Ғажайып үштік
Топтамадағы ойын тақырыптары
- Ғажайып алаң (слайдпен)
- Информатика алғыры (слайдпен)
- Жұлдызды сәт
- Инфо-Bingo
«Ғажайып алаң» танымдық ойыны
Бұл ойын математика, физика және информатика пәндері бойынша оқушылардың білімін жүйелеп, логикалық ойлауын, сөйлеу мәдениетін және жылдам шешім қабылдау дағдысын дамытуға бағытталған.
Білімділік мақсаты
Математика, физика, информатикадан меңгерген білім деңгейін анықтау; ойлау қабілетін дамыту; сөйлеу мәдениетін жетілдіру; жан-жақты білімді болуға үйрету.
Дамытушылық мақсаты
Танымдық қызығушылықты арттыру; логикалық ойлау арқылы толық әрі дәлелді жауап беруге дағдыландыру; ойды дұрыс тұжырымдап, қорытынды жасай білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты
Еңбексүйгіштікке, уақытты тиімді пайдалануға, ұқыптылыққа, тазалыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар
Қош келдіңіздер!
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
Ойын — толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дейді дана халқымыз. Білім теңізінде жүзгенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші бола аламыз. Сондықтан бүгінгі «Ғажайып алаң» ойынына қош келдіңіздер!
Ойынды бастамас бұрын, қатысушылардың білімі мен шеберлігін әділ бағалайтын қазылар алқасының мүшелерімен таныстырамыз.
Ойынның шарты
- Ойынға 8-сынып оқушылары қатысады.
- Әр топтың ұраны мен эмблемасы болады.
- Топ басшысы өз тобының ұранын айтып, мүшелерін таныстырады.
Қатысушы топтар
- 8 «А» сынып
- «Тапқырлар» тобы
- 8 «Ә» сынып
- «Болашақ» тобы
- 8 «Б» сынып
- «Асылтас» тобы
- 8 «В» сынып
- «Алғырлар» тобы
Кезеңдер саны
«Ғажайып алаң» танымдық ойыны 5 кезеңнен тұрады:
- 1 Асу
- 2 Ғажайып үштік
- 3 Полиглот
- 4 Тапқырлық
- 5 Шапшаңдық
1-кезең: «Асу»
Бұл кезеңде оқушыларға математика, физика және информатика пәндерінен жалпы сұрақтар қойылады. Жауап беру үшін қатысушылар қолындағы қамшыны көтеріп белгі береді.
Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
Шапшаңдыққа үндеу
Білімнің ұшқырлығын таныт сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Бұл сайыста шапшаңдық керек екен.
Сұрақтар
-
1
Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы
Жауабы: ток
-
2
Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш
Жауабы: теңбүйірлі үшбұрыш
-
3
Компьютердің атасы кім?
Жауабы: Чарльз Бэббидж
-
4
Сұйықтың буға айналу құбылысы
Жауабы: кебу
-
5
Баспаға шығару құрылғысы қалай аталады?
Жауабы: принтер
-
6
Компьютердің негізгі құрылғыларын ата
Жауабы: жүйелік қорап, монитор, пернетақта
-
7
Бірлік ауданға түсірілетін күш
Жауабы: қысым
-
8
Компьютер жанында өсетін өсімдік
Жауабы: кактус
-
9
Графикалық ақпаратты оқуға арналған құрылғы
Жауабы: сканер
-
10
Өз сұйықтығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу
Жауабы: қаныққан бу