Сұрақтың жауабы
Сабақтың барысы
Сабақ сайыс формасында өтеді. Оқушылар екі топқа бөлінеді, әр кезеңде жинаған ұпайлар топтың қорына қосылып отырады.
І кезең
1 ұпайСөзжұмбақ сайысы: сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақты толтыру.
ІІ кезең
3 ұпайБіліктілік сайысы: ұяшық таңдап, тест пен есептерді орындау.
ІІІ кезең
1 ұпайТапқырлық сайысы: логикалық сұрақтар және мақал-мәтелдер.
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
-
Үй тапсырмасын ауызша сұрақтар арқылы тексеру:
- 1-топқа: ондық бөлшектерді қосу және азайтуды түсіндіріңдер.
- 2-топқа: ондық бөлшектерді көбейту мен бөлу қалай орындалады?
- Сыныпты екі топқа бөліп, сабақтың сайыс түрінде өтетінін хабарлау.
- Сабақ мақсатымен таныстыру және кезеңдердің ережесін түсіндіру.
І кезең: Сөзжұмбақ сайысы
Оқушылар тақтаға кезекпен шығып, көлденеңінен және тігінен берілген сұрақтарға жауап беру арқылы сөзжұмбақты толтырады.
Сұрақтар (1–9)
- 1. Құрамында тек сандардан тұратын өрнек — санды.
- 2. Шеңберді тең екі бөлікке бөлетін кесінді — диаметр.
- 3. Қосындыны қосылғыштар санына бөлгенде шығатын орта — арифметикалық.
- 4. 1-ге және өзіне ғана бөлінетін сан — жай.
- 5. Белгісізі әріппен берілген теңдік — теңдеу.
- 6. Бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан — аралас.
- 7. P = a + b + c — периметр формуласы.
- 8. Бірліктен кіші разрядтары бар бөлшек — ондық.
- 9. % — пайыз деп оқылады.
Сұрақтар (10–17)
- 10. Шеңбердің дәл ортасы — центр.
- 11. Қатардағы жиілігі ең көп сан — мода.
- 12. Центрден шеңбердің кез келген нүктесіне жүргізілген кесінді — радиус.
- 13. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек — бұрыс.
- 14. 90°-қа тең бұрыш — тік.
- 15. 0, 2, 4, 6, 8-ге аяқталатын сандар — жұп.
- 16. Бөлшектің үстіңгі бөлігі — алымы.
- 17. 2-ге бөлінбейтін сандар — тақ.
Ереже: дұрыс жауап берген оқушының ұпайы өз тобының қорына қосылады.
ІІ кезең: Біліктілік сайысы
А1 плакатта 4 ұяшық беріледі. Әр топтан 2 оқушы шығып, бір ұяшықты таңдайды да, тапсырманы тақтада орындайды.
1-ұяшық (тест)
БөліктерСамал, Аружан және анасы бәліш жеді. Самал бәліштің 1/2 бөлігін, Аружан 1/4 бөлігін, анасы 1/4 бөлігін жеді. Қанша бәліш қалды?
- A) 3/4
- Ә) 2/4
- Б) 1/4
- В) Ештеңе қалмады
2-ұяшық (есеп)
ҚозғалысЖылдамдықты табу формуласын жазып, оқулықтағы №1446 есепті орындау.
Формула: v = S / t
Жауабы: 2,1 м/с
3-ұяшық (тест)
Ондық бөлшек7/10 санын қалай жазуға болады?
- A) 0,07
- Ә) 0,007
- Б) 0,7
- В) 70
4-ұяшық (есеп)
ПайызСанның пайызын табу ережесін түсіндіріп, оқулықтағы №1449 есепті орындау.
Ереже: пайызды 100-ге бөліп, берілген санға көбейту керек.
Жауабы: 45,9 кг — темір, 5,1 кг — никель.
Ереже: әр дұрыс жауап үшін оқушының ұпайы өз тобының үлесіне қосылады.
ІІІ кезең: Тапқырлық сайысы
Логикалық есептер мен мақал-мәтелдер жазылған 12 топшама дайындалады. Оқушылар кезекпен топшама алып, сұрақтарға жауап береді.
Логикалық сұрақтар
-
Үстел үстінде 3 стакан шие тұр. Дәурен бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауабы: 3 стакан.
-
Допты лақтырғанда, доп сол ізімен қайтуы үшін оны қалай лақтыру керек?
Жауабы: жоғары.
-
Айдынның бойы Асқардан ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ең ұзын?
Жауабы: Жанат.
-
Жүгіру жарысында Әсет, Марат, Талғат үш орынды иеленді. Егер Марат ІІ орын алмаса, ал Талғат ІІІ орын алмаса, кім қандай орын алды?
Жауабы: І — Марат, ІІ — Талғат, ІІІ — Әсет.
-
Көшеде екі әке, екі бала, атасы немересімен бірге қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?
Жауабы: үшеу.
-
Бес жыл бұрын егіздердің жастарының қосындысы 8-ге тең болды. Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше болады?
Жауабы: 18.
Мақал-мәтелдер
-
... жақсы қас болмас, ... жаман дос болмас.
Жауабы: Екі.
-
Досыңды ... күн сынама, ... жыл сына.
Жауабы: Үш.
-
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, ... түгел болса, төбедегі жетеді.
Жауабы: Төртеу.
-
... теңгең болғанша, ... досың болсын!
Жауабы: Жүз.
-
... тал кессең, ... тал ек!
Жауабы: Бір және он.
-
... саусақ бірдей емес.
Жауабы: Бес.
Ереже: дұрыс жауап берген әр оқушы өз тобына 1 ұпай әкеледі.
Қорытынды бөлім
Ұпайларды есептеу
Жиналған ұпайлар саналып, жеңімпаз топ анықталады.
Қорытындылау
Сабақ соңында сұрақ-жауап арқылы негізгі ұғымдар бекітіледі.
Бағалау және аяқтау
Белсенді қатысқан оқушылар бағаланады. Сабақ аяқталды. Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!