Өздік есімдігін тауып, олардың қалай түрленіп тұрғанын анықта

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп, пән, сынып

Өңір:
Қызылорда облысы, Құттықожа ауылы
Мектеп:
№164 орта мектеп
Пән:
Қазақ тілі
Сынып:
7-сынып

Мұғалім

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Курбаназарова Дариха Налибаевна.

Сабақ тақырыбы

Өздік есімдігінің түрленуі

Сабақтың мақсаттары

Танымдық

Оқушылардың жаңа білімді өздігінен игеруін ұйымдастыру; әртүрлі жаттығулар арқылы есте сақтауын және логикалық ойлауын дамыту.

Эмоциялық

Өздік есімдігінің түрленуін түсіндіру; зейінін, ерік-жігерін табандылықпен басқаруға үйрету; тыңдау мен қабылдау дағдыларын жетілдіру.

Әлеуметтік

Қарым-қатынас мүмкіндіктерін кеңейту, өзара әрекеттестікті белсендіру және бірлескен жұмыста жауапкершілікті қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Топта жұмыс істеу арқылы оқушылар ізденеді, біледі, түсінеді; сөздік қорын дамыту нәтижесінде пәнге қызығушылығы артады.

Оқыту модульдері мен бағалау

Модульдер

  • АКТ — ақпараттық-коммуникативтік технология
  • СТО — сын тұрғысынан ойлау
  • ОЖЕ — оқушылардың жас ерекшеліктері
  • ТжДОЖ — талантты және дарынды оқушылармен жұмыс
  • ОБжК — оқытуды басқару және көшбасшылық
  • ОҮБжОБ — оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
  • ДО — диалогтық оқыту

Бағалау түрлері

  • ӨӨБ — өзін-өзі бағалау
  • ЖБ — жұптық бағалау
  • ТБ — топтық бағалау
  • Жиынтық — қорытынды бағалау

Қолданылатын ресурстар

Тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары.

Әдіс-тәсілдер

«Кім біледі?» Венн диаграммасы Хат жазу Жаңылтпаш арқылы топқа бөлу

Сабақ барысы (кезеңдер мен тапсырмалар)

Білу

5 минут

102-жаттығу

Берілген сұрау есімдіктерін қатыстырып сөйлем құраңдар және жазыңдар: кімнің, қайсымыз, нешеуі, кімдермен, нешеуден, кімсіздер, қандаймыз.

Мысал: Сен кімнің баласысың?

103-жаттығу

«Нешінші», «қайсысы» сұрау есімдіктерін жіктеп және тәуелдеп жазыңдар. Мағыналық және тұлғалық жағынан салыстырыңдар.

Жіктеу Нешінші Қайсысы
I жақ нешіншімін қайсысымын
II жақ нешіншісің қайсысысың
II жақ (сыпайы) нешіншісіз қайсысысыз
III жақ нешінші қайсысы

Түсіну

10 минут

Жаңа сабақты белсенді, саналы түрде меңгерту: өз есімдігі алдымен тәуелденіп, содан кейін септеледі.

Септік Өзім
Атау өзім
Ілік өзімнің
Барыс өзіме
Табыс өзімді
Жатыс өзімде
Шығыс өзімнен
Көмектес өзіммен

Қолдану

6 минут

Тапсырма: өлеңдерден өздік есімдігін табыңдар және оның қалай түрленіп тұрғанын түсіндіріңдер.

Талдау

10 минут

Өлең жолдарындағы көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар

Өзім – тәңірі, табынамын ...

Сөзім – құран, бағынамын ...!

Бұзушы да, түзуші де ...,

Енді, ескілік, келдің өлер ...!

Мағжан Жұмабаев

Керекті сөздер

сөзіме өзіме өзіммін кезіңе

Өздік есімдігінің түрленуін анықтаңдар

  • Өзім — түбірі өз, -ім (I жақ тәуелдік жалғауы).
  • Өзіме — түбірі өз, -ім (I жақ тәуелдік), (барыс септік).
  • Өзіммін — түбірі өз, -ім (I жақ тәуелдік), -мін (I жақ жіктік жалғауы).

Ойын элементі

«Ойын патшалығына қош келдіңіздер!» — «+» белгісін тиісті жеріне қояйық!

Жинақтау

7 минут

Тапсырма: көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді жазыңдар.

1) .................. үнсіз отыр.

2) Әсел ........................... оқушы?

3) ................. мектепте оқимын.

4) Сабақ ..................... аяқталады?

5) ...................... бақытты баламыз.