Берекелі Алтын күз

Берекелі Алтын күз!

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар мен қадірлі қонақтар! Ортаңғы топ бүлдіршіндерінің «Берекелі Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Күзге арналған жыр

Сары жібек көйлегін желбіретіп,

Жапырағын ағаштың селдіретіп.

Тойға бөлеп елімді, күзім келді,

Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

Тілеймін аман болсын ел іргесі,

Алтын күзде артсыншы берекесі.

Молшылық пен ырыс, құт ала келген,

Құтты болсын Алтын күз мерекесі!

Ән

«Күз ырғағы»

Балалардың тақпақтары

1-бала

Қуантып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті Алтын күз,

Кемелденсін халқымыз!

2-бала

Жер берді жемісті,

Күз келді келісті.

Күз — байлық, береке,

Алтын күз — мереке!

3-бала

Бүгін мейрам, бүгін той,

Қуаныш күн, біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой.

4-бала

Алақай, алақай!

Шаттанды балақай.

Күз түсті, дән пісті,

Айтамыз алғысты.

Күз айларымен танысу

Жүргізуші: Балалар, қане, күз айларын кім атайды?

Қыркүйек Қазан Қараша

Жүргізуші: Ендеше, осы айларды ортаға шақырайық.

Қыркүйек айы

Менің атым — Қыркүйек! Күздің бірінші айымын. Байлық пен молшылықтың айымын. Сендер мен туралы не білесіңдер?

5-бала

Күн ғой бір ең тәуір,

Бірінші қыркүйек.

Қоңырау соғылды,

Күміс күй төгілді,

Білімге талпынған

Балалар жиылды.

Қазан айы

Менің атым — Қазан. Жиын-терімнің соңғы айымын. Еңбекқор елді той-думанға кенелтемін. Балалар, менде қандай мерекелік күндер бар?

Ұстаздар күні Қарттар күні

Қараша айы

Күздің соңғы айы — қараша. Күннің суытып, қыстың жақындағанын еске саламын. Ал менің қандай ерекшеліктерім бар, кім біледі?

Сұрақ балаларға:

  • Ауа райы қалай өзгереді?
  • Құстар мен жануарлар қандай дайындық жасайды?
  • Ағаштар мен өсімдіктердің күйі қалай болады?