Бөлме өсімдіктері, жасанды гүлдер
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сынып
7-сынып
Сабақ тақырыбы
Фитодизайн
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Білімділік мақсат
Үйлесімділіктің негізгі принциптерін ескере отырып, композицияға өсімдіктерді дұрыс таңдап, үйлестіре білуге үйрету.
Дамытушылық мақсат
Қолөнер дағдыларын жетілдіру, іскерлік пен икемділікті дамыту, ой-өрісін кеңейтіп, шеберлігін арттыру.
Тәрбиелік мақсат
Көркемдік талғамды қалыптастыру; жұмысты орындау кезінде ұқыптылыққа, дәлдікке және сәндік талап қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақ әдістері
- Көрнекілікпен түсіндіру (әңгімелеу, көрсетіп айту)
- Индуктивтік әдіс (жайдан күрделіге көшу)
- Репродуктивтік әдіс (өз бетінше жұмыс)
- Зерттеушілік әдіс (үйлесімділікті ішінара іздеу және таңдау)
Көрнекіліктер
- Бөлме өсімдіктері
- Жасанды гүлдер
Пәнаралық байланыс
- Биология
- Тарих
- Бейнелеу өнері
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
- 2 Оқу құралдарын тексеру.
- 3 Екі топқа бөлу: «Жауқазын» және «Бәйшешек».
- 4 Назарды сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Жауабын тап» ойыны (перде арқылы): екі топ сұрақтарға жылдам әрі дәл жауап береді.
1-топ: «Жауқазын»
- Ежелгі грек мифологиясында көктем мен гүлдер құдайы — Флора.
- Кепкен гүлдер, жапырақ, сабақ, ағаш қабығы, жеміс-жидек пен көкөніс дәндерін көркемдеуде пайдаланатын шеберлер — флористтер.
- Табиғи материалдардан, кепкен өсімдіктерден жасалатын көркем жұмыстар — флористика.
2-топ: «Бәйшешек»
- Қағаз, мата және басқа да түрлі материалдарды жапсыру арқылы жасалатын көркем шығарма — коллаж.
- Адам өміріндегі ең қажетті қазына көзі — табиғат.
- Флористикалық коллаж — кепкен өсімдік бөлшектері мен табиғи материалдардан жасалған композиция.
III. Өткен сабақты бекіту
«Орнына қой» тапсырмасы: берілген анықтамаларға сәйкес келетін сөздерді толықтыру.
1-топ: «Жауқазын»
- Әр алуан табиғи материалдардан (құрғақ шөп, гүл, жапырақ, бұтақша) жасалған композициялар тұрғын үйлердің, офистердің, мәдениет сарайларының және басқа ғимараттардың ішкі кеңістігін безендіруге пайдаланылады.
- Гүлдерді құрғақ, ашық күндері — таңғы шық кепкен соң, гүлдері енді ғана ашылған кезде жинаған дұрыс.
- Флористикалық композицияның ерекшелігі — бір жұмыста бірнеше материал түрін қатар қолдану (мысалы, кептірілген гүлдер мен жасанды өсімдіктер).
- Пейзаждық композицияларды жайпақ табаққа, қара әйнекке немесе жіп/арқанмен оралған шере тақтайға жасауға болады.
2-топ: «Бәйшешек»
- Кептірілген өсімдіктердің көмегімен көңіл күйге және әсемдік тақырыбына сай гүл бейнесін және композиция түрлерін құрастыруға болады.
- Кептірілген өсімдіктерді құрғақ, салқын, жақсы желдетілетін әрі күн сәулесі түспейтін жерде сақтайды.
- Сюжетті құрастырмалы өрнектер тұрмыстық бұйымдарды сәндендіруге, сондай-ақ панно, ашықхат және маска жасауға қолданылады.
- Масштаб пен пропорция — өсімдік, гүл, жапырақ, ваза және дайын композиция көлемінің ол орналасатын кеңістік өлшемімен сәйкестігі.
Фитодизайн: негізгі түсініктер
IV. Жаңа сабақтың мақсаты
Үйлесімділіктің негізгі принциптерін сақтай отырып, композицияға өсімдіктерді дұрыс таңдап, оларды үйлесімді құрастыруға үйрету.
