Ертегі бөлшектерін қолданылған саяхат сабақ
Математика • 2-сынып
Сабақ тақырыбы: «Есе артық, есе кем»
Бұл сабақ саяхат түрінде ұйымдастырылып, оқушылардың есептеу машықтарын жетілдіруге және «есе артық», «есе кем» ұғымдарын логикалық тұрғыдан түсінуге бағытталады.
Сабақ мақсаты
- Оқушылардың ой-өрісін дамыту, есептеу машықтарын жетілдіру.
- «Есе артық», «есе кем» тақырыбын түсіндіру арқылы логикалық ойлауды қалыптастыру.
- Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
- Отанды қастерлеуге баулу.
Сабақ әдісі
Ертегі бөлшектерін қолданатын саяхат-сабақ.
Қажетті көрнекілік
- Құстар мен аңдардың суреттері
- Театр қуыршағы
- Плакаттар
- Музыкалық телефон
- Глобус
Сабақ жоспары
- 1Ұйымдастыру кезеңі.
- 2Үй тапсырмасын сұрау.
- 3Ребус шешу.
- 4Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- 5Жаттығу жұмысы.
- 6Сергіту сәті.
- 7Сабақты қорытындылау (ертегі арқылы).
- 8Үй тапсырмасын беру.
- 9Оқушылардың білімін бағалау.
Ұйымдастыру және үй тапсырмасын тексеру
Сабақ басында оқушылардың назарын жаңа жұмысқа бағыттаймыз. Үй тапсырмасы тест әдісі арқылы тексеріледі.
Тест сұрақтары
- 1.Математика пәнінде неше амал бар?
- 2.Көбейтудің компоненттерін атаңдар.
- 3.Бөлудің компоненттерін атаңдар.
- 4.Қосудың компоненттерін атаңдар.
- 5.Азайтудың компоненттерін атаңдар.
- 6.Көбейту мен бөлудегі 1 санының қасиетін айтыңдар.
- 7.Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін түсіндіріңдер.
Ертегі желісі: тышқанның тапсырмасы
Балалар, бүгінгі сабағымызға қонаққа тышқан келді. Тышқан — өте қу аң. Біз оның қулығын қай ертегіден білеміз? «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінен.
Тышқан өзімен бірге қоржын алып келіпті. Қоржынында сендерге арналған тапсырма бар екен — ребус шешу. Бұл ребуста бүгінгі жаңа тақырыптың атауы жасырылған. Егер ребусты дұрыс шешсек, тышқан бізді хайуанаттар бағына саяхатқа бастап апарады.
Ребус
16 8 2 4 3 8 12 0, 4 10 0 6 0 0
Тапсырма шарты
Көрсетілген сандардың орнына көбейтіндісі сол санға тең болатын сандар орналасқан. Бағана мен жолдың қиылысуында тұрған әріпті жазу керек.
Мысал
16 саны — 4 пен 4-тің көбейтіндісі. Демек, 4 пен 4 қиылысқан ұяшықтағы әріп жазылады (мысалы, ол жерде «е» әрпі тұр). Тапсырманы осы үлгімен орындаймыз.
Нәтижесінде ашылатын тақырып: «Есе артық, есе кем».