Етістікті сөйлемнен табу

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы

Етістікті сөйлемнен табу.

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы.

Мақсаты

  • Етістік туралы білімдерін бекіту.
  • Сөйлемге сұрақ қою арқылы етістікті табуға дағдыландыру.
  • Етістікті қатыстырып сөйлемдер құрату.
  • Ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту.
  • Адамгершілік және экологиялық сезімін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен әдіс

Көрнекілік: плакаттар, сызбалар, таратпа материалдар.

Технология: сабақ СТО (сын тұрғысынан ойлау) әдістерімен құрылады.

Сабақтың барысы

Оқушылар «Көктем гүлдері» ойыны арқылы топтарға бөлінеді. Сабақ үш фазаға жоспарланған: қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс.

1-фаза: Қызығушылықты ояту

Тақтаға аяқталмаған сурет ілінеді. Мақсат — суретті толықтыру. Ол үшін жұмбақтардың жауабын тауып, жұмбақ мәтініндегі етістікті сұрақ қою арқылы анықтаймыз.

Ойын: «Неге ұқсайды?»

Дөңгелек ілінеді, жапырақшаларға жұмбақтар жазылады. Әр жұмбақты шешкен сайын суретке көктемнің алғашқы гүлдері жапсырылады. Соңында суретке не жетіспейтіні анықталып, толықтырылады.

Сөз үйретсең — қайталайды, өздігінен айта алмайды.

Тілдерімен жүреді, уақытты біледі.

Құрғақ жерде сақтайсың, менсіз тамақ татпайсың.

Талқылау: «Көктемнің алғашқы гүлі қандай? Суретте не жетіспей тұр?» — деген сұрақтар арқылы ой қозғаймыз.

2-фаза: Мағынаны ашу

Әр топқа таратпа карточкалар беріледі. Тапсырмалар етістіктің түрлерін ажыратуға және сөйлемнен етістікті табуға бағытталған.

1-топ: Дара етістіктен күрделі етістік жаса

Жапты — __________________

Жинады — __________________

2-топ: Күрделі етістікті тап

  • қызыл гүл
  • әдемі гүл
  • гүлдеп тұр

3-топ: Дыбысты білдіретін етістіктер

Тырна тыраулайды.

Қаз қаңқылдайды.

Ал адам ше? (Өз мысалдарыңды келтір.)

4-топ: Сөйлемнен сұрақ қойып етістікті тап

Атам жайлаудан құлынды бие мініп келді. Оны мама ағашқа байлап қойды.

5-топ: Қажетті етістікті қой

Күн __________________.

Өзен __________________.

Жауаптар арқылы дөңгелектің айналасына жапырақшаларды орналастырып, соңында күннің бейнесін суретке қосамыз.

3-фаза: Ой толғаныс

Оқушылар алған білімін жинақтап, етістік туралы түсінігін жүйелейді және шығармашылық тапсырмалар орындайды.

Кластер

Дөңгелектің артында берілген ақпараттар арқылы «Етістік» тақырыбын кластерге түсіреміз: етістіктің сұрақтары және түрлері.

Талқылау

Суретке назар аударып, «Ненің суреті шықты?» деген сұраққа жауап береміз. Кейін суретке ат қоямыз.

Шығармашылық жұмыс

  • Көктем туралы шағын мәтін құрау.
  • «5 минуттық эссе» жазу.
  • Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау.