Кенесары тобының өкіліне сұрақтар
Мақсаттар мен күтілетін нәтижелер
Білімділік
XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басындағы қазақ ауылдарының жағдайын сипаттау; қазақ халқының дәстүрлі шаруашылық түрлерін, күнделікті тұрмыс-тіршілігін және кәсіптерін түсіндіру.
Дамытушылық
Оқушылардың өз ойы мен тұжырымын жүйелі, толық және мәнерлі жеткізу дағдыларын дамыту; шығармашылық қабілетін ашу.
Тәрбиелік
Ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Ұйымдастыру және ресурстар
Көрнекіліктер
- Тақырыбы жазылған плакат
- Атаулары жасырылған A4 қағаздар
- Терминдер жазылған карточкалар
- Кәсіп түрлері көрсетілген плакат
- Сарапшылар парағы, жетондар
Сабақ барысы
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын «Аквариум» әдісі арқылы сұрау
- Жаңа сабақты түсіндіру
- Қорытындылау
Сынып 4 топқа бөлініп, шеңбер немесе шаршы бойына орналасады. Әр топ өз ұстанымын білдіретін өкіл сайлайды.
«Аквариум» тәсілі: қалай өткізіледі?
Ереже
- Өкілдер тапсырма алып, сұрақтарға жауап береді және өз тобының «намысын» қорғайды.
- Топ мүшелері өкілге нұсқау беріп, көмектесе алады.
- Күрделі жағдайда өкіл тайм-аут алып, тобына барып ақылдасады (1–3 рет).
- Жауаптың дұрыстығын арнайы сыншы-сарапшылар анықтайды.
Бағалау
«Тұлғаны тап» тапсырмасында оқушы 30, 40, 50, 60 немесе 100 ұпайдың бірін таңдайды. Егер жауап қате болса, таңдалған ұпай өкілдің есебінен шегеріледі.
Тапсырма құны
100 ұпай
Сұрақтар
30 / 50 / 80 ұпай
Топ атаулары
Топтық тапсырмалар (100 ұпай)
Алғадай
Қазақ-жоңғар соғысы. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламасы».
Кенесары
Әбілқайыр ханның Ресей билігін мойындауы.
Қабанбай
Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы.
Махамбет
XVIII ғасырдағы сауданың дамуы.
Өкілдерге арналған сұрақтар
Алғадай тобының өкілі
- 1) 30 ұпай: «Тархан», «қара сүйек», «құн», «зекет» ұғымдарына анықтама бер.
- 2) 50 ұпай: Ғұбайдолла Уәлиұлы туралы не білесің?
- 3) 80 ұпай: Кенесарының Ташкентке жорығының кенет тоқтау себебі неде? Кенесары сарбаздарының саны қанша болды?
- 4) «Тұлғаны тап»: Қазақтан шыққан тұңғыш генерал-майор. 1842 жылы қазақ даласында алғаш мектеп ашқан. Ағаш сындырған адамға 50 рет дүре соғуды бұйырған.
Кенесары тобының өкілі
- 1) 30 ұпай: «Редут», «форпост», «амур», «қожа», «құшыр», «Алғадай» сөздеріне анықтама бер.
- 2) 50 ұпай: «Шоқынған қазақтар» дегеніміз кімдер? Олар болашақта қай тарихи оқиғаға қатысты? Байсақал Тілекұлы кім?
- 3) 80 ұпай: Қазақстандағы хандық биліктің жойылуына тоқтал.
- 4) «Тұлғаны тап»: 1785 жылы тақтан тайдырылған. 1790 жылы Уфаға жер аударылып, сол жақта қайтыс болған тарихи тұлға.
Қабанбай тобының өкілі
- 1) 30 ұпай: «Ақ базар», «сал-сері», «ламаизм», «қонтайшы» сөздеріне анықтама бер.
- 2) 50 ұпай: А. С. Пушкиннің Қазақстанда болуының басты мақсаты қандай?
- 3) 80 ұпай: 1842 жылы Исатай мен Махамбет көтерілісін кімдер жалғастырды?
- 4) «Тұлғаны тап»: 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген. 1841 жылы құлатылған Хандық кеңесті қайта құрған. 1838 жылы Ақмола бекінісін өртеген.
Махамбет тобының өкілі
- 1) 30 ұпай: И. Г. Ренат, «Қарлығаш би», «жұт», «төлеңгіт» ұғымдарына анықтама бер.
- 2) 50 ұпай: Кенесары Қасымұлы көтерілісінің төрт негізгі себебін ата. Бұл көтерілістің басқа көтерілістерден айырмашылығы неде?
- 3) 80 ұпай: Ресейлік ғалымдар Кенесары ханды кімге теңеді?
- 4) «Тұлғаны тап»: Төре әулетінен шыққан. Әйел бола тұра, ағасы Хан Кененің арнайы барлау жасағын басқарған; ағасымен бірге орыс әскерлерімен шайқасқан.
Ойын қорытындысы
Ойын соңында сарапшы ең үздік өкілді және ең үздік топты анықтап, жинаған ұпайларын тіркейді.
Жаңа сабақ: Қазақ ауылының сипаты
Қазақтар шағын елді мекендерде — ауылдарда өмір сүрді. Қыруар малды бағу үшін халық көбіне шағын ауыл болып қоныстануға мәжбүр болды.
Әр ауылдағы шаруашылық әдетте 5–20 отбасы көлемінен аспады. Ауыл көбіне өзара ең жақын туыстардан құралды.
Әр отбасында шамамен 5–7 адам болды. Ауылды жасы үлкен, би немесе көпшілік құрметтейтін ақсақал басқарды.
Қоныстану үлгісі
Шағын ауылдар
Ауыл құрамы
5–20 отбасы
Отбасы саны
5–7 адам