Бастауыш апайларым жас жадымда
Кештің көркемдік желісі
Фон ретінде нәзік музыка қойылып, слайдтар көрсетіледі. Кештің шырайын ашатын фанфардан кейін оқушылар сахнаға шығып, ұстаздарға арналған арнау өлеңдерін оқиды.
Бірінші бөлім
- Фон. Музыка (слайд қосу).
- Фанфары. Оқушылар сахнаға шығып, арнау өлеңдер оқиды.
Ұстаздарға арнау
Әр пәннің өз әлемі бар. Сол әлемге жол ашқан ұстаздардың еңбегі — шәкірт жүрегіндегі мәңгілік із.
Бастауыш
Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда,
Күнім болып көріндің аспанымда.
Білім болып егілдің жас жаныма,
Гүлің болып төгілдің асқарыма.
Біз дегенде ұмытып бала қамын,
Қас қағымға қасыңнан тастадың ба?
Бастауыш апайларым — жас жадымда!
География
Сізбен бірге біз бар әлемді қиялменен шарлаймыз,
Тест орындап, зерттеу жасап, сабақтан қалмаймыз.
Сіз кіргенде дәу картаны қолға алып есіктен,
«География апай келді!» — деп біз жайнаймыз.
Ағылшын тілі
Үш тіл білген — орасан зор талабы,
Әрқашанда ашық-жарқын қабағы.
Ұстаз берген әрбір сабақ, әрбір бағы
Мәңгі, мәңгі есімде қалады.
Күнделіктен сабақ кестесін қараймын,
Ағылшын көрсем, нешінші деп санаймын.
Тіл үйреткен апайымды көрейін деп,
Мектепке де асығып, тез барамын.
«Good morning, teacher» — деп бастаймыз әр сабақты,
Кейде қырағы қабағын да аңғарамыз салмақты.
Ұстаз, сізге алғысымыз — шын жүректен әрқашан,
Өзіңізді табамыз біз түскі ауысым арасы-ақты.
Химия
Бар ғұмырын химияға арнаған,
Ол білмейтін бір де элемент қалмаған.
Ұстаз, сізге үлкен алғыс —
Химияны ойға тоқып, үйретуден талмаған.
Химия (қосымша арнау)
Баян апай — мектепте орны бөлек,
Шәкірттеріңіз сүйеді сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әрқашан аман болып жүрсін дер ек.
Биология
Ген, РНҚ, ДНҚ деп тіл қатқан,
Дүние деген тұрады екен шешілмеген жұмбақтан.
«Сен әкеңе ұқсапсың, балам-ау», — деп біздерге
Биологиядан үн қатқан ұстазға мың мақтан!
Физика
Дүниемен танысуға талай көмек бергенін,
Физиканы ең маңызды пәннің бірі дер едім.
Оны үйреткен аяулы апайлар,
Сіздер барда физикадан сусындап жүрегім.
Математика
Қосып, алып, бөліп тағы көбейткен,
Шаршы ауданын тауып, санды теңейткен.
Ұстаздарға мың алғыс —
Есептеуді бізге талмай үйреткен!
Орыс тілі
Жас ұрпаққа жалынды сөз маржанын дарытқан,
Алдындағы баламен тіл арқылы табысқан.
Орыс тілін меңгертіп, үйретуді жөн көрген,
Ұстаздарымыз әрқашан ұрпаққа жаңа өң берген!
Қазақ тілі
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілім.
Осы тілдің ұқтырған терең сырын,
Ұстаздарым біздерге дарытқан бар білім.
Сынып жетекші
Ұстазым — екінші анам, аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Жетекші апай, сізге ерекше көп алғыс,
Таңертең күнде құшақ жая қарсы алған.
Әр адамға құрметпен қарай білген,
Өз бойынан мол ізгілік тарай білген.
Талап пенен тәртіпті ту еткен сіздей,
Гүлсінай апай, қайдан табылар теңің?
Көркем нөмір
Домбырамен арнау айтылады.
Негізгі бөлім
Жүргізушілер
1-жүргізуші: Армысыздар, бұл кештің қонақтары! Халқымның әрқашан да қонақ-бағы!