Асыл ана орындайтын
Сарқылмайтын жылылық, ана аты — ұлылық!
Көктем — мейірім мен жаңарудың мезгілі. Нұрға бөленген табиғатпен бірге адам жүрегі де жылынады, көңілге қуаныш ұялайды.
1-жүргізуші
Көктем келді!
Нұр шуаққа бөлейді, әрбір жанды қуанышқа теңейді.
Міне, бүгін құлын болып құйғытып, көк аспанға құс боп ұшқын келеді.
2-жүргізуші
Көктем — думан!
Бар қызыққа бөлейді, айдын көлде жүзсең де демейді.
Нұр көктемді дария суға теңесең, сәукелелі құрақ болғың келеді.
Көктемнің шуағы
Неткен жылы, неткен ғажап ел еді — құшағыңа қуаныш болып енеді.
Нұр сәулелі көктем шуағын мейірлене аймалағың келеді.
Ақ жаулықты аналар! Мейірімі мол, білім мен тәрбиенің қайнар бұлағы — аяулы ұстаздар! Қыр гүліндей құлпырған ару қыздар, қызғалдақтай жайнаған құрбы-қыздар, қарындастар! Сіздерді көктемнің мейірімді де әсем, салтанатты да сезімге толы 8 Наурыз — Аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ана туралы сөз
Ана — әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы. Ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақты жан.
Ана — жүрек. Ана — тірек, тірегіңді құрметте.
Ана — шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана — күнің, күніңе табынып өт.
Иә, шынында да, ана — құдірет. Бар игі жақсының бастауы — Ғазиз Ана, асыл да ардақты аналар!
Өлең және ән
1-жүргізуші
Ана маған күн сыйлап, ғұмыр берген,
Қасиетті анамның тілін берген.
Шарласаң да шар дала, күн-түн мейлі,
Артық жанды таппадым жұмыр жерден.
Табыстырған мені ана жан әкеммен,
Мейірімін сондықтан дар көрем.
Маған ыстық жандардың бәрін-бәрін,
Барлығын да өмірге ана әкелген.
Ән: «Асыл ана»
Орындайтын: Тынымбай Айбану
2-жүргізуші
Тағдырыңа талайдың алаңдайсың,
Сәуле болып әлемге таралғайсың.
Білім нәрін аямаған асыл ұстаз,
Сен менің ең аяулы — анамдайсың.
Сырлассам сәл, қаламын көңіл жасып,
Нәр білімін жүрем мен етіп азық.
Аяулы ұстаз — сан сүрлеу, соқпақ жолда
Жөн сілтер — Темірқазық.
Ұстазға тағзым
Ұстаз мерейі — ең алдымен шәкірт жетістігімен өлшенеді. Бойдағы бар күш-жігерін аямай, зерделі де зейінді шәкірт тәрбиелеу үшін бар білімі мен ілімін арнаған аяулы ұстаздар, сіздерге айтар алғысымыз шексіз. Біз сіздерге мәңгі борыштармыз.
Бүгінгі асыл тілектер мен жан жүректі жылытар ізгі лебіздер тек сіздерге арналады.
Мерекелік құттықтау сөзі
Мерекелік құттықтау сөз мектебіміздің басшысы Исаев Қорғанбек Рамазанұлына беріледі.
Іс-шара туралы мәлімет
- Өңір: Ақтөбе облысы
- Қала: Шалқар
- Мектеп: №1 орта мектеп
- Тәлімгер: Мунайтбасова Жұлдыз Темірхановна