Төмендегі сөздерден қысқарған сөздерді табыңдар

Сабақ тақырыбы

Күрделі сөздер бойынша өткенді қайталау.

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Оқушыларға күрделі сөздер туралы түсінік беру; күрделі сөздердің мағынасына қарай төртке бөлінетінін және жасалу жолдарын түсіндіру.

Алдыңғы меңгерілген білім

  • Сөз тұлғасын біледі.
  • Күрделі сөздерді мағынасына қарай ажырата алады.

Сабақ құрылымы

Ұйымдастыру кезеңі → Үй тапсырмасын сұрау → «Ойлы сұрақ — ұтымды жауап» әдісі арқылы бекіту.

Сабақ мақсаттары

Сабақ соңында оқушылар күрделі сөздерді таниды, түрлерін ажыратады және сөйлем ішінен тауып, талдай алады.

Барлық оқушылар орындай алады

Төменгі сыныпта өткен материалды еске түсіріп, сөздерге талдау жасайды, сөйлем құрайды, білімін кеңейтеді және күрделі сөз түрлерімен танысады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады

Тіл байлығы артады, шығармашылық қабілеті шыңдалады; сөйлеу мәнері мен азаматтық бейнесі қалыптасады.

Кейбір оқушылар орындай алады

Өз бетінше қорытынды шығарады, ізденеді, ойын ашық айтады. Әртүрлі әдістер арқылы белсенділігі мен көшбасшылық қабілеті байқалады, сыни ойлау дағдылары дамиды.

Жетістік критерийлері

  1. 1 Күрделі сөздер туралы білімін нақтылайды.
  2. 2 Күрделі сөздердің мағынасына қарай бөлінетінін түсіндіреді.
  3. 3 Сөйлем ішінен күрделі сөздерді тауып, талдайды.

І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

Топқа біріктіру

  • Сәлемдесу, сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру (түстер үйлесімділігі арқылы).
  • Күрделі сөз үлгілерін таңдау арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу.

Топ атаулары

1-топ

Біріккен сөздер

2-топ

Қос сөздер

3-топ

Қысқарған сөздер

4-топ

Тіркесті сөздер

Сабақ мақсатын анықтау

Оқушылар сабақ мақсатын бірге айқындап, жетістік критерийлерімен танысады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (1 минут)

Сұрақ: «Балалар, өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?»

ІІІ. «Ойлы сұрақ — ұтымды жауап» әдісі

Үй тапсырмасы бойынша білімді жинақтау үшін әр топқа сұрақтар қойылады. Сұрақтарға кідірмей, нақты жауап беру қажет. Дұрыс әрі ұтымды жауап берген оқушылар мадақтау арқылы бағаланады.

І топ: «Кім жылдам?» (ауызша)

Төмендегі сөздердің қайсысы дара, қайсысы күрделі сөз екенін ажыратыңдар:

арқар арқан арқар мүйіз аспан аспаз аспан көк асқазан асығып-аптығу астан-кестен дәнекер жолсерік жылы ұшырау көркемөнерпаз қара бүлдірген қара күрең қара торы жомарт дәрежe

ІІ топ: Қос сөздер

Төмендегі сөздердің қайсысы қос сөз? Қайталама ма, әлде қосарлама ма?

ауызба-ауыз жөн-жөнімен құрт-құмырсқа киім-кешек ата-ана кескін-келбет зу-зу алуан-алуан оқи-оқи жүре-жүре

ІІІ топ: Біріккен сөздер

Төмендегі сөздердің қайсысы біріккен сөз екенін анықтаңдар:

шекара отандық Екібастұз көлбақа жезтырнақ аумалы-төкпелі мәдениет сарайы алтын сағат шаңсорғыш

IV топ: Қысқарған сөздер

Төмендегі мәтіннен қысқарған сөздерді табыңдар:

Кеңшардан қаладағы элеваторға астық тасып жатқан кез. ҚБТУ-ға талапкерлер көп жиналды. Олар 20 км-ден астам жүрді.

Автор туралы белгі

Мектеп

№158 орта мектеп

Пән мұғалімі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Кетепова Жаухар