Мақта қыздың тапсырмасы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы

7 саны

Сабақтың түрі

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісіндегі сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Ойын

Көрнекілігі

Ертегі кейіпкерлері, шаблон суреттері

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

7 санымен таныстыра отырып, тура және кері санауға үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың ой-өрісін, математикалық тілін дамыту және пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге және әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық: балалар бір-біріне жылы сөз айтып, тілек білдіреді.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Кеше өткен сандарды еске түсіру. Бүгінгі сабақ ерекше өтеді: «Мақта қыз бен мысық» ертегісін еске алып, тапсырмалар арқылы 7 санымен танысамыз.

III. Жаңа сабақ: 7 санымен танысу

Сұрақ: 6 санының көршілері қандай?

Жауап: 5 және 7. Бүгін біз 6 санының оң жақ көршісі — 7 санымен танысамыз.

7 санын меңгеру үшін ертегі желісі бойынша 7 өткелден өтеміз. Мақсатымыз — мысыққа қатығын табуға көмектесу. Әр кейіпкер бізге тапсырма береді.

1-тапсырма: Сиырдың тапсырмасы

Өткел 1

Өткен сандарға байланысты санамақтарды айту.

Бір дегенім — бесік, Шықтық содан өсіп. Екі дегенім — елім, Далам, тауым, көлім. Үш дегенім — үміт, Үміт артқан жігіт. Төрт дегенім — төзім, Төзе білем өзім. Бес дегенім — бақыт, Бағалайтын уақыт. Алты дегенім — ақыл, Тыңдағаным мақұл.

Қосымша сұрақ: сиыр тағы не сұрайды? Жапырақ.

2-тапсырма: Теректің тапсырмасы

Өткел 2

6 санына дейін тура және кері санау.

Мысық шаршады — сергіту сәтін орындаймыз, содан кейін ол су іздеуге жолға шығады.

3-тапсырма: Қыздардың тапсырмасы

Өткел 3

7 саны туралы білімімізді толықтыру.

7 санытақ сан, әрі 6 санының оң жақ көршісі.

Қазақ ұғымында 3, 5, 7 — киелі сандардың қатарына жатады.

Мысал

Жеті ата, жеті күн, жеті шелпек, жеті ғалам.

Қосымша ұғымдар

Жеті қазына, «жеті жоқ», жұт туралы таным.

4-тапсырма: Дүкеншінің тапсырмасы

Өткел 4

Дәптермен жұмыс: 7 санын алдымен ауада жазып жаттығу, кейін дәптерге көркем етіп жазу.

5-тапсырма: Тауықтың тапсырмасы

Өткел 5

«Жасырын санды тап» ойыны: бос торкөздерге қалып қойған сандарды тауып жазу.

6-тапсырма: Тышқанның тапсырмасы

Өткел 6

7 санының құрамын анықтау үшін жұмбақ шешу.

Маратта бар бес іні, Мұратта бар екі іні. Қосса бесті екіні, Неше болды шешуі?

Жауабы: 7.

Мысық дәнін алып, келген жолымен кері қайтады және кері санайды: 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0.

7-тапсырма: Мақта қыздың тапсырмасы

Өткел 7

Санамақты жаттау.

Жеті дегенім — жалау, Жүректегі алау.

Тәрбиелік түйін

Мақта қыз мысыққа: «Біреудің еңбегіне қол сұқпа, үлкендердің тілін ал, әдепті болып жүр», — деп ақыл айтады.

Ендеше, біз қандай болуымыз керек? Әдепті, адал, алған затымызды уақытында қайтаратын оқушы болуымыз керек.

Қорытынды

Бүгін 7 санымен танысып, тура және кері санауды қайталадық, тапсырмалар орындап, ертегі кейіпкерлері арқылы білімімізді бекіттік.

Сау болыңдар!