V. Дизайн тарихына қысқаша шолу
Дизайн тарихы ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастады. Дегенмен адамдардың әсемдік пен қолайлылыққа ұмтылысы әлдеқайда ертеден бар, сондықтан дизайн идеяларын терең тарихтан да көруге болады.
ХХ ғасыр — ғылым мен техниканың қарқынды дамыған кезеңі. Осы өзгерістер дизайн өнерінің де дамуына серпін берді.
- 1919 жыл, Германия: алғашқы дизайнерлерді дайындайтын жоғары мектеп — Баухауз ашылды.
- 1928 жыл: дизайнның ғылыми тұрғыда қалыптасуы осы жылмен байланыстырылады; отаны ретінде АҚШ аталады.
- 1920-жылдар, Ресей: жоғары көркем-техникалық шеберханалар құрылып, Мәскеудегі шеберхана кейін институтқа айналды.
Дизайндың негізгі түрлері
- 1 Көлік құралдарын жобалау (ұшақтар, су кемелері, автомобильдер және т.б.).
- 2 Тұрмыс бұйымдарын жобалау (электр аспаптары, ыдыс-аяқ, жиһаз, киім және т.б.).
- 3 Интерьер және экстерьер дизайны.
- 4 Жарнама дизайны.
- 5 Фотодизайн.
Фитодизайн дегеніміз не?
Анықтама
Фитодизайн — өсімдіктерді көркемдеп әшекейлеу, кеңістікті тірі немесе жасанды өсімдік элементтерімен сәндеу өнері.
Терминнің шығу төркіні
«Фито» сөзі грек тілінен аударғанда «өсімдік» деген мағынаны білдіреді.
Негізгі талап
Жақсы композиция жасау үшін нақты жағдайды ескеріп, орындалу тәртібін сақтап, үйлесімділік принциптеріне сүйену қажет.
Композиция құрастыруға қажет
- Өсімдік түрлері (бөлме өсімдіктері, кесіп алынған өсімдіктер, жасанды өсімдіктер)
- Құты (ваза) және ұстатқыштар
- Құрал-саймандар
Материал таңдаудың ерекшелігі
Тірі өсімдіктерді қолдану жыл мезгіліне тәуелді. Ал жасанды гүлдерді дүкеннен сатып алуға немесе синтетикалық әрі табиғи материалдардан өз қолыңмен құрастыруға болады.
Ескерту
Фитодизайнда құтылардың (ваза, ыдыс) рөлі ерекше: шыны, пластмасса, фарфор, қыш, тас сияқты түрлері қолданылады.
Бекіту тапсырмалары
VI. Тест жұмысы
Төмендегі сұрақтар оқушылардың дизайн тарихы мен фитодизайнға қатысты негізгі ұғымдарды қаншалықты меңгергенін тексереді.
-
1) Дизайн тарихы қай ғасырда басталды?
- A) XV
- Ә) X
- B) ХХ
-
2) Алғашқы дизайнер мамандарды даярлайтын жоғары мектеп қайда және қашан ашылды?
- A) 1989 жылы, АҚШ-та
- Ә) 1919 жылы, Германияда
- B) 1819 жылы, Италияда
-
3) Дизайнның негізгі түрлері нешеу?
- A) 10
- Ә) 3
- B) 5
-
4) Фитодизайн нені зерттейді?
- A) Өсімдіктерді
- Ә) Жануарларды
- B) Адам организмін
-
5) «Фито» қай тілден аударғанда «өсімдік» дегенді білдіреді?
- A) Орыс
- Ә) Грек
- B) Испан
-
6) Ресейде жоғары көркем-техникалық шеберханалар қай жылдардан бастап құрылды?
- A) 1830-жылдар
- Ә) 1980-жылдар
- B) 1920-жылдар
VII. Қорытындылау
Слайдтағы суретке қарап, көрсетілген дизайн түрін анықтап, жазу:
1-топ
«Жауқазын»
2-топ
«Бәйшешек»
VIII. Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
Мұғалім тапсырманы сабақ соңында нақтылайды (тақырып бойынша қайталау және шағын композиция идеясы/эскизі).
Бағалау және қорытынды сөз
Күнделікті енді ашайық — 5 болсын алар бағамыз.
Үй тапсырмасын жазайық — біліммен бақыт табамыз.
Бүгінгі алған білімді ұмытпай есте сақтайық — өсе берсін санамыз.
Өнер-білім — көп бақыт.