Қаһарман қызы қазақтың (Хиуаз Доспанова туралы тәрбие сағаты)Мақсаты

Сабақтың тақырыбы

«Қаһарман қызы қазақтың» (Хиуаз Доспанова туралы тәрбие сағаты)

Сынып

3-сынып

Мақсаты

Ұлы Жеңісті дәріптеу, жас ұрпақтың санасына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың істерін мақтан тұтуды сіңіру. Соның ішінде қазақ қыздарының да Отан үшін жан қиярлық ерлік жолдарын үлгі ете отырып, оқушыларды отансүйгіштікке және адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Кинодан үзінді
  • Суретті слайдтар
  • Кітаптар көрмесі
  • Буклеттер
  • Үнтаспа

Барысы

Мұғалім сөзі

Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Соғыс 1941–1945 жылдары жүріп, төрт жылға созылды. Сол сәтті сан миллиондаған адамдар минуттап, сағаттап күтті. Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды. Алайда бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ.

Иықтарына қару асынып, Отан үшін от кешіп, жанын пида еткен миллиондаған асыл азаматтар қаза тапты. Қаншама ана жарынан айырылды, қаншама бала әкесінен не анасынан айырылып, жетім қалды. Ал тылда қалған қарттар, әйелдер, еңбектің ауырын көтерген балалар күн демей, түн демей еңбек етті.

Түйін

Олардың тілегі орындалды, өйткені Отанға деген сүйіспеншілік жеңіске жеткізді.

Өлең жолдары

1941 — соғыс жылы,

Июньнің 22-сі күні

Елімді басып алмақ арам оймен

Герман соғыс ашты, сұмырай ұлы.

Туған соң қауіп-қатер біздің елге,

Жинады қалдырмастан ат пен ерді.

Көп жасты Қазақстан жинап алып,

Ленинград қаласына алып келді.

Жеңіске жеткен қуанышқа кенелді,

Ал жетпеген арманда кетті.

Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың есімін ешқашан ұмытпайық.

«Өлгенді ардақтай білген ғана тіріні құрметтей алады».

— Бауыржан Момышұлы

Ендеше біз үшін бейбіт өмір сыйлаған соғыс құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

Көрініс: «Священная война» әуенімен кинодан үзінді

Еске алу сәті

Әли

Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.

Отаным, еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлты төнген күнде.

Диана

Соғысқа дейін Қазақстанда 6,2 млн халық тұрды. Соғыс жылдары республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Әскери комиссариаттар арқылы 1 млн 900 мыңға жуық адам сапқа тұрды.

Олардың ішінде 42 508 атыраулық жауынгер және Хиуаз Доспанова да болды.

Мұғалім

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы — «Қаһарман қызы қазақтың». Яғни, Хиуаз Доспанова туралы әңгіме қозғаймыз.

Жадыра

Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы 15 мамырда Құрманғазы ауданындағы Зормата ауылында дүниеге келген. Ол өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін Саратовтағы әскери ұшқыштар училищесінде білім алды.

Ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-шы гвардиялық полк құрамында қызмет етіп, 300-ден астам әуе тапсырмасына қатысқан. Теңдесіз ерлігі үшін сол кездің өзінде-ақ «қанатты қыз» атанған еді.