Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін анықтау
Оқу үдерісінде адам қабілетінің әртүрлі болатынын күн сайын байқап жүрміз. Кейбір оқушының ойлау жүйесі мен зерделеу деңгейі өз құрдастарынан жоғарырақ екені — шындық. Сондықтан ойлау мен зерделеу деңгейін анықтайтын диагностиканы кез келген сабақта жүргізуге болады, әрі оның оқытудағы маңызы өте зор.
Негізгі әдіс (үлгі)
Оқушыға 10 сөз 30 секунд ішінде оқылып беріледі. Содан кейін бала есінде қалған сөздерді жазып шығады. Есте сақтаудың ерікті және еріксіз түрлері бар. Бұл тәсілді орта буын мен жоғары сыныптарда да, кез келген пәнмен байланыстыра қолдануға болады.
Пәнаралық байланыстыру мүмкіндігі
Әдісті қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі сабақтарында тақырыппен ұштастырып, сөз таптарына қарай сөздерді іріктеу арқылы дамытуға болады: мысалы, зат есімнен 10 сөз, сын есімнен 10 сөз, етістіктен 10 сөз және т.б.
Сөздер мысалы
бақша, қияр, қауын, қарбыз, еңбек, шыдамдылық, нәтиже, өнім және т.б.
Қиялды іске қосу (мағыналық байланыс)
Мысалы, сөздерді бір оқиғаға біріктіріңіз: «Бақшада қияр, қауын, қарбыз өсіреміз. Бұл үлкен еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді. Осы қасиеттер бойыңда болса, жақсы нәтижеге жетіп, мол өнім аласың.»
Мұндай тәсілді математика сабағында да қолдануға болады (мысалы, сандарды есте сақтау, үлгілерді табу, заңдылықты аңғару).
2-сыныпқа арналған тапсырмалар үлгілері
Тәжірибеде 2-сынып оқушыларымен есте сақтау және жалпы танымдық қабілеттерді дамыту мақсатында қолданылған тапсырмалар төмендегідей. Әріптестерге қолдануға ұсынамын.
Мақсаты
Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.
1) Есту арқылы есте сақтау
10 сөзМұғалім 10 сөзді оқып береді. Оқушылар есінде қалған сөздерді жазады.
- 1) парта
- 2) кітап
- 3) көбелек
- 4) машина
- 5) сағат
- 6) шелек
- 7) маса
- 8) сабын
- 9) жылан
- 10) теледидар
2) Көріп есте сақтау
слайд + жабуОқушыларға слайдтағы 10 сөз дауыстап оқылады. Оқып болған соң жазу жабылады. Оқушылар көрген және есте сақтаған сөздерін жазады.
- 1) алма
- 2) инелік
- 3) табиғат
- 4) торғай
- 5) күн
- 6) машина
- 7) жолбарыс
- 8) парта
- 9) шелек
- 10) орамал
3) Бейнелеп есте сақтау
10 сурет • 30 секундСлайдтан 10 сурет көрсетіледі. 30 секундтан соң сурет жабылады. Оқушылар көргендерін жазып шығады.
- 1) жылқы
- 2) балалар
- 3) ешкі
- 4) телефон
- 5) бағдаршам
- 6) арыстан
- 7) қайшы
- 8) құлақшын
- 9) кеме
- 10) сурет
4) Сандарды есте сақтау
30 секундСлайд көрсетіледі. 30 секундтан соң оқушылар есте сақтаған сандарын жазады.
- 50
- 2
- 8
- 40
- 82
- 7
- 64
- 33
- 19
- 26
5) Зейін деңгейін анықтау
10 → 16 суретАлдымен слайдтан 10 сурет көрсетіледі. Кейін 16 сурет ұсынылады. Оқушылар екінші слайдтан бірінші слайдта көрген суреттерді табуы керек.
Қорытынды және бағалау
Әр тапсырма бойынша оқушының дұрыс еске түсірген сөздерін (немесе дұрыс тапқан бірліктерін) 100-ге көбейтіп, барлық берілген бірліктер санына (әдетте 10-ға) бөлеміз.