Сөз жұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын шығарып алу

Сабақтың тақырыбы

Қысқы табиғат

Түрі

Дәстүрлі сабақ

Типі

Аралас сабақ

Әдістері

Сұрақ-жауап, түсіндіру, билингвизм, «Кубизм» стратегиясы

Пәнаралық байланыс

Еңбек, музыка, ағылшын тілі, орыс тілі

Көрнекілік

  • Интерактивті тақта
  • Суреттер
  • Слайдтар
  • Кеспе қағаздар

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Қыс мезгілі туралы білімдерін жүйелеу және осы тақырыпқа байланысты сөздерді меңгерту.

2) Дамытушылық

Оқушылардың логикалық ойлауын, тіл байлығын, сөздік қорын және ойлау қабілеттерін дамыту.

3) Тәрбиелік

Қоршаған ортаны қорғауға, жан-жануарлар мен құстарды аялауға, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

«Билингвизм» әдісі бойынша үш тілде амандасу:

  • Сәлеметсіз бе!
  • Здравствуйте!
  • Good morning!

II. Үй тапсырмасын сұрау

«Құстар» мәтінінің мазмұнын айту.

Қорытынды:

  • Құстар екі топқа бөлінеді: үй құстары және дала құстары.
  • Құстардың екі аяғы, екі қанаты болады; денесін мамық жабады.

III. Актуалдау

«Ойлайық та шешейік!» тапсырмасы: сөзжұмбақ және жұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау.

Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Балалар далада ойнайды.
Кейде ұлып,
Кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?

Жауабы:

Әрине, бұл — қыс мезгілі. Бүгінгі сабақтың тақырыбы қысқы табиғат туралы.

IV. Жаңа сабақ

  • Қыстың ерекшеліктері: қар жауады, ауа райы суытады, адамдар жылы киінеді.
  • Слайд бойынша әңгімелеу.
  • «Қысқы қызықтар» тақырыбын талқылау.
  • Қысқы Олимпиада ойындары туралы қысқаша мәлімет беру.

V. Оқулықпен жұмыс

Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді мұғалімнің оқып беруі.
  • Мәтінді жекелеген оқушыларға оқыту.

«Кубизм» стратегиясы (қар тақырыбы)

1) Суретте

Қардың түсі, көлемі, пішіні қандай? Ақ, үлпілдек, суық (т.б.).

2) Салыстыр

Қар неге ұқсайды, айырмашылығы қандай? Мақтаға ұқсайды. Айырмашылығы: қар — табиғат құбылысы, ал мақта — зат.

3) Байланыстыр

Ойыңа не келеді? Ұқсас заттарды ата. Мысалы: үлпілдек құмшекер, құстың мамығы.

4) Сарала

Қар қалай пайда болады? Судан және су буынан түзіледі.

5) Қолдан

Қарды ерітіп, суға айналдырып пайдалануға болады.

VI. «Сен білесің бе?» айдары

Видеодан қардың қалай пайда болатыны көрсетіледі.

VII. Шығармашылық жұмыс

Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

VIII. Сергіту сәті

Видеодан қысқы көріністі тамашалау.

IX. Дәптермен жұмыс

Қар қиыршығының суретін салу.

X. Қорытындылау

  • «Қар лақтыру» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беру.
  • Қыс мезгілі туралы өлеңдерді жатқа айту.

XI. Үйге тапсырма

«Қысқы табиғат» мәтінін оқып, мазмұнын түсініп айту.

XII. Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау және бағалау.