Достық тобына
Математика — көңілді тапқырлар!
Бұл материал — топтық сайысқа арналған ойлы тапсырмалар жинағы: арнау сөздер, тіл өнері, есептер, жұмбақтар және жылдам сұрақтар. Мақсаты — логиканы, шапшаңдықты және командалық жұмысты дамыту.
Ой түйін: XXI ғасыр — мәдениеттің, ғылымның және ақыл-ой бәсекесінің ғасыры. Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман. (Н.Ә. Назарбаев)
Арнау сөздер
«Болашақ» тобына
Адалдық — борыш ар үшін,
Елдің мынау қамы үшін,
«Болашақ», үлес қосқайсың —
Болашақ елдің таңы үшін.
«Білім» тобына
Әрбір тілде адамдарды таң қылып,
Сөйлей білу — ақылдыға заңдылық.
Болсаң да «Білім» — біздің еркеміз,
Жұлдызы бол өз халқыңның мәңгілік.
«Достық» тобына
«Достық» — біздің ақылымыз,
Болғын бізге шамшырақ.
Әлемге сен атыңды
Жарқырат, «Достық», жарқырат!
«Бәйге» — тіл өнері сайысы
Жылдам есептер
Сұраққа дәл әрі тез жауап беріңіз.
Отбасында қанша адам бар?
Үйде әжем, атам, әкем, анам, бір әпкем, екі ағам, бір інім, бір қарындасым және мен.
Аулада 7 үйрек. Қорада 20 үйрек. Бір үйрек тығылды, бір үйрек жығылды.
Ұсталғаны неше үйрек?
Табақта 8 өрік, қолымда 5 өрік, қалтада 10 өрік.
Барлығын қосқанда неше өрік болады?
«Жеті жұмбақ» — ұпайлық тапсырмалар
20 ұпай
- 2-ге қосқанда 50 шығатын санды ата.
- 3-ке 9 қосқанда шығатын санды ата.
30 ұпай
- Х × 5 = 25. Х нешеге тең?
-
Тал басында тізіліп, он жапырақ тұр еді.
Жел соғып үзіліп, ұшып кетті біреуі.
Ізінше үзіліп түсті тағы бесеуі.
Әлі де ілініп тұрған жапырақ саны қанша?
40 ұпай
- Екі қыз екі сағат теннис ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?
- Бір килограмм ет 2 сағат қайнайды. 5 кг ет неше сағат қайнайды?
- 1 м-де неше см бар?
- 1 м-де неше дм бар?
- 80 минут = ? сағат
- 90 минут = ? сағат
- 100 минут = ? сағат
- 10, 2, 3, 5, 20 сандары және +, − таңбаларын пайдаланып, мәні 50-ге тең болатын өрнек құрастыр.
«Дода» — білім мен тапқырлық
Сары
- Бір өркешті түйе қалай аталады?
- Жұмыртқа баспайтын құс?
- Абай қай жерде туды?
- 5 мақал айт.
Жасыл
- Роза Рымбаева кім?
- Жұмадан кейін қай күн?
- Қазақстанның қалаларын ата.
- Алға қаласының өзені қалай аталады?
Көк
- Ең үлкен екі таңбалы санды ата.
- Тік төртбұрыш деген не?
- Т. Әубәкіров кім?
- Екі нөлмен аяқталатын санды ата.
Қосымша бөлімдер
Санамақ
Қатысушылар кезекпен санамақ айтып, шапшаңдық пен тіл тазалығын көрсетеді.
Жұмбақ сайысы
Логикалық ойлау мен тапқырлықты сынайтын қысқа әрі нұсқа жұмбақтар кезеңі.