Тіл дамыту кезеңі

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Лексикалық тақырып

Нұрғиса Тілендиев

Грамматикалық тақырып

Төл сөз

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты түсіндіру

Әдіс-тәсілдер

  • Топпен жұмыс
  • Ойландыру және шығармашылық жұмыс
  • Мақала құру
  • Сөзжұмбақ шешу
  • Топтастыру (кластер)
  • Аудару

Көрнекіліктер

Н. Тілендиевтің суреті, өнер туралы сөздер, буклет, музыка (үнтаспа).

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаяны туралы мәлімет беру, оқушылардың сөздік қорын байыту, мәтін арқылы ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.

Дамытушылық

Есте сақтау және ойлау қабілеттерін жетілдіру, тыңдай білу мен ой бөлісу мәдениетін қалыптастыру, қазақша сауатты жазуға үйрету.

Тәрбиелік

Пәнге қызығушылықты арттыру, өнер адамдарына құрметпен қарауға баулу, өнер құдіретін сезінуге үйрету.

Сабақтың барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

Сыныппен қысқа диалог

  • Сәлеметсіздер ме?
  • Бүгін нешесі?
  • Аптаның қай күні?
  • Қазір қай жыл мезгілі?
  • Көктем айларын атаңдар.
II

Тіл дамыту кезеңі

Алдыңғы білімді белсендіру

  1. 1 Қазақ халқының аты аңызға айналған қандай музыка өкілдерін білесіңдер?
  2. 2 Ол кезде қандай аспаптармен сүйемелдейтін еді?
  3. 3 Алматыдағы ұлт аспаптар оркестрі кімнің атымен аталады?
  4. 4 Осы сазгер туралы не білесіңдер?
III

Ой шақыру

Музыкалық әсер арқылы тақырыпқа шығу

Тыңдалым

Үнтаспадан Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйі тыңдатылады. Оқушылар күйден алған әсері мен сезімін ауызша жеткізеді.

Бағыттаушы сұрақтар

  • Қандай сезім ұялады: сұлулық па, тазалық па, нәзіктік пе?
  • Бұл қандай күй болуы мүмкін?
  • Авторы кім?
IV

Жаңа сабақ

Презентация және оқулықпен жұмыс

Бүгін біз Халық қаһарманы, сазгер, халық әртісі, профессор Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат аламыз.

Өмірбаяны

  • Алматы облысы, Іле ауданында дүниеге келген.
  • Әкесі Атабай — күйші, анасы ән айтуды жақсы көрген.
  • Бес жасынан домбыра тартқан, он екі жасында оркестр құрамында болған.
  • Ұлы Отан соғысының ардагері.
  • 1947–1950 жылдары Алматы консерваториясының дирижерлік факультетін тәмамдаған.

Шығармашылығы

  • «Қыз Жібек», «Менің атым Қожа», «Қилы кезең» фильмдеріне музыка жазған.
  • «Жан сәулем», «Құстар әні», «Алатау» сияқты әндердің авторы.
  • 400-ден аса ән мен романс, 50-ге жуық спектакльге музыка, поэмалар жазған.

Тілендиев шығармаларына еркін төгілген әуен, сымбатты ырғақ, нәзік лиризм және азаматтық пафос тән.

V

Сөздікпен жұмыс

Тірек сөздер

Қаһарман

герой

Белгі

знак

Ие болды

удостоен

Аққу

лебедь

VI

Грамматика: төл сөз

Тыныс белгілерін қолдану

Теориялық бөлік

Төл сөздің тыныс белгілері түсіндіріледі. Оқушылар «Өнер туралы сөздерді» оқып, аударады (оқулық, 108-бет).

Тәжірибелік тапсырма

  • 1-қатар: төл сөз сөйлемнің басында келгенде мысал келтіру.
  • 2-қатар: төл сөз сөйлемнің ортасында келгенде мысал келтіру.
  • 3-қатар: төл сөз сөйлемнің соңында келгенде мысал келтіру.
VII

Жазбаша жұмыс

Оқулықпен жұмыс

8.3.3-тапсырманы орындау (оқулық, 109-бет).

VIII

Топтастыру (кластер)

Қорытындылау және жүйелеу

Тапсырма

Нұрғиса атамызға мінездеме беріп, кластер құрастырыңдар. Тірек ұғымдар: «Төл сөз», «Нұрғиса Тілендиев».

Бағалау өлшемі

  • Нақты дәлел мен мысал келтіру
  • Төл сөзді дұрыс қолдану
  • Ойдың жүйелілігі және сауатты жазу