба (судың лай түрі).
Термин сөздер
Ғылым, техника, өндіріс және т. б саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер.
Термин сөздер (мысал)
Квадрат, егемен, жарғы, нарық, төлқұжат, глобус, антоним, материк.
Жаңа сөздер (неологизмдер)
Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер
Жаңа сөздер (мысал)
Тәлімгер, егемендік, ұшақ, жарлық, компьютер, маркетинг.
Көнерген сөздер
Қолданыстан шығып қалып, тарихи шығармаларда ғана кездесетін, мағынасы көмескі айтылатын сөздер.
Архаизмдер
Халықтың тұрмыс – тіршілігіне, салт – сана, әдет – ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескірген сөздер.
Архаизмдер (мысал)
Торқа, биқасап, сауын айту, ұрын бару, шидем, күпі, кебеже
Тарихи
Қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген сөздер
Тарихи сөздер (мысал)
Ояз, болыс, шабарман, ұя (партия ұясы), уәзір.
Кірме сөздер
Шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер
Басқа тілден енген сөздер.
Кірме сөздер (мысал)
Тарих, әдебиет, мәдениет, тәрбие - араб - парсы тілінен;
Аймақ, жарлық, нөкер, ұлыс - моңғол тілінен;
Кереует, бөтелке, бәтеңке, сөмке - орыс тілінен;
Сөз мағынасы
Сөздің тура мағынасы
1) Сөздің заттар мен құбылыстардың және олардың негізгі белгілерінің бейнесімен тікелей байланысты лексикалық мағынасы
2) Сөздің затты, не құбылысты атап білдіретін мағынасы
3) Әр заттың өзіне ғана тән жеке мағынасы
Қара сөзі тура мағынасында қолданылып тұрған сөйлем
1) Шахтерлер қара көмірді тау қылып үиіп тастапты.
2) Көзімнің қарасы, көңілімнің санасы.
3) Қара түнді қақ жарып, бір машина келеді.
4) Қара тақтаға ақ бормен жазған әдемі көрінеді.
5) Қара домалақ балалардың көбейгені жақсы.
Сөздің ауыспалы мағынасы
1) Бір заттың негізгі атауыш мағынасын екінші бір затқа атау
етіп ауыст
рып қолданылғанда берілетін мағына.
2) Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір заттың, не құбылыстың атауы мен аталуының негізінде жасалған мағынасы.
Ашық сөзі ауыспалы мағынасында қолданылып тұрған сөйлем.
а) Ашық ауыздық ешкімге жақсылық әкелмейді.
ә) Айгүл – мінезі ашық, сыпайы қыз.
б) Кеше мекемеде ашық жиналыс болды.
в) Аудандық газетте мектеп бітірушілердің ашық хаты жарияланды.
Сөздің көпмағыналығы
а) Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы.
ә) Әр түрлі мағынасы бар жеке сөз.
Сөздің көпмағыналығы (мысал)
Түбір, кілт, төркін, көз, бет, түп, құлақ.
Синоним сөздер
а) Мағыналары бір - біріне жақын
ә) Мағыналары өзара мәндес
б) Дыбысталуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір - біріне жақын
в) Айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір - біріне жақын
г) Жазылуы бөлек, өзара мағыналас
Синоним (мысал)
а) салмақты, сабырлы, байыпты, байсалды
ә) маңай, төңірек, айнала.
б) келбет, көрік, шырай
в) әдемі, сұлу, келбетті, шырайлы
Антоним сөздер
а) Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы
ә) Бір - біріне қарсы мағынада айтылатын
б) Бір - біріне мағыналары қарама - қарсы
Антоним (мысал)
а) кең - тар
ә) ақ - қара
б) жарық - қараңғы
в) үлкен - кіші
г) ыстық - суық
Омоним сөздер
а) Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр түрлі
ә) Дыбысталуы бірдей, мағыналық байланыс жоқ
б) Дыбысталуы жағынан бірдей, мағыналары әр басқа
в) Бірдей дыбысталып, түрлі мағына білдіретін
Омоним сөздер
Көш, жаз, қас, алма, бөлме, қос
Табу
а) Мифтік ескі аным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер
ә) Наным – сенімге байланысты кейбір заттардың аттарын басқаша атаудан туындаған сөздер
Табу (мысал)
Қайынаға, қайыніні, д. с туысқандық атаулар, ауру түрлеріне байланысты (қорасан – шешек, жаман ауру – қылтамақ - рак), азулы аңдардан (қасқыр - ұлыма), табиғаттың түсініксіз құбылыстарынан қорыққаннан (найзағай - жасыл).
