Көркейтіп елін қазақтың, Көрсетпей өмір азабын

Тақырыбы

Елін сүйген Елбасы

Мақсаты

  1. Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев туралы мағлұмат беру.
  2. Елбасының өмірі мен еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімді арттыру.
  3. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Слайдтар
  • Шарлар
  • Н. Ә. Назарбаевтың қанатты сөздері

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Әңгімелеу
  • Сұрақ-жауап

Барысы

Іс-шара ұйымдастыру кезеңінен басталып, Мемлекеттік Гимн орындалады, одан кейін негізгі бөлімде оқушылардың тақпақтары мен сұрақ-жауап арқылы тақырып тереңдетіледі.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Гимнің тұр көгіңде шырқалып.

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.)

ІІ. Негізгі бөлім

Слайд арқылы таныстыру. Балаларға сұрақ: «Елбасымыз бен рәміздеріміз туралы қандай тақпақтар білесіңдер?»

Оқушылардың тақпақтары

Алинұр
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады.
Орындалып арманы,
Халқымыз да ажарлы.
Осының бәрі, әрине,
Елбасының арқасы.
Елизавета
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
София
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Тлеуберген Әлихан
Елбасымыз Нұр аға,
Салғызған Алтынорда.
Көркейтіп елін қазақтың,
Көрсетпей өмір азабын.
Айзере
Қазақ елі — Қазақстан,
Болашаққа үн қосқан.
Жақсы күнге жетелеп,
Елбасым менің — Нұрсұлтан.
Мейіржан
Көк аспандай көкпеңбек —
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Айсұлтан
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Ерсайын
Жасай бер, Қазағым!
Жасай бер, Елбасым!

Сұрақ-жауап

«Жарайсыңдар, балалар! Енді сұрақтарға жауап беріп көрейік.»

  1. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
  2. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
  3. Н. Ә. Назарбаев қай қалада тұрады?

Ойын

«Қазақстанды гүлдендір» Патриоттық тәрбие Рәміздерді тану

Ойын арқылы балалардың елге деген сүйіспеншілігін күшейтіп, Қазақстанның рәміздерін құрметтеу мен белсенді қатысу дағдыларын дамыту көзделеді.