Сөйлемнен бірыңғай мүшені табу

Сабақтың мазмұны

Тақырып

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Сабақтың түрі

Жаңа білімді хабарлау сабағы

Әдісі

Түсіндірмелі-әңгімелеу және мысал арқылы меңгерту

Көрнекіліктер

  • Кеспе қағаздар
  • Суреттер
  • Оқулық

Сабақтың мақсаттары

Білімдік

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы жан-жақты, толық мәлімет беру.

Тәрбиелік

Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.

Дамытушылық

Өз пікірін айтуға төселдіру, танымын кеңейту, ойлау қабілетін арттыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сыныптың дайындығын тексеру
  • Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру

II. Үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары арқылы алдыңғы тақырыпты еске түсіру:

  • Сөйлемнің қандай мүшелері болады?
  • Сөйлемнің дара мүшесі неше сөзден жасалады?
  • Күрделі мүше дегеніміз не?
  • Көркем жазу жұмысы

III. Жаңа тақырып: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Түсіндіру

Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада тұратын және сөйлемнің бір мүшесімен ғана байланысатын сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшелері деп аталады.

Негізгі белгісі

  • Бір сұраққа жауап береді
  • Бірдей грамматикалық тұлғада тұрады
  • Сөйлемнің бір мүшесімен ғана байланысады

Мысал арқылы түсіндіру

Айымда кітап, дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш бар.

Бұл сөйлемдегі кітап, дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш сөздері бірдей «Не?» сұрағына жауап береді және сөйлемде бір қызмет атқарады.

Біз орманды, көлді, өзенді қорғаймыз.

Мұнда орманды, көлді, өзенді сөздері бір сұраққа жауап беріп, бір мүшемен байланысып тұр.

Бірыңғай мүшелері бар сөйлемдер

Орманда қайың, тал, терек, үйеңкі өседі.

Жылыжайда ақ, көк, қызыл, сары гүлдер өсірілуде.

Ақ қайың, құба тал, көк теректер өседі.

IV. Оқулықпен жұмыс

Жаттығу
Түрі
Тапсырма
41
Ауызша
Сөйлемнен бірыңғай мүшелерді табу
42
Жазбаша
Көшіріп жазу
44
Ауызша
Тапсырманы орындау және талдау
45
Өздік жұмыс
Өз бетімен орындау

V. Сергіту сәті

Ширатпа тапсырмалар

  • ЕҚАШНА ӨКІТРІАТЙПА
  • БІЛМЕНІҢГЕДІ – БІЛНЕНГЕН СҰРА

«Бір әріптің ізімен» ойыны

О Т Б Ж Д

Ойын шарты: сөйлем құрамындағы сөздер тек қана бір әріптен басталуы керек. Сөйлемдегі нақты сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып, олардың сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтайды. Бір оқушы сөйлем құрастырады, екінші оқушы талдау жасайды.

Орман отқа оранды.

Дәурен допты домалатты.

Салтанат сиыр сауды.

Тарас тракторды тоқтатты.

Балықшының баласы бақырды.

Жамбыл Жабаев — жазушы.

«Жұмбақты математика»

Картоп, сәбіз, қызылша, қызанақ — қосылғыштар.

Қосындысында не болады?

Көкөністер.

Қосындысында «мектеп сыныбы» шықсын. Қосылғыштарды тап.

Орындық, үстел, шкаф, диван — қосылғыштар.

Қосындысы: үй жиһаздары.

Қорытынды тапсырма

Бірыңғай сөйлем мүшелері бар сөйлемдерді құрастырып, ауызша айтыңдар.

VI. Сабақты бекіту

Тест: «Дұрыс па, бұрыс па?»

1

Сөйлем мүшесі дегеніміз — сөйлем құрамында нақты сұраққа жауап беретін мағыналы сөз.

2

Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесі сөйлемнің күрделі мүшесі деп аталады.

3

Бастауыш — сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.

4

Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады.

5

Екі немесе одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесі дара мүше деп аталады.

6

Жайылма сөйлем бастауыш пен баяндауыштан тұрады.

7

Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беретін сөйлем мүшелерін бірыңғай мүшелер дейді.

VII. Сабақты қорытындылау

Өзіндік жұмыс кітабымен жұмыс.

  • Бүгінгі сабақта нені білдіңдер?
  • Нені үйрендіңдер?
  • Сөйлемнің бірыңғай мүшесі деген не?
  • Олар бір-бірімен қалай байланысады?
  • Мысал келтір.

VIII. Үй тапсырмасы

  • Ережені жаттап келу
  • 43-жаттығу, 55-бет