Бастауыш сынып мұғалімі Елмуратова Гаухар ДарьябаевнаСауат ашу 1 сыныпСабақ тақырыбы

Сауат ашу • 1-сынып

Бастауыш сынып мұғалімі: Елмуратова Гаухар Дарьябаевна

Сабақ тақырыбы

Өө дыбысы мен әрпі

Блум таксономиясы бойынша мақсаттар жүйесі

Білу

Өө дыбысы мен әрпін танып білу, баспа және жазба түрлерін ажырата білу.

Түсіну

Ө дыбысының дауысты дыбыс екенін және буын құрайтынын түсіну.

Қолдану

Өө әрпін жазуды үйрену, оның жазба түрін танып білу.

Талдау

Сөз ішінен ө дыбысын тауып, орнын анықтай алу; дыбыстық талдау жасау.

Жинақтау

«Тез ойла, сөз ойла» ойыны арқылы білімді бекіту, ойды жинақтау.

Бағалау

Кері байланыс ұйымдастыру; сыныптастарын және топтық жұмысты бағалау.

Күтілетін нәтижелер

  • Өө дыбысы мен әрпін танып біледі, баспа және жазба түрлерін ажырата алады.
  • Ө дыбысының дауысты дыбыс екенін және буын құрайтынын түсінеді.
  • Өө әрпін жазуды меңгереді, оның жазба түрін таниды.
  • Сөз ішінен ө дыбысын тауып, оның орнын анықтай алады; дыбыстық талдау жасайды.
  • «Тез ойла, сөз ойла» ойыны арқылы білімін бекітіп, ойын жинақтайды.
  • Кері байланыс береді, сыныптастарын бағалайды және топтық бағалауға қатысады.

Белсенді сабақ беру тәсілдері және жұмыс түрлері

Ұйымдастыру және дайындық

  • Тренинг
  • Сабаққа дайындық

Ой қозғау және зерттеу

  • «Өрмекші» әдісі
  • Миға шабуыл
  • «Менің үйім қайсы?» ойыны

Негізгі жұмыс

  • Оқулықпен жұмыс
  • Дыбыстық талдау жұмысы
  • Топтық жұмыс
  • Венн диаграммасы

Қимыл-қозғалыс және сергіту

  • Сергіту сәті

Бекіту

  • «Тез ойла, сөз ойла» ойыны

Кері байланыс және бағалау

  • «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс
  • Сыныптастарын бағалау
  • Топтық бағалау