Сөз тұлғасы

ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы

Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Шакербекова Дариға Амантайқызы

7-сынып Бекіту сабағы Сұрақ–жауап Талдау Шығармашылық Ізденушілік

Тақырыбы

Есімшенің сөйлемдегі қызметі

Мақсаты

1) Білімдік

«Есімшенің сөйлемдегі қызметі» тақырыбын бекіту; оқушылардың синтаксистік талдау дағдыларын жетілдіру.

2) Дамытушылық

Ойлау дағдысын, сөйлеу мәдениетін және шығармашылық жұмысты дамыту.

3) Тәрбиелік

Білімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың форматы

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ–жауап
  • Талдау
  • Шығармашылық жұмыс
  • Ізденушілік жұмыс

Ұйымдастыру

  • Жұмыс түрі: топтық және ұжымдық
  • Технологиялар: СТО стратегиялары, дамыта оқыту
  • Көрнекіліктер: слайдтар, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

1-слайд

Күнге қолды созамын,

Күн жылуын аламын.

Күн жылуын алған соң,

Жүрегіме басамын.

Осы жылулықпен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

2) Үй тапсырмасын тексеру

2-слайд

176-жаттығу

Есімшені жұрнақтарына қарай ажыратып, қалай түрленіп тұрғанын және сөйлемде қай мүше қызметін атқарып тұрғанын анықтаңдар.

3) Өткен тақырыпты пысықтау

3-слайд

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді. Келтірілген мысалдар арқылы есімшенің сөйлемдегі қызметін анықтау ережесі қайталанады.

1-сөйлем

Баланың қытығына тиетіні — осы жері.

2-сөйлем

Жұмыскерлерге барақтар салынған.

3-сөйлем

Ол көп сөйлегенді ұнатпайды.

4-сөйлем

Айтқанның аузы жаман, көргеннің көзі жаман.

5-сөйлем

Осыны сезген сайын Абай тоқтаусыз жыр тереді.

4) Сабақ бойынша жұмыс: морфологиялық диктант

4-слайд

–ып/–іп/–п — қандай жұрнақтар?

Жауабы: көсемше жұрнақтары.

Есімшелер атау септігінде тұрса, сөйлемде қандай мүше болады?

Жауабы: бастауыш.

Есімшелер ілік септігінде тұрса, қандай сөйлем мүшесі бола алады?

Жауабы: анықтауыш.

Іздегенді, көргенді есімшелері қай септікте тұр?

Жауабы: табыс септік.

Есімшелер барыс/табыс/жатыс септіктерінде тұрса, сөйлемде қандай мүше болады?

Жауабы: толықтауыш.

5) Оқулықпен жұмыс

5–6-слайд 175-жаттығу

Мақал-мәтелдердегі есімшелердің есімдерше түрленген тұлғаларына талдау жасаңдар.

1-топ

  • Тойдың болғанынан боладысы қызық.
  • Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.

2-топ

  • Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер.
  • Өзен жағалағанның өзегі талмас.

3-топ

  • Кедейлік жаны тәтті жалқауға үйір, еңбек ете білмейтін аңқауға үйір.
  • Еңбексіз ел кезгенің — ар-ұяттан безгенің.

6) Талдау жұмысы

7–8-слайд

1-топ

Өсетін елдің қарты қазына болар,

Өспейтін елдің қарты қазымыр болар.

2-топ

Айтысқан ауыл болмас,

Болыспаған бауыр болмас.

3-топ

Көп жасағаннан сұрама,

Көп көргеннен сұра.

7) Сергіту сәті

Қысқа сергіту жаттығулары орындалады.

8) Өздік жұмыс

9-слайд

1-тапсырма

Төмендегі етістіктерден әр түрлі есімшелер жасаңдар да, түрлендіріп қолданыңдар.

Үлгі: жаз — жазған, жазатын, жазар, жазбақ.

1-топ

күл, көмектес, кел

2-топ

айт, сөйле, ізде

3-топ

көр, түсін, оқы

2-тапсырма

Бір сөзге сатылай кешенді талдау жасаңыздар.

  • Сөз:________________
  • Сөз тұлғасы:________________
  • Сөз құрамы:________________
  • Жасалу формасы:________________
  • Сөз табы:________________
  • Сұрағы:________________

9) Сабақты бекіту: семантикалық картамен жұмыс

10-слайд
Мысалдар Бастауыш Баяндауыш Толықтауыш Анықтауыш
Тойдың болғанынан боладысы қызық.
Оның аты байланбайтын.
Көшкен ауылды іздеп табалық.
Сен білгеніңді үйрет.

Ескерту: кестені оқушылар есімшенің сөйлем мүшесі ретіндегі қызметіне қарай толтырады.

10) Үйге тапсырма

11-слайд
  • 178-жаттығу: есімшелерді тауып, қандай қызметте және қандай тұлғада жұмсалғанын көрсетіңдер.
  • Тақырып бойынша ережені қайталау.
  • Абай өлеңдерінен есімшелері бар шумақтарды теріп жазу.

11) Сабақты бағалау

Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушылардың білімі бағаланады.