Эвфемизм
а) Бір нәрсенің, құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу естілсе, орнына қолданылатын сыпайы, жағымды сөздер.
ә) Кейбір заттың, не құбылыстың атын айту қолайсыздау болған жағдайда орнына қолданылатын сыпайы сөздер.
Эвфемизм (мысал)
Мылжың – сөзуарлау, өтірік айту - қосып айту, ұрлық жасама - ала жібін аттамау.
Дисфемизм
а) Ауызекі сөйлеу тілінде әдепті сөздерді алмастырып, орнына дөрекі сөздерді қолдану
ә) Әдеби тілге жат, тек ауызекі сөйлеу тілінде жақсы ұғымды сөздерді нашар ұғымды сөздерге алмастыру
Дисфемизм (мысал)
Боқмұрын, қырт
Тұрақты тіркес
а) Құрамын өзгертіп айтуға болмайтын сөздер тіркесі
ә) Құрамындағы сөздердің жеке дара лексикалық мағыналары емес, тек тұтас күйіндегі мағыналары түсінілетін сөздер тіркесі
б) Екі немесе біреше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағына беретін сөз тіркесі.
Тұрақты тіркес (мысал)
Төбе шашы тік тұру, үмітін үзу, жүрек жұту.
Идиомалық тіркес
Сөздердің байланысы берік болып, олардың тұтас топ болып тұрғандағы мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына қатысты болмай, мүлде бөтен мағынаны білдіреді.
Идиомалық тіркес (мысал)
Қой аузынан шөп алмайтын, салы суға кетіп отыр, тісін қайрап жүр.
Фразалық тіркес
Тұрақты тіркестерінің бірқатарының мағынасы оларға қатысып тұрған сөздердің бірі болмаса, бірінің лексикалық мағынасымен байланысты болады.
Фразалық тіркес (мысал)
Таяқ жеу, жаны ашу, үрейін ұшыру.
Еркін тіркес
Құрамындағы сөздердің орнын алмастырып қолдану әрқайсысының дербес лексикалық мағынасымен байланысты болады.
Еркін тіркес (мысал)
Жақсы кісі, жақсы әдет, жақсы ниет
Мақал
а) Аз сөзбен көп мағына беру жолы
ә) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні
Мақал (мысал)
Кең болсаң, кем болмайсың.
Бидайдың кеудесін көтергені — дақылы жоқтығы,
Жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы.
Мәтел
Ой - пікірдің бейнелі, әрі тұспалдап айтылуы.
Мәтел (мысал)
Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.
Жақсы адамға жау жоқ.
Көпнұсқалы тест тапсырмалары Фонетика. жүктеу
Тура және ауыспалы мағыналы сөздер
Мақал-мәтелдердің зерттелуі және құрылымдық сипаты, басқа тілдерге аударылуы
Қазақ тіліндегі сөз мағынасының даму ерекшеліктері
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің өзіндік грамматикалық ерекшеліктерін олардың семантикалық құрылымы арқылы зерттеу, мәнмәтіндік өзіндік грамматикалық ерекшеліктерін сипаттау
М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ СИПАТЫ
Лингвистикалық парадигмадағы омонимдердің орны
Қазіргі қазақ тіліндегі қатысымдық тұлғалар
Қазақ мақал - мәтелдерінің табиғаты
Қазақ тілінің семантикасы: лексикалық, грамматикалық мағыналар
Қашықтықтан оқыту
Қаламгерлік көсемсөзі
АТАЛАР СӨЗІ – АҚЫЛДЫҢ КӨЗІ
Ғашықтар күні
Лепті сөйлем
Бастауыш сыныпта сөйлемді оқыту жолдары
Ашық валюталық позиция лимиттері
Директордың осы сөзі
Сөзі - монолог түрінде
Қазақ жұртын бірсыпыра көтеріп, берекелендіріп тұрған осы қой деген мал