Сабақтың әдіс - тәсілдері

Сыныбы

7-сынып

Сабақтың тақырыбы

Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы және Ноғай Ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы.

Негізгі бағыт

Қазақстан аумағында өмір сүрген мемлекеттердің әлеуметтік құрылымы, жерге меншік қатынастары, салықтар мен міндеткерліктері, сондай-ақ басқару жүйесі туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қазақстан жерінде өмір сүрген мемлекеттердің әлеуметтік құрылымы, жерге меншік қатынастары, салықтар мен міндеткерліктер, сондай-ақ мемлекеттік-әкімшілік құрылыс туралы жүйелі түсінік беру.

Тәрбиелік

Оқушыларды өз елінің тарихын білуге және құрметтеуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық

Тарихи оқиғалар жөнінде өз көзқарасын қалыптастыруға, ой қорытуға дағдыландыру. Түрлі тірек-сызбалар мен танымдық тапсырмалар арқылы тарихи танымды кеңейтіп, өткен мен қазіргі оқиғаларды салыстыра білуге үйрету.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

  • Уақыт сызбасы және тірек-сызбалар арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.
  • Мағынаны ажырату, салыстыру, пікірталас.
  • Танымдық ойындар.

Көрнекілігі

  • Қазақстан картасы.
  • Тірек-сызбалар.
  • Кестелер.

Пән аралық байланыс

  • Ежелгі дүние тарихы.
  • Қазіргі қазақ тарихы.
  • География.

Сабақтың барысы

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі

    Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, назарды сабақ тақырыбына шоғырландыру.

  2. 2

    Үй тапсырмасын тексеру

    Үй тапсырмасы төмендегі кесте негізінде сұралады:

    • Әрбір мемлекет бойынша бір оқушыдан шығарып, кестені толтырту.
    • Жауаптарды ауызша талдау және толықтыру.