Елбасымыз кім
Павлодар облысы, Ақсу ауданы, Үштерек орта мектебі
«Шағын орталық» тәрбиешісі: Авиты Женекүл
Тақырып
Менің елім — Қазақстан
Мақсаты
Балаларды отансүйгіштікке баулу, туған жерін және елін сүюге тәрбиелеу, еліне деген патриоттық сезімін ояту. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін бекіту және құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер / Көрнекіліктер
- Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап
- Тақпақтар, сергіту сәті
- Рәміздердің суреттері, демонстрациялық материалдар
І. Кіріспе бөлім
Мотивациялық кезең
Шаттық шеңбері
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, достар!
Қайырлы таң, қонақтар!
Жыл мезгілі туралы әңгіме
- 1 Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- 2 Қыста ауа райы қандай болады?
- 3 Қыс туралы кім тақпақ біледі?
- 4 Қыс мезгілінде қандай мерекелер болады?
Тәрбиешінің түсіндіруі
Қыста ауа райы суық әрі аязды болады. Дала мен айнала ақ көрпеге оранғандай аппақ болып көрінеді.
ІІ. Негізгі бөлім
Ұйымдастыру кезеңі
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы — «Менің елім — Қазақстан».
Сұрақ-жауап
- Балалар, сендер қай ауылда тұрасыңдар?
- Біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында тұрамыз.
- «Отан» дегенді қалай түсінесіңдер?
Отан туралы өлең
Отан — менің ата-анам,
Отан — досым, бауырым.
Отан — өлкем, Астанам,
Отан — туған ауылым.
Отан — тарих, Отан — тіл,
Жасаған елім, өз халқым.
Отан — өлең, Отан — жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Түйін
Өлең жолдарында Отан қандай жақсы сөздермен сипатталғанын байқадық: Отан — ата-ана, туған жер, туған ауыл, ел мен тарих. Сондықтан Отанды жоғары бағалап, қадірлей білуіміз керек. Біздің Отанымыз — Қазақстан Республикасы.
Елбасы
Елбасымыз — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Мемлекеттік рәміздер
Ту
Елдіктің айқын белгісі.
Елтаңба
Бірліктің, шаңырақтың нышаны.
Әнұран
Рух пен бірлікке шақырады.
Балалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін атайық: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Рәміздер туралы тақпақтар
1
Елтаңбасы елімнің
Ортасында шаңырақ.
Мемлекеттік туымда
Күн шығып тұр жарқырап.
2
Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы — бірлікте.
3
Қазақстан — елім менің,
Қазақстан — жерім менің.
Саған арнап айтылады
Әнім менің.
4
Он алтыншы желтоқсан —
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн.
Дидактикалық ойындар
«Өз түсіңді тап»
Балаларға үш түрлі түс ұсынылады. Музыка ойнағанда балалар араласып билейді, ал музыка тоқтағанда әрқайсысы өз түсін тауып, сол жерде тоқтап тұрады.
«Ойлан, тап»
Балалар үш топқа бөлінеді. Әр топқа бөлек үстелде тапсырмалар беріледі, тәрбиеші дұрыс орындалуын қадағалайды.
Сергіту сәті
Ұзын мұртты құмырсқа
Жолға шықты жұмысқа.
Қойдым допты жолына,
Алды допты қолына.
Оңға қарады,
Солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.
Қимыл-қозғалыс арқылы балалардың белсенділігі артып, назар қайта шоғырланады.
Қорытынды
Нені үйрендік?
«Менің елім — Қазақстан» тақырыбы аясында еліміз туралы әңгімелеп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен таныстық және оларды құрметтеудің маңызын түсіндік.
Ойын: «Жылы сөздер»
Балалар бір-біріне жылы сөздер айтып, күннің шуағын бейнелейтін бөліктерді жапсырады. Бұл тапсырма мейірімділік пен достықты нығайтады.
Бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма? Барлығың өте жақсы қатыстыңдар.
Қоштасу
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық.