Химия пәнінен ашық сабақІІ А тобша элементтері
II A топша элементтері: кальций және магний қосылыстары
Бұл ашық сабақтың мазмұны II A топша элементтеріне қатысты негізгі ұғымдарды жүйелейді. Негізгі назар кальцийдің (Ca) физикалық және химиялық қасиеттеріне, табиғатта таралуына және маңызды қосылыстарына аударылады.
Кальцийдің периодтық жүйедегі орны
Жалпы сипаттама
- Таңбасы
- Ca
- Период, топ
- IV период, II топ (негізгі топша)
- Атомдық нөмірі
- 20
- Молярлық массасы (Mr)
- 40 г/моль
- Валенттілігі
- Тұрақты II
- Тотығу дәрежесі
- 0, +2
Физикалық қасиеттері
- Агрегаттық күйі
- Қатты
- Тығыздығы (ρ)
- 1,54 г/см3
- Балқу температурасы (tбалқу)
- 842 °C
- Қайнау температурасы (tқайнау)
- 1495 °C
- Түсі
- Күмістей ақ металл
Табиғатта таралуы
Адам ағзасындағы маңызы
Кальций адам ағзасында шамамен 1 кг мөлшерінде кездеседі және таралуы бойынша маңызды элементтердің бірі болып саналады.
Минералдар мен табиғи қосылыстар
-
Кальций карбонаты
CaCO3: бор, мәрмәр, әктас
-
Теңіз өнімдері
Ұлу тасы, інжу (жемчуг)
-
Гипс
Кальцийдің табиғи қосылыстарының бірі
-
Апатит
Фосфатты минералдар тобы
Кальцийдің химиялық қасиеттері
1) Жай заттармен әрекеттесуі
Кальций гидридінің түзілуі
Ca + H2 → CaH2
Өнімі: кальций гидриді.
Кальций сульфидінің түзілуі
Ca + S → CaS
Өнімі: кальций сульфиді.
2) Күрделі заттармен әрекеттесуі
Сумен әрекеттесуі
Кальций бөлме температурасында сумен оңай әрекеттеседі.
Ca + 2H2O → Ca(OH)2 + H2↑
Нәтижесінде кальций гидроксиді түзіліп, сутек газы бөлінеді.
Маңызды кальций қосылыстары
Кальций оксиді (CaO)
CaO — сөндірілмеген әк, негіздік оксид. Оны кальций карбонатын қыздыру арқылы алады:
CaCO3 → CaO + CO2↑
Кальций карбиді (CaC2)
CaC2 — түссіз кристалдық зат. Оны электр пешінде кальций оксиді мен кокстен алады:
CaO + 3C → CaC2 + CO↑
Кальций карбиді сумен әрекеттескенде көп жылу бөліп, ацетилен түзеді:
CaC2 + 2H2O → Ca(OH)2 + C2H2↑
Пән мұғалімі
Джапанова А. Б.
Материал: «Кальций және магний қосылыстары» тақырыбы бойынша қысқаша конспект.