Екі өлеңдегі қылықтарды салыстыра әңгімелеу
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- «Жақсы мен жаман» (20-сабақ)
- Пәні
- Әдебиеттік оқу
- Түрі
- Аралас сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, сөздік жұмысы
- Пәнаралық байланыс
- Дүниетану, қазақ тілі
- Көрнекіліктер
- Мақал-мәтелдер, өлең мәтіндері
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Қ. Баянбайдың өмір жолымен таныстыру, өлеңдегі негізгі ойды анықтау.
Тәрбиелік
Оқыған және жаттаған өлең, жұмбақ, жаңылтпаштарды есте сақтауға, қажет жағдайда орынды қолдануға тәрбиелеу.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын кеңейту.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Өткен сабақты қайталау
- Мәтін мазмұнын жоспар бойынша әңгімелеу.
- «Сен үшін ұялдым» тақырыбына жазылған эсселерді оқу.
- Тілазарлыққа байланысты мақал-мәтелдер айту.
Сергіту сәті: «Алыс – жақын» (есту зейінін дамыту)
- Мұғалім әртүрлі дыбыстарды айтады.
- Оқушылар дыбыстың кімге немесе неге тиесілі екенін анықтайды.
- Дыбыстың жақыннан ба, әлде алыстан ба естілгенін айтады.
III. Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
- Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу; мазмұнын ашу.
- Өлеңдегі жақсы және жаман қасиеттерді салыстырып айту.
- Жақсы және жаман қасиеттер туралы бұрын оқыған шығармаларды еске түсіру.
- А. Құнанбаевтың «Адам болам десеңіз» өлеңін жатқа оқу.
- Екі өлеңдегі қылықтарды салыстыра отырып әңгімелеу.
- Мақалдың мазмұнын түсіндіру.
Жаман атқа жал бітсе,
Жанына торсық байлатпас.
Жаман адамға мал бітсе,
Жанына қоңсы қондырмас.
IV. Сабақты бекіту
Сұрақ
Жаман әдеттерден қалай арылуға болады?
Сұрақ
Жақсы және жаман қасиеттерді санамалап айтып бер.
Сергіту сәті: дидактикалық ойын «Кім зейінді?»
Есте сақтауды дамыту: жұмбақты зейін қойып тыңдап, жауабын табу.
V. Үй тапсырмасы
- Өлеңді түсініп оқу.
- Жақсы және жаман қылықтарды өзіңше жалғастырып жазу.
VI. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, мәтінді түсінуі, жауаптарының мазмұндылығы және тапсырмаларды орындауы бойынша бағалау.