Бауырлар өлеңін мәнерлеп оқу

Сабақтың тақырыбы

Тұманбай Молдағалиев — «Бауырлар» өлеңі.

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі

Мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс

География, музыка, тарих.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қазақ өмірінде өшпес із қалдырған, қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан Тұманбай Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталу.

Тәрбиелік

«Бауырлар» өлеңін оқыту арқылы оқушыларды Отанды сүюге, әр қазақты бауырындай қабылдап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын дамыту, өз ойын анық әрі жүйелі жеткізу қабілетін қалыптастыру. Жылдамдық пен шапшаңдыққа дағдыландыру.

Көрнекіліктер

  • ҚР картасы
  • Тұманбай Молдағалиевтің суреттері
  • Интерактивті тақта
  • Электронды оқулықтар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сыныпты түгендеу.
  • Сабаққа дайындығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Қорытындылау тәсілі: «Балық аулау» ойыны

1) Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» романынан алынған үзіндідегі Ақан серінің өмірі сендерге қалай әсер етті?

Жауап: Ақан серінің өмірі ауыр болғандықтан, менде аяныш сезімі пайда болды.

2) Күреңбай сыншы «Мынау бір пырақ екен» дегенде, Құлагердің қандай сипатына сүйеніп айтты?

Жауап: Әдетте жылқының он екі қабырғасы болады, ал Құлагерде он үш қабырға бар екенін айтқан.

3) Ат үстінде өнер көрсетіп, сырнай тартып, ән айтқан өнерлі бала кім? Ол асқа жиналғандарға не деп жар салды?

Жауап: Баланың аты — Қошқарбайдың Шашубайы. Ат бәйгесі болатынын хабарлап жар салды.

4) Шығарма соңында Құлагердің тағдыры не болды?

Жауап: Шығарма соңында Құлагер қаза табады.

5) Құлагерге жауыздық жасаған кім?

Жауап: Құлагерге жауыздық жасаған — Батыраш.

6) Құлагерді сипаттап бер.

Жауап: Терісі жұқа — көзіл етіктің былғарысындай мап-майда; ет пен терінің арасында жылтыраған май жоқ; денесінде арам ет жоқ. Қанша шапса да басы айналмайды — қаны мол. Тынысы тарылмайтын құлаш кеңірдек, талыс танау.

Жаңа сабақ

Алдымен Тұманбай Молдағалиевтің өмірі «топтастыру» стратегиясы арқылы таныстырылады. Ақын поэзиясының өзегі — туған жерге, туған елге, Отанға, ата-анаға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік.

Бүгінгі сабақта қарастырылатын «Бауырлар» өлеңі — шет жерде жүрген бауырларға деген сағыныштан туған туынды. Оқушылардан мұқият тыңдап, ой қорыту сұралады.

Кіріспе тапсырма

Өлеңді оқымас бұрын тақтадан электронды оқулық арқылы тәуелсіз Қазақстан туралы бейнеүзінді көрсетіледі. Бейнеүзінді мен өлеңнің байланысын өлеңді оқу барысында оқушылар өздері аңғарады.

Өлеңді мәнерлеп оқу

«Бауырлар» өлеңі Қазақстан егемендігін алғаннан кейін, 1992 жылы Алматы қаласында өткен үлкен Құрылтаймен байланысты. Бұл жиынға шетелде тұратын қазақтардың атынан келген өкілдер қатысқан. Өлең — сол тарихи оқиға аясында туған туынды.

Қорытынды: Тұманбай Молдағалиевтің «Бауырлар» өлеңі — елдік бірлік пен бауырмалдықты дәріптейтін, тарихи кезеңмен сабақтас шығарма.