Тілдер мерекесіне арналған интеллектуалдық ойын сабағы
Интеллектуалдық ойын-сабақ: «Миллион кімге бұйырады?»
Өтетін орын Кадет корпусы
Сабақтың түрі Интеллектуалдық ойын-сабақ
Сабақтың мақсаты
Жаңа заман талабына сай қоғамдық өмірге еніп отырған әртүрлі жаңалықтарды талқылай отырып, оқу бағдарламасындағы күрделі тақырыптардың аясын кеңейту; тыңдаушылардың ойлау қабілетін дамыту; шапшаңдыққа, тез шешім қабылдауға және бірізділікке тәрбиелеу; сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктер
- Сигналды жетондар
- Проектор және слайдтар
- Ойынға қатысты музыка
Ұйымдастыру кезеңі: мұғалімнің кіріспе сөзі
Сәлеметсіздер ме, қадірлі тыңдаушылар және сабағымыздың қонақтары! Бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер!
Жалпы сұрақ-жауап
1) Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Жауап: төрт.
2) Қазір қай жыл мезгілі?
Жауап: күз.
3) Күзде қандай мерекелерді атап өтеміз?
Жауап: Білім күні, Тілдер күні, Отбасы күні, Мұғалімдер күні, Қарттар күні, Қасиетті Құрбан айт.
Тіл туралы қысқаша мазмұн
Қыркүйек айында елімізде Қазақстан халықтарының Тілдер күні аталып өтеді. Тіл — адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен пікір алмасып, өзара түсініседі және оны қатынас құралы ретінде пайдаланады. Әр адам өз ойын өзгеға тіл арқылы жеткізеді, ал басқа біреудің ойын тіл арқылы ұғынады.
Тіл — халықтың жаны, сәні, тұтас кескін-келбеті мен болмысы. Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына тікелей байланысты.
«Жан көріністерінің ең қымбаты — ой, ой тілі — сөз. Тіл — адам жанының тілмашы. Тілі кем болса, адамның қор болғаны...»
1989 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы қабылданды. Ол 1997 жылы қайта өңделіп, жаңа редакцияда жарияланды. Заңның 4-бабында: «Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» деп көрсетілген.
Бүгінде мемлекеттік тіліміздің мәртебесі күннен күнге артып келеді. Мемлекеттік тілдің беделін көтеру мақсатында бүгінгі сабағымызды осы мерекеге арнаймыз.
Ойын форматы: «Миллион кімге бұйырады?»
Қонақтар
- Қайрмденова А. Е. — Тілдерді оқыту орталығының директоры
- Махметова Ж. Қ. — Тілдерді оқыту орталығының әдіскері
- Маширова А. Қ. — Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы
- Мадиева А. К. — Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы
- Қайырбекова А. Ж. — Кадет корпусының мемлекеттік тілді дамыту қызметінің бастығы
Ойыншылар және демеуші
Бүгінгі ойыншылар — ІІІ-9, жоғары деңгей тыңдаушылары. Баршаңызға сәттілік тілейміз: қайсысыңыздың туы желбірейтінін ойынымыз анықтайды.
Бүгінгі ойынымыздың бас демеушісі — Қазақстан Халық банкі.
1-раунд: «Қас қағым сәтте»
Бұл кезеңде барша тыңдаушыға бір жалпы сұрақ қойылады. Кім бірінші болып дұрыс жауап берсе, сол ойынға бірінші қатысады. Мұнда біліммен қатар жылдамдық та маңызды: жауабы дайын ойыншы қолындағы жетонын көтереді.
Жалпы сұрақ
Мектепте қойылатын бағаларды төменнен жоғарыға қарай ретімен орналастырыңыз:
- A) жақсы
- B) өте жақсы
- C) қанағаттанарлықсыз
- D) қанағаттанарлық
Дұрыс жауабы: C, D, A, B.
Бірінші жауап берген ойыншы қошеметпен ортаға шақырылады. Залда отырған досы тілек айтып, ойын шарты түсіндіріледі.
- Ойын 15 сұрақтан тұрады.
- Екі жеңілдік бар: зал көмегі және досыңнан көмек.
- Кез келген сұрақта ойынды тоқтатып, ұтып алған соманы алуға болады.
І айналым: 15 сұрақ (үзінді)
Төменде алғашқы 10 сұрақ берілген (әр сұрақтың өз құны бар).
1-сұрақ
10 000Қазақ тілінде неше септік бар?
- A) бес
- B) алты
- C) жеті
- D) сегіз
2-сұрақ
20 000Ертеде жіп иіруге қандай құрал пайдаланылған?
- A) пышақ
- B) ұршық
- C) қайшы
- D) қамшы
3-сұрақ
30 000Апалы-сіңліден туған балалар бір-біріне кім болады?
- A) бөле
- B) жиен
- C) немере
- D) бажа
4-сұрақ
40 000Той жүргізушісін қалай атайды?
- A) күйші
- B) жаршы
- C) асаба
- D) әнші
5-сұрақ
50 000Ежелгі Рим мифологиясында Нептун ненің құдайы саналған?
- A) ағаштың
- B) таудың
- C) теңіздің
- D) оттың
6-сұрақ
60 000Қалыңдықтың бас киімі қалай аталады?
- A) сәукеле
- B) тымақ
- C) тақия
- D) бөрік
7-сұрақ
70 000Қазақ балаларына арнап алғаш мектеп ашқан кім?
- A) Ы. Алтынсарин
- B) М. Жұмабаев
- C) А. Құнанбаев
- D) Ш. Уәлиханов
8-сұрақ
80 000Жапондардың «каратэ» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
- A) ақымақ бас
- B) бос қол
- C) талтақ аяқ
- D) қалқан құлақ
9-сұрақ
100 000Аңыз-ертегілердегі қанатты атты қалай атайды?
- A) құрақ
- B) шырақ
- C) құлақ
- D) пырақ
10-сұрақ
150 000Алматы қаласында қай кинотеатр жоқ?
- A) Алатау
- B) Алматы
- C) Арман
- D) Сарыарқа
Автор туралы дерек
Өңір Ақмола облысы, Бурабай ауданы
Мекеме Тілдерді оқыту орталығы
Оқытушы Абленова Нұргүл Мырзаболатқызы