Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері

Сабақ №1 Пән: Информатика Сабақ түрі: аралас

Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері

Компьютермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау — денсаулықты қорғаудың және техниканы дұрыс пайдаланудың негізгі шарты. Бұл сабақта жұмыс орнын ұйымдастыру, құрылғылармен қауіпсіз әрекет ету және ақау туындаған жағдайда дұрыс шешім қабылдау жолдары қарастырылады.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Тақырыпты меңгерту арқылы оқушылардың білімін толықтыру және қауіпсіз жұмыс дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Іскерлікке, дәлдікке, жауапкершілікке және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушының қызығушылығын арттырып, сабаққа ынтасын және қабілетін дамыту.

Ұйымдастыру және оқыту

Әдістер
  • Сөздік
  • Көрнекі
  • Практикалық
Көрнекіліктер
  • Компьютерлер
  • Таратпа материалдар
  • Тест сұрақтары және қосымша материалдар
Оқыту формалары
  • Жеке
  • Топтық
  • Ұжымдық
Сабақтың барысы
  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Өткен материалды сұрау
  3. Бағалау
  4. Жаңа сабақ
  5. Бекіту
  6. Үй тапсырмасы
  7. Қорытынды

Қоңырау соғылып, сабақ басталғаннан кейін оқушыларды ұйымдастырып, жұмыс тәртібін еске салудан бастаймыз.

Жаңа материал: компьютер сыныбындағы қауіпсіздік

Жұмыс орнында компьютердің негізгі құрамдас бөліктері орналасады: жүйелік блок, пернетақта, монитор. Монитордың ішкі құрылғылары жоғары кернеуде жұмыс істейтіндіктен, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет.

I

Тыйым салынатын әрекеттер

  • Кабельдердің қосылған орындарына қол тигізуге болмайды.
  • Құрылғы қосулы тұрғанда экранға, монитордың артқы бөлігіне және пернетақтаның сыртқы бөлігіне тимеңдер.
  • Оқытушының рұқсатынсыз аппаратураны ток көзіне қосуға немесе ажыратуға болмайды.
  • Кітап, дәптер және артық заттарды монитордың не пернетақтаның үстіне қоймаңдар.
  • Сулы киіммен немесе дымқыл қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады.
II

Жұмыс тәртібі

  • Монитордан 60–70 см қашықтықта дұрыс отырып жұмыс істеңдер: еңкеймеңдер, жатып алмаңдар. Үнемі көзілдірік тағатындар көзілдірікпен отыруы тиіс.
  • Дисплей алдында 20 минут жұмыс жасағаннан кейін міндетті түрде 5 минут демалыс жасаңдар.
III

Жұмыс кезінде

  • Құрылғылардың дұрыс жұмысын бақылаңдар. Ақау байқалса, бөтен дыбыс шықса немесе пернетақта өздігінен өшсе — жұмысты дереу тоқтатып, оқытушыға хабарлаңдар.
  • Пернелерді қатты тақылдатпай, жай басыңдар.
  • Пернетақтамен жұмыс істегенде қолдарың таза болсын.
  • Құрылғы ақауын ешқашан өз бетіңмен жөндеуге тырыспаңдар.

Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғыдан тұрады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы — монитор, жүйелік блок және пернетақта, себебі компьютер бұл құрылғыларсыз жұмыс істей алмайды.

Бекіту, бағалау және қорытынды

Бекіту

Оқушыларға жаңа тақырып бойынша бірнеше сұрақ қойылып, негізгі қауіпсіздік ережелері қайталанады.

Үй тапсырмасы

Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін оқу және есте сақтау.

Қорытынды

Жаңа материал пысықталып, оқушылардың меңгерген білімі талданады және бағаланады.