Мекен үстеу
Сабақ туралы мәлімет
- Бастауыш сынып мұғалімі
- Кусаинова Жанар Қайратовна
- Сынып
- 4-сынып
- Пән
- Қазақ тілі
- Сабақ тақырыбы
- Үстеу. Мекен үстеуі
- Сабақ түрі
- Дамытушылық
- Сабақ типі
- Аралас сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табы — үстеу туралы түсінігін кеңейту.
- Мекен үстеуі және оның сұрақтары туралы білім беру; сөйлем ішінен мекен үстеулерін таба білуге үйрету.
- Жүйелі сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын молайту.
- Тиянақтылыққа, жинақылыққа, ұжымшылдыққа, таза әрі сауатты, ұқыпты, көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
II. Үй тапсырмасы
5-жаттығу: үстеулерді табу.
III. Өткен сабақты бекіту
Ғарышкерлер күніне орай зымыран ішінен алынған сұрақтарға жауап беру.
- 1. Үстеу мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
- 2. Үстеу дегеніміз не?
- 3. Үстеудің сөйлемдегі қызметі қандай?
- 4. Мезгіл үстеуі дегеніміз не?
- 5. Үстеудің сұрақтарын ата.
- 6. Үстеу құрамына қарай қандай топтарға бөлінеді?
IV. Негізгі бөлім
Оқушыларға заттар мен суреттері таратылады. Тапсырма: оларды өз орнына, мекеніне орналастыру (ит, ара, оқушы, алма, ыдыс-аяқ, оқулықтар).
Сұрақ: «Балалар, біз бұл суреттерден нені байқаймыз?»
Қорытынды: Әр заттың өзінің орны, мекені бар.
Жұмыс: Заттарды өз орнына орналастыру.
Сұрақ: «Орналастыру барысында қандай сөздер қолдандық және оларға қандай сұрақтар қойдық?»
Ереже
Қимылдың, іс-әрекеттің орнын, мекенін, бағытын білдіретін сөздерді мекен үстеуі дейміз. Мекен үстеулеріне қайда? қайдан? деген сұрақтар қойылады.
Оқулықпен жұмыс: 1-жаттығу (ауызша)
Тапсырма: сөйлем ішінен мекен үстеулерін табу.
Кішкентай бала үлкендердің көңіл аудармағанына өкпелеп, сыртқа шығып кетті.
Жүгіріп келе жатқандардың ішінен жалаңаяқ бала суырылып алға шықты.
Ол дүкеннен келе жатыр.
Қашан көрсең де, мұнда халық бірі кіріп, бірі шығып жатады.
Әлемде ең биік үй — Чикагода. Ол 110 қабаттан тұрады.
Әлемдегі ең үлкен тасбақа — Малайзияда, салмағы 865 кг.
Топпен жұмыс: 2-жаттығу (жазбаша)
Тапсырма: үстеулерді тиісті орнына қою.
I. Қашан?
- Бұрын
- Күні-түні
- Күні бойы
- Былтыр
II. Қайда?
- Алыста
- Тыста
- Артта
- Кейін
III. Қалай?
- Жылдам
- Ақырын
- Әрең
- Үнемі
Шығармашылық тапсырма
Таспадан мәтінді тыңдап, үстеулерді табу.
Кітаппен жұмыс: 3-жаттығу (жазбаша)
Жұмбақ: шешу (футболшылар).
Фонетикалық талдау: үстеуді табу.
Сөйлем құрау: берілген сөздермен сөйлем құрап, сөйлем мүшелеріне талдау жасау (көгалда, артқа, алға).
Қарсы мәндес үстеулер: берілген үстеулерге антоним табу: ерте, бүгін, тез, ілгері, алға, оңға, таңертең.
Жеке жұмыс (үлестірмелі қағаз)
Керекті сөздер: ерте, артта, көктемде, жоғары, төмен.
1) ________ тұрған жігіттің бір ырысы артық.
2) ________ отырған Данияр мұғалімнің кіргенін аңғармай қалды.
3) Құстар ________ өздері өскен жерлеріне қайта келеді.
4) Қанат қолдарын ________ сермеп, жаттығу жұмысын жасады.
Жұмбақтар
Мен арамын, арамын,
Қара орманға барамын.
Қимастан бір бұтағын,
Қара орманды тарадым.
Жауабы: тарақ (шаш)
Таңертең тұрдым,
Екі сайды қудым.
Жауабы: шалбар
Тапсырма: жұмбақтағы үстеулерді табу.
Сабақты бекіту (сөзжұмбақ арқылы)
- 1. «Қашан?» сұрағына жауап беретін үстеу түрі.
- 2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы.
- 3. «Кіммен? Немен?» сұрақтарына жауап беретін септік.
- 4. Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табы.
- 5. Заттың түрін, түсін, дәмін, көлемін білдіретін сөз табы.
Терме диктант
Берілген сөздерді екі бағанға бөліп жазыңдар: мезгіл үстеуі және мекен үстеуі.
Далада, кеше, алда, артта, былтыр, жолда, биыл, кеше, үйден, іштен, бүрсігүні.
Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.
Үй тапсырмасы
5-жаттығу және ережені қайталау.