Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау
Сабақтың тақырыбы
Жер беті бейнесінің түрлері.
Сабақтың түйінді мақсаттары
Оқушылар Жер туралы қысқаша мәліметтерді оқып-үйренеді, негізгі ұғымдарды түсінеді және оларды практикада қолдана алады.
Білу
Жердің Күн жүйесіндегі орны, пішіні және мөлшері туралы біледі.
Түсіну
Жердің пішінін және оның Күн жүйесіндегі орнын түсіндіреді.
Қолдану
Жердің тәуліктік қозғалысын (өз осінен айналуын), ұзындықтарды және Күн сәулесінің Жер бетіне таралуының табиғат үшін маңызын қолдана отырып түсіндіре алады.
Талдау
Жердің айналу белгілеріне сүйене отырып, сағат белдеулерін ажыратып, талдай алады.
Оқыту тәсілдері мен жұмыс түрлері
- Жеке жұмыс
- Жұптық жұмыс
- Топтық жұмыс
Бағалау
Оқыту үшін бағалау
Белгіленген критерийлер бойынша бағалау жүргізіледі.
Жедел кері байланыс
Үй тапсырмасын тексеруде «саусақпен бағалау» әдісі қолданылады.
Саралау және қолдау
Әр оқушының сұранысы мен оқу қарқыны ескеріледі. Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қажетті қолдау мен көмек көрсетіледі.
Ресурстар мен жабдықтар
Сабақ барысы
Кіріспе
- 1 Психологиялық ахуалды қалыптастыру: мұғалім оқушылармен амандасып, сергіту сәтін ұйымдастырады.
- 2 Сабақ тақырыбына қатысты географиялық ұғымдар бойынша оқушыларды топтарға бөледі.
Тұсаукесер
Үй жұмысын тексеру
- Табиғат құбылыстары дегеніміз не?
- Эссені қорғау.
- Адам мен табиғи құбылыстар арасында қандай байланыс бар?
- «Табиғатқа қол сұғу» ұғымын қалай түсінесің?
Бағалау: «саусақпен бағалау» әдісі.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау
Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын нақтылайды.
Ортақ жұптық жұмыс
Тақырып анықталғаннан кейін оқушылар жұппен жұмыс істеп, осы тақырып туралы не білетінін талқылайды.
Негізгі бөлім
Топтық жұмыс: постер қорғау
Оқушылар жаңа тақырыппен танысқаннан кейін топтарға бөлініп, төмендегі бағыттар бойынша постер дайындайды және қорғайды:
- Жердің Күн жүйесіндегі орны
- Жердің пішіні мен мөлшері
- Жердің қозғалыстары
Глоссарий
Бүгінгі сабақта кездескен жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды және мағынасын нақтылайды.
Картамен жұптық жұмыс
Карта бойынша экваторлық және полярлық ұзындықтарды анықтау тапсырмалары орындалады.
Қорытынды
- 1 Мұғалім сабақты қорытындылап, негізгі ойларды қайта нақтылайды.
- 2 Үй тапсырмасы 3 деңгейлік тапсырма түрінде беріледі.
A деңгей
§3 оқу.
B деңгей
- Күн жүйесінің 8 планетасын жаттау.
- Қазақстан аумағы қай жылу белдеуінде орналасқанын карта бойынша анықтау.
C деңгей
Шеңбер арқылы радиустарды анықтау.