Ата салтымызды қадірлеп кейінгі ұрпаққа жеткізу
Мақсаты
- Ата салтымызды қадірлеп, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу.
- «Ғажайып алаң» ойыны арқылы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты еске түсіріп, берілген тапсырмаларды орындау арқылы мәреге жету.
- Тапқырлыққа, сыпайылыққа, әдептілікке және білімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- • Дайындалған тапсырмалар
- • Магнитті тақта
- • Ұлыстың ұлы күні туралы нақыл сөздер
- • Гүлдер, суреттер
- • Ұлттық ойын элементтері
Жоспары
Іс-шара 4 кезеңнен тұрады:
-
1-кезең
Жылу бер, Наурыз төріме!
-
2-кезең
Ата салтым — алтын қазынам! Көрермендер көзайымы.
-
3-кезең
Талпынған жетер мұратқа!
-
4-кезең
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар! Жеңімпазды марапаттау.
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Наурыз — ежелгі мереке. Бұл атау парсы тілінен шыққан: «нау» — «жаңа», «рыз» — «күн», яғни «Жаңа күн» дегенді білдіреді. Халқымыз Наурыздың 22 наурызын жыл басы, ырыс пен берекенің бастауы деп есептеген.
Бұл күн — көктемнің, бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің және бақыттың мерекесі. Наурызда ақжарма тілек айтып, бір-бірімізді құттықтап, кешірім жасап, көңіл кірін кетіру — игі дәстүр. Өйткені ел аузындағы наным бойынша, бұл күні даланы Қызыр ата аралайды.
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар және Наурыз мерекесіне жиналған көпшілік! Сіздерді Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз!
Наурызыңыз үлкен-кішіге құтты болсын!
Қой қоздап, қазандарыңыз аққа толсын!
Көктем нұрын шашып, әр шаңыраққа жылу сыйласын!
Темірдей денсаулық, мол дәулет дарысын!
Даламыз төрт түлікке толып, әр ошақтың түтіні түзу шықсын!
Береке есіктен еніп, ырыс төрге озсын!
Осылайша «Ғажайып алаң» ойынымызды бастаймыз. Іс-шара 3 «А» сыныбында ата-аналардың қатысуымен өткізіледі.
1-кезең: «Жылу бер, Наурыз төріме!»
Шақыру өлеңі
Жылу бер, Наурыз төріме!
Кең байтақ жатқан жеріме.
Қонақжай менің еліме,
Бақ сыйла менің жеріме!
Ойыншыларды шақыру
Заманға көз салсаң, түрлі амал табылар. Белсенді ойыншыларды «Ғажайып алаңға» шақырамыз.
Ортаға үш ата-ана шығады.