Бөлшектерді пішу
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы
Бөлім
III. Дизайн және технология
Сынып
6-сынып
Сабақ тақырыбы
Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу.
Оқу мақсаттары
Оқу бағдарламасына сілтеме
6.2.3.1 — тігін машинасы және қол құралдарымен қайып тігу, сырып тігу тігіс түрлерін қолдана отырып, тоқыма материалдарын пішу және өңдеу.
Ойлау дағдыларының деңгейі (Блум таксономиясы)
-
Білу
Негізгі ұғымдарды тану
-
Түсіну
Тігіс түрлерінің мәнін ашу
-
Қолдану
Тігістерді тәжірибеде орындау
Сабақтың басы: ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасы
- «Сиам егіздері» әдісі арқылы бірлескен жұмысқа бейімдеу.
- «Мозайка» әдісімен тақырыпты ашу және топқа біріктіру.
Топтарға бөлу
1-топ
Қайып тігу
2-топ
Сырып тігу
«Ыстық картоп» әдісі: жетелеуші сұрақтар
- Эскиз дайындау.
- Пішімдерді дайындау.
- Жеке бөліктерді пішінге келтіру.
- Бөлшектерді өңдеу.
- Бұйымды құрастыру.
- Безендіру.
- Матада бөлшектерді пішу.
Дескрипторлар
- Бұйымның жасалу жолын анықтайды.
- Сұрақтарға жүйелі түрде жауап береді.
- Топта сұрақты жылдам талдайды.
Бағалау: топтар бірін-бірі ым-ишара арқылы бағалайды.
Негізгі бөлім: шығармашылық жұмыс
«Кім жылдам» тапсырмасы
Әр топ шығармашылық жұмыс орындайды: гүлді жастықша үлгісін петр матасынан қиып, бұйымды қолмен және тігін машинасымен өңдейді.
Жұмыс сапасын бағалау критерийлері
- Әрбір элемент дұрыс орналастырылған.
- Түстер үйлесімді әрі көркем таңдалған.
- Тігістері дұрыс орындалған.
- Тігістер мықтап бекітілген.
Бекіту: «Сұрақ ілмегі» әдісі
Әр оқушының деңгейіне қарай пысықтау сұрақтары қойылып, меңгерілген білім тексеріледі.
- Қандай түсті таңдадық?
- Қарама-қарсы түстерді ата.
- Жылы түстер қандай?
- Суық түстер қандай?
- Қайып тігу бұйымның қай жерінде кездеседі?
- Сырып тігуді қалай орындаймыз?
- Қол тігістерінің түрлері қандай?
- Машина тігістерінің түрлері қандай?
Кері байланыс және бағалау
ҚҚҚ
Қызық, құнды, қиын тұстарын анықтау.
Екі жұлдыз, бір тілек
Екі жетістік пен бір ұсыныс арқылы өзара кері байланыс беру.
Бағалау тәсілі
Топтардың өзара бағалауы және мұғалімнің бақылауы.
Мектеп және автор туралы мәлімет
Білім беру ұйымы
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, №74 ЖОМ
Мұғалім
Канаева У. М.