Тағдырлас құрбыларым

Мұқағали Мақатаев

Сағым боп аққан сан жылдар,
Сарпаңға мені салдыңдар.
Тағдырлас маған, тағдырлар,
Қай жаққа кетіп қалдыңдар?
Сайрандап күнде келеті
Саялы баққа бара бар;
Сан етін ойып беретін,
Қай жақта жүрсің, ағалар?
Қанаттыға қақтырмай,
Қамқоршым едің жем берер.
Айдында жүзген аққудай,
Қайдасың, қайран жеңгелер?
Сотқар боп мені есірген,
Қолымнан тізгін тартпадың.
Сақалына орап өсірген,
Қай жерде жүрсің, қарттарым?
Мендегі қызық тағдырға,
Жастарын сүртіп қараған.
Қай жаққа кетіп қалдындар,
Бір анам емес, бар Анам?
Көп жылдар өтті, көп күндер.
Халімді сұрамай бәрің,
Қай жаққа ауып кеттіндер,
Тауымның құралайлары?
Жаныма жайғасыңдар,
Жан сала шыңғырамын:
О, қайда, қайдасыңдар!
Тағдырлас құрбыларым?

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

А.Байтұрсынов мұраларының ғылыми педагоги- калық негіздері
Ойындар үйретуде балалардың жан-жақты қабілеттерінің даму барысын зерттеу
Жастардың сөйлеу мәдениеті
Алаштың ардақты тұлғасы
Эмпатиялық қабілеттіліктерді өзіндік бағалау
Ахмет аудармашы
Аналитикалық эссе - М. Әуезовтың Абай жолы роман-эпопеясы
Ахмет Байтұрсынов мысалдарының тәрбиелік мәні
Ахмет байтұрсынов – оқымысты, аса дарын иесі, аудармашы
Тоқыма өнерінің маңызы
Жүр даланы еңбекпен дүбірлетіпақ білегін сыбанған құрбыларым - Міне менің елімнің аруларыкөмейінен төгетін бұлбұл әнін