Біріккен сөз

Қазақ тілі • 4-сынып • Жаңа сабақ

Бұл сабақ жоспары оқушыларды біріккен сөз ұғымымен таныстыруға, оны тәжірибе арқылы меңгертуге және тілдік қорын байытуға бағытталған.

Сабақ мақсаты

  • Біріккен сөз туралы түсінік қалыптастыру және жаттығулар орындау.

Дамытушылығы

  • Ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелілігі

  • Топпен жұмыс істеуге үйрету, адамгершілік құндылықтарды сіңіру.

Сабақтың түрі мен әдістері

Сабақ типі

Жаңа сабақ

Сабақ әдісі

Түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

  • Кестелер, геометриялық фигуралар
  • Тірек сызбалар, суреттер, слайд

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару, түгендеу.
  • Психологиялық дайындық.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тексеру түрлері

  • Ережені сұрау.
  • Жаттығу жұмысын оқыту.
  • Сұрақ-жауап.

Қайталау сұрақтары

  1. Сөз дегеніміз не?
  2. Мағынасы қарама-қарсы сөздер туралы не білеміз?
  3. Күрделі сөз дегеніміз не?

Сөз мағынасының түрлеріне мысалдар

Мағынасы жуық

бет, жүз

Қарама-қарсы

жоғары – төмен, жақсы – жаман

Дыбысталуы бірдей

ас (тамақ), ас (аспанға қатысты емес)

Ескерту: «аспан, көк, әуе» — мағынасы жуық сөздер.

Жаңа материалды түсіндіру: «Фигураны тап» ойыны

Мұғалім тақтаға геометриялық атауларды жазады: шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш, кесінді. Оқушылар осы тізімнен күрделі сөздерді анықтайды: төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш.

Қорытынды сұрақ

Бұл сөздер қалай жасалған?

Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған.

Негізгі түсінік

Екі түбірдің бірігуінен жасалған күрделі сөздің бір түрі біріккен сөз деп аталады.

Маңызды ереже: біріккен сөздер үнемі бірге жазылады.

III. Жаңа сабақ бойынша жұмыс: «Сөзстан» ертегісі

Ертеде Күрделі сөз деген ақсақал болыпты. Оның үш ұлы болыпты: біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз. Бүгін біз бірінші ұлы — біріккен сөзбен танысамыз.

Анықтама

Біріккен сөз екі түбірдің бірігуінен жасалады және әрдайым бірге жазылады.

Тақырыпты бекіту: жаттығулар

Кітаппен жұмыс: 8-жаттығу

Гүл күлтелеріндегі түбірлерден біріккен сөздер құрау (жалқы есім, жалпы есім).

Айнабұлақ Нұрдәулет Бақдәулет Жандәулет Есдәулет Сасықкөл Алакөл

Тақтамен жұмыс: 9-жаттығу

Сөздерді оқып, көшіріп жазу:

аққу бұзаубас Ақмарал шаңсорғыш балмұздақ егеуқұйрық Жетіқарақшы

Ереже

Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөздер біріккен сөздер деп аталады. Олар бірігіп жазылады.

Мысалдар: алабота, балқарағай.

Өз бетімен жұмыс: 10-жаттығу

Мәтінді жатқа жазу:

«Кемпірқосақ»

Күн күркіреп, себелеп,
Жаңбыр жауып басылды.
Көкжиекке керемет
Кемпірқосақ асылды.

Дәптермен жұмыс: 11-жаттығу

Сөздермен сөйлем құрау: аққұтан, шекара, еңбекақы.

  1. Аққұтан көл жағасында мекендейді.
  2. Ағам шекараны күзетеді.
  3. Менің анам ай сайын еңбекақысын алады.

Ойын: сөздерді сәйкестендіру

Түбірлерді қосып, біріккен сөз жасаңыз:

мүйіз + тұмсық

суық + торғай

көл + бақа

алты + бақан

жеті + қарақшы

бір + қазан

ақ + қу

Топпен жұмыс: 12-жаттығу

Біріккен сөздерді тақырып бойынша топтастырыңыз.

I топ — Аңдар

  • ақбөкен
  • қарақұйрық
  • жолбарыс

II топ — Құстар

  • аққұтан
  • аққу
  • бұлбұл
  • бірқазан
  • күркетауық
  • кептер
  • бозторғай

III топ — Өсімдіктер

  • қазтабан
  • алабота
  • саңырауқұлақ
  • итмұрын
  • таңқурай
  • жолжелкен

Жер-су аттары

  • Ақтөбе
  • Ақтау
  • Сарытоғай
  • Сарыарқа
  • Көкшетау

Қызығушылықты ояту: ат құрастыру

Берілген түбірлерден кісі есімдерін құрастырып көріңіз:

1-топ (Гүл + ...)

  • Гүлжан
  • Гүлжайна
  • Гүлбақыт
  • Гүлмаржан
  • Гүлмейірім

2-топ (Күн + ...)

  • Күнсұлу
  • Күнбағыс
  • Күнтізбе

3-топ (Ай + ...)

  • Айгүл
  • Айжан
  • Айсұлу
  • Айболат
  • Аймұрат
  • Айсәуле
  • Айфара
  • Айсара

Қорытынды ереже

  • Екі түбірден жасалған сөз біріккен сөз деп аталады.
  • Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.
  • Мысалдар: Ақмарал, денсаулық, Айнабұлақ, Қаратау, Алатау.

Қосымша тапсырмалар

Сұрақ

Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?

Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

Сурет бойынша жұмыс

Сурет бойынша әңгіме құрастыру (13-жаттығу — ауызша).

Тақырып: «Хайуанаттар бағына саяхат».

V. Қорытынды

  • Бүгін біз не үйрендік?
  • Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған есімдер сыныбыңда бар ма?

VI. Үй тапсырмасы

Оқулық: 96–97-бет
14-жаттығу

VII. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және топтық жұмыстағы белсенділігі бойынша бағаланады.

Автор туралы

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі — Әлдешова Фарида Бақтығалиқызы.

Толық нұсқасын жүктеу (сілтеме мәтінге енгізілмеген).