Естісе әркім мұны жаттап алар, Алты бақан тепкенде әнге салар
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері
ҚАЙҚЫ ҚҰЙРЫҚ, ШҰБАР ҚЫЗ, ІСТІК МҰРЫН
Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын,
Кім білсін, қандай екен ішкі сырын.
Әдепсіз, молда алдында тасыраят,
Біле алмай отыруды әнтек қырын.
Бай қызы бұлғақтаған, ерке - шолжың
Күңге лайық кескін мен сыртқы формың
Бақта қатын деген бар, сор да қатын ,
Тосып жүрген сені де бар бір сорлың
Сабақты бірге оқып, болдық таныс,
Отырған орын жақын, көңіл алыс.
Жібек, торғын жапқанмен көрініп түр
Жүндеген түйедей боп, қара қайыс.
Паңсынған, бай қызы боп мінез қандай,
Көрік, сымбат, білімі түгел жандай.
Кейде ерке боламын деп әуреленет,
Қара талыс қапшығын есіне алмай.
Сені де дүние үшін біреу алар,
Кім болса да екінші, сорға қалар.
Есі дұрыс жан болса сенен гөрі,
Деп айтпас сеніменен бағым жанар .
Естісе, әкең азбан қырына алар,
Басыма арылмастай пәле салар.
Тамақтың құлы болған қызыл ауыз,
Аласысыз өшігер, иттей талар.
Естісе әркім мұны жаттап алар,
Алты бақан тепкенде әнге салар.
Өкшесінің көз құны бардай іздеп,
Кім жазғанын боз азбан тінтіп табар.
ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
10 сынып оқушысы Сағындықова Назерке
Абай және Шәкәрім – сазгерлік өнер мәселесі
КӨКШЕ ӨҢІРІ АҚЫНДАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Қазақ халқының салт - дәстүрлерін зерттеп, оны насихаттау
Батырлар жыры. Эпостағы дәуір және дәстүр мәселесі
Батыр-жырау Қожаберген туралы
Ұлттық педагогика тарихындағы А. Құнанбаевтың тәлім-тәрбие мұралары
Арқаның дәстүрлі ән мектебі
Жалпы орта мектепте сюжеттік көп тұлғалық картина композициясын оқыту жолдарын, әдіс-тәсілдерін талдап тұжырымдау
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҚ АЙНАЛАСЫНДА
Бастауыш сыныпта абай шыгармаларын оқыту
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері
Екінші деңгейлі банктеріндегі валюталық операциялар
Басқару процесiнiң мазмұны
Мемлекеттік бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны
Сақ тайпалары
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары.
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары және оның ерекшелiктерi
ТМД елдерiндегi ақша реформалары
АЛТЫНАЙҰЛЫ ҚАРАСАЙ
Валюталық нарықтың және валюталық операциялардың ерекшеліктері мен дамуы