Батыр атамыздың ерліктеріне сүйене отырып, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру

Тәрбие сағаты / ғылыми конференция мәтіні

«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар»

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік пен елдік, қазақтың тұңғыш генералы Сабыр Омарқұлұлы Рақымовтың өнегесі туралы.

Мақсаты

  • Ұлы Отан соғысы туралы түсінікті тереңдету, елдің еркіндігі мен бостандығын қорғаған қазақтың тұңғыш генералы Сабыр Рақымовтың ерлік істерімен таныстыру.
  • Батырдың өнегесіне сүйене отырып, Отанға деген сүйіспеншілікті күшейту.
  • Ерлік жасаған тұлғаның рухын ұлықтау, ерлігін қастерлеу, үлгі-өнеге тұту.

Кіріспе сөз

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» екенін атап өткен еді. Сол жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Бұл тарихи белестер жас ұрпақтың санасына Жаңа қазақстандық патриотизмді сіңіруде ерекше мәнге ие.

Бүгінгі іс-шара Ұлы Жеңістің мерейтойлық рухына арналады. Сонымен қатар 25 қаңтар күні қазақтың тұңғыш генералы, Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атанған Сабыр Омарқұлұлы Рақымовтың туғанына 113 жыл толады.

Ел үмітін ақтау үшін кескілескен шайқаста жанын қиған ердің атын сақтау — біздің азаматтық парызымыз. Сондықтан бүгінгі ғылыми конференциямыздың өзегі: «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар».

Негізгі ой: ерлікке көрсетілетін құрмет

Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Ерлік жасаған адамға лайықты құрмет көрсетіңдер. Сонда өздерің де ерлік жасағанмен пара-пар боласыңдар» — деп өсиет етеді.

Бұл сөздің мәні — ерлік өткен шақтың естелігі ғана емес, бүгінгі ұрпақтың жауапкершілігі екенін еске салуы. Ерлікке тағзым жасау арқылы біз өз бойымыздағы намыс пен отансүйгіштікті оятамыз.

Іс-шара барысы

Көркем үзінді

«Генерал Рахимов» көркем фильмінен үзінді.

Тақырыптық бөлім

«Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» — баяндамашы: Толықбай Ұлжан.

Баяндама

«Железный генерал и железная леди» — баяндамашы: Батырбек Ақниет.

Ән

«От героев былых времен» ( «Офицеры» фильмінен).

Баяндама

«General Iron and Iron Lady» — баяндамашы: Әбдуәлі Ақторғын.

Тақырыптық бөлім

«Елі барда ер ұмытылмайды» — баяндамашы: Батырхан Мұхамеджан.

Көркем үзінді

«Генерал Рахимов» көркем фильмінен үзінді (жалғасы).

Қорытынды ой

Бекасыл әулие (1822–1915) сөзі

Тектіден текті туады,

Тектілік тұқым қуады.

Тектілердің тұяғы,

Таңдайды құз-қияны.

Шын тектілер халқы үшін,

Өлімге басын қияды.

Жақсы, жаман деместен,

Жанына жұртын жияды…

Біз — түркі халықтарының бір бұтағы болған қазақ жұртымыз. Түркі дәуірінен бастау алған батырлық рух, жаужүректілік қасиет ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Бұған ауыз әдебиетіндегі Алпамыс пен Қобыланды, берідегі Қабанбай мен Наурызбай батырлардың ерлігі дәлел.

ХХ ғасырда ел мен жерді қорғауда Ұлы Отан соғысында талай қаһарманымыз ерлік үлгісін көрсетті. Ал арада жарты ғасыр өткенде, 1986 жылғы 16 желтоқсанда алаңға шыққан аға-әпкелеріміз Тәуелсіздікке бастар жолды айқындады.

Батырлық — халқымыздың тамыры терең қасиеті. Сол қасиетті жоғалтпай, білімді, парасатты, елге қорған болатын Мәңгілік Елдің азаматтары болып өсейік.

Бейбітшілік тілегі

Жер бетінде тек тыныштық орнап, соғыс атаулы болмасын деген ниетпен Ұлы Жеңіске арналған «О той весне» әні орындалады.

Қорытынды сөз мектеп-лицей директоры Гүлбану Шәріпбекқызына беріледі.

Арнау: Сабыр Рақымовқа

8-сынып оқушысы Мақашов Бақжан

Сұм сұрапыл соғыс өрті елдің шетін шалғанда,

Сабыр ата аттандыңыз өз еркіңізбен майданға.

Ерлік ісіңіз үлгі болып жас ұрпаққа,

Батырлығыңыз әйгілі болды шартарапқа.

Ұлы Отан соғысына қатыстыңыз,

Азамат соғысын да көрдіңіз.

Сарбаздарды әділдікпен басқардыңыз,

Қай кезде де абыройлы болдыңыз.

Сабыр ата, үлгі аламыз өзіңізден,

Қайсарлығыңыз көрінеді көзіңізден.

Батыр ата, ерлігіңіз мәңгілік —

Тұрар біздің жадымызда жыр болып.