Сөзіңнен қайтпағын
Өзін-өзі тану сабағы • Мектепке даярлық тобы
«Достармен бірге» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Бұл сабақ балалар арасында жағымды қарым-қатынас орнатуға, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен достық қарым-қатынас құруға бағытталған.
Білім беру саласы
Таным және әлеуметтік орта
Бөлімі
Өзін-өзі тану
Мақсаты
Оқушылар арасында ізгі қарым-қатынас қалыптастыру; бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен достықта болуға үйрету.
Міндеттері
- Адамдар арасындағы қарым-қатынаста достық
- Оқушылар бойында достық сезімдерінің дамуына ықпал ету.
- Сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа және адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Сәлемдесу
Оқушылармен жылы амандасып, сабаққа жағымды көңіл күй қалыптастыру.
II. «Шаттық шеңбері»
Қане, қане тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Оң жақтағы көршіге, Сол жақтағы көршіге, Күлімсірей қарайық. Қолды көкке созайық, Бәрінен де озайық! Құшақтасып әр кезде, Тату-тәтті тұрайық!
Балалар шаттық шеңберіне жиналып, бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Осылайша бүгінгі күннің де, сабақтың да тамаша өтуіне жақсы ниет қалыптастырамыз.
Достық туралы дәйек сөз
Балдырған балалар, Достықты бағалар. Есіңе сақтағын: Адал дос бол! Шыншыл бол! Өтірік айтпа! Сөзіңнен қайтпа!
Сұрақтар
- 1Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
- 2Шын досты қалай білуге болады?
- 3Өзіңнің досың туралы не айта аласың?
- 4Дос болу үшін адам қандай болуы керек?
III. Мәтінмен жұмыс: «Екі дос» ертегісі
Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, ал екіншісі ағашқа өрмелеп, жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып қояды. Не істерін білмей тұрғанда: «Өлген адам сияқты етбетімнен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін», — деп жерге жата қалады.
Аю келіп оны иіскелей бастайды. Жігіт демін ішіне тартып, қимылдамай жата береді. Аю кетіп қалады. Содан кейін ағашқа өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, күліп: «Айтшы, аю құлағыңа не деп сыбырлады?» — дейді.
Сонда досы: «Досына қауіп-қатер төнгенде қашып кеткен адамдардан сақ болу керек екенін айтты», — дейді.
Талқылау сұрақтары
- Екі дос қайда келе жатты?
- Кенеттен қандай жағдай болды?
- Екі достың іс-әрекеті қандай болды?
- Аю кеткен соң ағашқа өрмелеп кеткен жігіт досына қандай сұрақ қойды?
- Неліктен досы «қауіп төнгенде қашып кеткен адамдардан сақ болу керек» деді? Бұл ойды қалай түсіндіңдер?
- Осы кейіпкерлердің орнында болсаңдар, сендер не істер едіңдер?
- Ағашқа өрмелеп кеткен достың қылығы дұрыс па? Неге?
IV. Тақтамен жұмыс: «Достық қадамдары»
Тақтадағы өсиеттерді оқып, мағынасын талқылаймыз. Бұл өсиеттерді есте сақтау әркімге қажет. Сонымен қатар «жүрек ішіндегі сөз» ұғымын түсіндіреміз: біреу сені ренжітсе, ол жағымды емес. Сондықтан өзің қандай сый-құрметті жақсы көрсең, өзгеге де сондай ізгілік көрсетуге үйрен.
1
Шын дос үшін қалайда, тік қатерге басыңды. Айыра біл, алайда, досыңменен қасыңды.
2
Аққуды атпа, досыңды сатпа.
3
Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.
4
Досың мың болса да — аз, дұшпаның біреу болса да — көп.
5
Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
6
Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.
7
Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.
V. Сергіту сәті
Балалар орындарына емін-еркін отырып, көздерін жұмып, өз достарына арнап жақсы тілектер ойлайды. Бірнеше секундтан соң көздерін ашып, сезімдерімен бөліседі.
VI. «Жүректен — жүрекке» тілек айту
Тақырыпқа сай дәйек сөздерді «дәптерге» емес, кішкентай әдемі жүректердің ішіне жазу ұсынылады. Бұл сөздер — достықтың ішкі мәдениеті мен адамгершілік бағдарын білдіреді.
VII. Қорытынды
Балалар қайтадан шаттық шеңберіне жиналып, қасындағы адамға жүрекжарды жылы лебізін білдіреді. Жүрекке жазылған жақсы сөздер оқылып, бір-біріне ізгі тілек ретінде ұсынылады.
VIII. Мадақтау
Оқушылардың белсенділігі атап өтіліп, ризашылық білдіріледі.
Рахмет, балалар! Сау болыңдар!