Бөлшекті бөлшекке көбейту

Жай бөлшектер мен рационал сандарға амалдар қолдану (біріккен 5–6 сынып)

Сабақтың ұраны:

Білекке сенер заманда — ешкімге есе бермейік.
Білімге сенер заманда — қапы қалып жүрмейік.

Сабақтың мақсаты

Жай бөлшектер мен рационал сандарға амалдар қолдану бойынша меңгерілген білімді жүйелеу және бақылау.

Дамытушылық

  • Жылдам ой қорыту, тапқырлық, тиянақтылық қасиеттерін дамыту.
  • Есте сақтау қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелік мәні

Білім алуда бәсекелестікке баулу, пәнге деген қызығушылықты арттыру.

Пән аралық байланыс

Өзін-өзі тану пәнімен.

Сабақтың көрнекілігі

  • Карточкалар
  • Деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың түрі

Іскерлік дағдыларды дамыту сабағы.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар сабақты «шаттық шеңберімен» бастайды.

II. Негізгі бөлім

  1. I кезең: білімді пысықтау (ауызша жаттығулар, тест).
  2. II кезең: өз бетінше орындалатын тапсырмалар арқылы іскерлік дағдыларды дамыту.
  3. III кезең: біліктілікті арттыратын қосымша логикалық тапсырмалар; өз бетінше есеп құрастыру.
  4. IV кезең: «Қатені тап» ойыны.

III. Қорытынды бөлім

  • Оқушылардың білімін бағалау.
  • Үй тапсырмасын беру.

5-сынып тапсырмалары

1-кезең
  1. 1) Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз және аламыз?

    Мысал келтір.

  2. 2) Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосамыз және аламыз?

    Мысал келтір.

  3. 3) Бөлімдері бірдей аралас сандарды қалай қосамыз?

    Мысал келтір.

  4. 4) Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды қалай қосамыз?

    Мысал келтір.

  5. 5) Натурал сан мен аралас санды қалай қосамыз?

    Мысал келтір.

    Таңдау тапсырмасы:

    • а) −5 : 5
    • в) −3 : 3
    • с) −3
    • д) 3
  6. 6) Бөлшекті бөлшекке қалай көбейтеміз?

    Мысал келтір.

  7. 7) Бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз?

  8. 8) Өзара кері сандардың көбейтіндісі неге тең?

  9. 9) Санның бөлігін қалай табамыз?

6-сынып тапсырмалары

Тексеру
  1. 1) Мәні 1,2-ге тең өрнекті таңда.

    а) −6 : (−5)
    в) 36 : (−3)
    с) −0,48 · (−25)
    д) 2,4 · (−5)
  2. 2) Теңдеуді шеш: 15,83 + y = 40

    а) 24,17
    в) −24,17
    с) −55,83
    д) 55,83

Ескерту

Тапсырмаларды орындауда таңба ережелеріне, ортақ бөлім табуға және нәтижені ықшамдауға ерекше назар аударыңыз.