Сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек жаз
Мұғалім
Чалбасова Жанар Мырзатайқызы
Сабақтың тақырыбы
Сан есім (515–520-жаттығулар)
Пәнаралық байланыс
Математика, ана тілі, дүниетану
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың сан есім туралы түсінігін кеңейту; теориялық білімін мысалдар арқылы тереңдету. Сөйлем ішінен сан есімді таба білуге үйрету.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін және сөздік қорын дамыту. Сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіру; мәнерлеп сөйлеуге, көркем жазуға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Ұжымда өзін дұрыс ұстауға, ізгілікке тәрбиелеу. Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер және ресурстар
Әдіс-тәсілдер
- СТО технологиясының әдістері
- Түсіндіру, сұрақ-жауап
- Көрнекілік арқылы түсіндіру
- Ойын әдісі
Көрнекілік
- Суреттер
- Интерактивті тақта
- Кестелер
Күтілетін нәтиже
Оқушылар сан есімнің түрлерін меңгереді; сөйлем ішінен сан есімді таба алады; екі таңбалы сандардың дұрыс жазылуын түсінеді.
Сабақ жоспары
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгелдеу, психологиялық дайындық.
-
II. Үй тапсырмасын тексеру
514-жаттығу бойынша жұмыс.
-
III. Жаңа сабақ
Тақырып пен мақсатты түсіндіру.
-
IV. Бекіту
Жаттығулар, ойын, талдау.
-
V. Қорытынды
Нәтижені жинақтау.
-
VI–VII. Үй тапсырмасы және бағалау
Тапсырма беру, оқушыларды бағалау.
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Мақсатымыз — білім алу,
Міндетіміз — еңбектену,
«5»-ке қол жеткізу.
Үй тапсырмасын тексеру
514-жаттығу
Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жазу:
Берілгендер
6бақан, дер5, 9құмалақ, с10а, 4бақ
Нұсқау
Сан есімдерді сөзбен жазыңдар.
«Жау-жаңбыр» ойыны
Қазір қай мезгіл? Көктемде жаңбырдың мол болуы — жаздағы бау-бақшаның, егіннің бітік өсуіне себеп. Тапсырманы дұрыс орындасақ, жер-анаға тамшылар молынан тамады.
Ой қозғау
«1» санының орнына бір сөзін қойып оқимыз:
Же1 екен 1қазан:
Кей1 жемді 1қазан 1-ақ сәтте қойды жеп.
Кү1 етті, «Тойдым», — деп.
Естіп 1кез дү1ді,
Жағадағы тү1ді паналауға жүгірді.
Тапсырма: «1» тұрған жердің бәрін «бір» деп оқып, мәтінді мәнерлеп айтыңдар.
Жаңа сабақ
Негізгі бағыттар
- Сөйлем ішінен сан есімді таба білу.
- Екі таңбалы сандардың дұрыс жазылуы.
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу: жазу тазалығына, әріптердің байланысуына және жоларалық сақтауға назар аудару.
515-жаттығу
Тапсырма
Неше? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, нешінші? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек жазыңдар.