Қасымның ауылы
Сабақтың тақырыбы
Әдебиеттік оқу пәні бойынша сабақ: Максим Зверевтің «Суықторғай» әңгімесі.
Сабақтың типі
Жаңа білім.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Эссе
- Ассоциация
- Топтастыру
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Оқушыларға Максим Зверевтің «Суықторғай» әңгімесін түсініп оқыту арқылы құстардың қыстағы тіршілігімен таныстыру.
Дамытушылық
Әңгіменің түйінді ойын ашып, талдауға үйрету; өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге баулу; байланыстырып сөйлеуін және шығармашылық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік
Мәтінді оқи отырып табиғатты сүюге, аң-құсқа қамқорлық жасап, күтіп-бағуға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері
- Көркем сөздерді меңгерту.
- Жаңа сөздер арқылы ой-өрісін дамыту, тіл байлығын және сөздік қорын толықтыру.
- Танымдық қабілеттерін дамыту.
- Шығармашылық қиялын жүйелеуге үйрету.
- Өз ойын тұжырымдап, дәлелдеп, қорытынды жасай білуге жетелеу.
- Сараптай білу дағдысын қалыптастыру.
Қажетті құралдар мен көрнекіліктер
Көрнекілік
- Автордың суреті
- Құстардың суреттері
- Қыс көрінісі (сурет/плакат)
Оқу материалдары
Оқулық, дәптер, слайд материалдары.
Күтілетін нәтиже
- Өздігінен жұмыс істей алады.
- Алған білімін тиімді қолданады.
- Автор туралы мәліметті біледі.
- Өз ойын еркін жеткізеді.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
Психологиялық дайындық:
Өсіріп ой-сананы,
Үйренеміз жаңаны.
Бүгін бізде кезектегі,
Ана тілі сабағы.
Құстардың суреттерін таңдау арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді:
-
I топ
Қырандар
-
II топ
Сұңқар
-
III топ
Лашын
Үй тапсырмасын тексеру (10 минут)
Ж. Жұмахановтың «Ақ боран» шығармасы бойынша оқушылар бөлімдерге сәйкес салып келген суреттерін әңгімелеп береді:
- I бөлім: Қасымның ауылы.
- II бөлім: Қасымның ақ боранмен арпалысуы.
- III бөлім: Қасымның атының белгі беруі.
«Серпілмелі сауалдар» ойыны
- Әңгіменің басында қыстың қатал мінезі қалай суреттелген?
- Қасымның боранда адасып қалмауына не көмектесті?
- Жерге құлағын тосқанда Қасым нені естіді?
- Қасымның аты қандай белгі берді?
- Автор боранды қалай атайды? Неліктен деп ойлайсың?
- Қасымның жол үстіндегі ішкі ойын айтып бер.
- Әңгімеден Қасымның қандай бала екенін аңғаруға бола ма?
- Кейіптеу деген не?
- Қасымның орнында сен болсаң не істер едің?
Автормен танысу
Бүгін қазақстандық жазушы М. Зверевтің «Суықторғай» әңгімесімен танысамыз. (Дәптерге күнін және тақырыпты жазу.)
Максим Дмитриевич Зверев (1896–1996)
Барнаул қаласында туған. Негізгі тақырыбы — табиғаттың құпиялары мен көріністері. Бүкіл саналы ғұмырын Қазақстанда өткізген. «Ақ марал», «Індер мен ұяларда», «Таулы шыңның қожасы», «Жаңа қоныста» сияқты әңгіме-повестері арқылы қазақ оқырмандарына кеңінен танылған.
Жаңа тақырыпқа кіріспе: «Суықторғай» және құстар әлемі
Суықторғай — құс. Құстар — табиғаттың көркі мен сәні, бақшаның әні.
Талқылау сұрақтары
- Құстардың қандай түрлерін білесіңдер?
- Қазақстанда құстардың шамамен 480 түрі бар екен.
- Құстардың пайдасы қандай?
Негізгі ой
- Құстар ағаштағы және жердегі зиянкестерді жейді.
- Табиғатты көріктендіріп, әуенімен адамның көңіл күйіне әсер етеді.
- Құстардың бір бөлігі жылы жаққа ұшады, ал бір бөлігі қыстап қалады.
- Суықторғай — қыстап қалатын құстардың қатарына жатады.
Қыстап қалатын құстарға көмектесуіміз керек. Ол үшін не істеуге болады? (Оқушылар пікірі тыңдалады.)
Оқулықпен жұмыс
Ой қозғау
Максим Зверев: «Саусағымды бір нәрсе шым еткізіп тістеп алғандай болды», — дейді. Ол не нәрсе? Жауабын әңгімеден табайық.
- Мәтінді түсініп, іштей оқу.
- Тізбектей оқу.
- Таныс емес сөздердің астын сызу.
Сөздік жұмыс
- Бедері
- Ізі, белгісі.
Сергіту сәті
Қыс қандай тамаша!
Ақ ұлпа қар жауды.
Ағаштар, бұталар
Ақ қарға оранды.
Қосымша материалдар
Жүктеу материалдары
- «Максим Зверев. Суықторғай» (мәтін)
- «Максим Зверев. Суықторғай» (слайд)